Дмитрий Медведев Алматыға келді

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтардың 31-і күні Алматыға Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев ұшып келді. Оны әуежайдан Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі Бауыржан Байбек қарсы алды. Жұма күні мұнда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Оған Еуразия экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің үкімет басшылары қатысады. Жиында трансшекаралық нарықтағы бәсеке ережелері, ауыр шаруашылығы саласындағы әріптестік және өзге де мәселелер талқынады деп жоспарланған.