Алматыдағы митингті ұйымдастырған белсенді Әлнұр Ильяшев. Ол бұған дейін әкімдікке митинг өткізуге 35-рет өтініш жазып, рұқсат ала алмаған еді. Тек жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде бейбіт жиын өткізуге рұқсат берілетінін айтқаннан кейін оның акция өткізу туралы өтінішін Алматы әкімдігі қанағаттандырды.
Митинг қаладағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында өтті. Бұл қаладағы митинг өткізуге арналған ресми түрде бекітілген орын.
Алматыда таңертеңгі сағат 10-да басталған шараға алғашында ондаған адам жиналды. Түске таман оған қатысқан адамдардың саны 800-900-ге барып жығылды. Бұл - соңғы жылдары алғаш рет биліктің рұқсатымен өтіп жатқан митинг.
Түрлі жазуы бар плакат ұстаған азаматтар қоғамдық-саяси мәселелермен бірге әлеуметтік проблемаларды да қозғады.
Қазақстан қол қойған халықаралық құжатқа сәйкес, елде бейбіт митинг өткізу үшін билікке тек митингі жайлы ескерту ғана жеткілікті деп еске салды белсенділердің бірі.
Шара кезінде қатысушыларға таратылған ескертпе қағаз.
Митингіге қатысушылар.
Полиция шараны тікелей бақыламаса да, кинотеатр маңында полиция көліктері тұрғанына Азаттық тілшілері куә болды.
Митингіге екі сағат уақыт берілген. Сондықтан қатысушылар бір-біріне ойын қысқа да нұсқа жеткізуді, бір-бірін қайталамауға шақырды.
Митингіге қатысушылар.
Митингіде ақпарат құрал өкілдері де болды. Азаттық әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде хабар таратты.
Жиналғандар алдында сөйлеп тұрған журналист Гүлжан Ерғалиева.
Митингіде ондаған адам сөйледі. Микрофон өшіп қалған кездер де болды.
Жиналғандар алдында сөйлеп тұрған қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы.
Жиналған жұрт алдында сөйлеп тұрған азаматтар.
Митингіге қатысушылар.
"Үнсіздік ендігәрі сені қорғай алмайды" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған азамат.
Митингіге жиналғандар. Алматы, 30 маусым 2019 жыл.
"Рұқсатсыз бейбіт митингі үшін" деген жазуы бар плкат ұстап тұрған белсенді Серікжан Мәмбеталин. Алматы, 30 маусым 2019 жыл.
Митингіде сөйлеп тұрған белсенді Әсия Төлесова. Ол сәуір айындағы марафон кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар баннер ілгені үшін бірнеше белсендімен бірге әкімшілік жазаға тартылған. Алматы, 30 маусым 2019 жыл.
Дәл осы күні Нұр-Сұлтанда да билік рұқсат еткен митинг өтті. Бірақ ол Алматыдағы шарадан бір сағат кеш басталды. Оны билікшіл белсенділер ұйымдастырды. Нұр-Сұлтан, 30 маусым 2019 жыл.
Оқиғадан тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қаладағы "Жерұйық" саябағында өткен шараға шамамен жүз шақты адам қатысқан.
Митингте түрлі мәселелер оның ішінде Арыс оқиғасы, мемлекеттік тіл ахуалы, елдегі партиялардың жағдайы, елдегі заңбұзушылықтар айтылған. Шараны ұйымдастырушылар сөйлеген азаматтардың дәл уақытында сөзін аяқтауын қадағалап отырды. Нұр-Сұлтан, 30 маусым 2019 жыл.