Жапон мамандары Фукусима атом электр станциясының уран отыны құйылған ыдыстарын алуға кірісті. Операцияға асқан ептілік керек. Жұмыс ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Жапонияның цунами кесірінен қираған Фукусима атом электр станциясына (АЭС) тағы да әлем назар аударып отыр. Зауыт операторлары апатқа ұшыраған АЭС орнын тазалаудағы ең бір жауапты жұмысқа кірісті.
ҚИЫН ӘРІ ҚАУІПТІ МІНДЕТ
Инженерлер 2011 жылдың наурызында болған апаттан кейін қираған реактор ғимаратының 1 мың 500-ден астам уран ыдысының алғашқы 22-сін алып шығуға кірісті. Операция - өте күрделі, бірақ қажетті шара.
Энергетикалық саясат және ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық тәуелсіз кеңесші Микль Шнейдер Азаттыққа «400 тонналық өңделген уран отынын 4-блоктан алу жұмыстары басталғанын» айтты.
- Бұл бассейндегі радиоактивтердің жалпы көлемі басқа үш бассейндегімен тең. Мұндағы цезий мөлшері Чернобыль атом электр станциясы жарылған кездегіден 10 есе көп. Тағы да бір жер сілкінісі немесе басқа апат болса, бассейндегі су тартылып, оны қайта толтыру мүмкін болмай қалады. Өңделген отын қызып, өртенуі мүмкін. Ол отын радиоактивті заттардың бәрін ауаға таратады, - дейді ол.
1, 2, 3-блоктардағы ядролық қондырғыларға жер сілкінісі мен цунами кесірінен зақым келді. 4-реактор ол кезде іске қосылмаған, бірақ көрші реактордан сутегі түсіп кетіп, ғимарат жарылды. Бір айға созылған жөндеу жұмыстарынан кейін ғана мұндағы ядролық отынның ыдысы ауыстырылды.
Жұмысшылар қираған ғимараттың қабырғасын бекітіп, оны құрыш шатырмен жауып тастады, жаңа құрылыстың үстіңгі қабатына үлкен кран орнатылды.
АҚШ ядролық реттеу комиссиясының бұрынғы төрағасы және Токио электр қуаты компаниясының (ТЕРСО) ядролық реформалар комитеті жетекшісі Дэйл Клейннің айтуынша, «станцияны ядролық отыннан тазарту - Фукусима үшін аса маңызды шара».
- 4-бассейндегі отынды құйып алудың ерекше тәсілін шығарған инженерлер тапқырлық танытты. Ең қиын жұмыстар 4-блокта болады деп ойлаймын. Бұл - мамандардан іскерлік пен адалдықты, шығармашылық дарын талап ететін қиын жұмыс, - дейді ол.
Инженерлер ойлап тапқан құрылғы бассейнге түсіріліп, уран отынының қалдықтарын сорып алады. Төрт жарым метрлік құбырдың ішіне ұсақ түтіктер орнатылған. Құрылғы отынды сол түтіктермен жинайды. Ал қашықтан басқарылатын кран ғимараттың сыртында тұрып бассейннен 90 тонналық ыдыстарды көтереді де, оларды тіркемеге жүктейді. Отын толы ыдыстар жақын маңдағы сақтау орындарына жеткізіледі.
«30 ЖЫЛҒА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН»
Фукусима АЭС-інің Daiichi зауыты басшысы Акира Оно қарашаның 7-сі күні журналистерге сұхбат беріп, «операция сәтімен іске асады» деп үміттенетінін айтты.
- Басқа нысандардан ядролық құрылғыларды алып шыққан тәжірибелерді біз де қолданамыз. Яғни бұрын пайдаланылған әдісті байқап көрмекпіз, - дейді ол.
Бірақ сарапшылар "Фукусима АЭС-інің уран отыны құйылған ыдыстарын шығару ісі өте қауіпті екенін" ескертеді. Жапониядағы Киото-Сейко университетінің профессоры Комэй Хосокава «Жоғары мөлшердегі радиацияның қаупі зор» дейді.
- Адамдар үнемі бұл отынның қасында жүре алмайды, күтпеген жерден бір қателік болуы мүмкін, - дейді ол.
Бассейнді суасты шаңсорғышын пайдаланып тазартты. Бірақ түбінде ұсақ қалдықтар қалып қоюы да ықтимал. Кейбір блоктар зақымдалуы мүмкін деген қауіп бар. Қарашаның 13-і күні «отын құйылған блоктардың үшеуіне 2011 жылғы апатқа дейін-ақ зақым келген, сондықтан оларды түтікпен сору арқылы тазалау мүмкін емес» деген пікір айтылды.
ТЕРСО өкілдері «зақымданған отын блоктарын пайдаланылған отынды сақтайтын орындарға сол қалпы, блок күйінде жеткізетін шығармыз» дейді.
Бірақ Хосокава мен Шнейдердің айтуынша, операция кезіндегі ең қауіпті кезең - ыдыс бассейннің қабырғасына соғылып, құлауы мүмкін, ондай жағдайда ондағы су ағып кетеді. Энергетикалық саясат және ядролық қауіпсіздік бойынша халықаралық тәуелсіз кеңесші Микль Шнейдер:
- Бұл - апат аймағы. Кез келген күні апат болуы мүмкін. Ендігі мақсат - жағдайды одан әрі ушықтырмай ұстап тұру, - дейді.
ТЕРСО «жұмысты 2014 жылдың соңына дейін аяқтармыз» деп үміттенеді. Бірақ сарапшылар «кез келген сәтсіз әрекеттің жұмысқа кедергі болатынын» айтады. Сондықтан, бұл жұмыс 30 жылға дейін созылуы мүмкін.
- Соңғы екі жарым жылдың ішінде жалғыз ТЕРСО-ның (Токио электр қуаты компаниясы - ред.) қауіпті жағдайды тұрақтандыруға шамасы жетіңкіремейтінін байқадық. Жағдай ушығып кетуі мүмкін. Олар блоктардағы жағдайды тұрақтандыратын тәсілдер ойлап табуға қабілетсіз екендерін көрсетті, - дейді Микль Шнейдер.
Ол «Фукусимадағы жағдайды қауіпсіз ету үшін халықаралық мамандар - реактивті физика, ластанған суды және ядролық қалдықтарды тазарту салаларының үздік мамандары бас қосып, тиімді шешім ұсынғандары дұрыс» дейді.
Антуан Блуаның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.