Шекарада кезек азайды
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі 6 қараша күні түске дейін Қазақстанмен шекарадағы Шу облысының "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекетінде 30 жүк көлігі тұрғанын, ал "Чалдыбар" бекетінде кезек болмағанын хабарлады. Министрлік сонымен қатар жергілікті уақыт бойынша сағат 11:3-да "Ақ-Жол" бекетінде бес жеңіл көлік пен бір автобус қалғанын айтады. Талас облысындағы "Чон-Капка" бекетінде 76 жүк көлігі мен бірнеше жеңіл көлік кезекте тұр. Азаттықтың Қырғыз редакциясының тілшілері "Ақ-Тілек" бекетінен қазақстандық шекарашылардың күн сайын 100-ге дейін жүк көлігін өткізіп жатқанын хабарлады.
Қазақстан 10 қазаннан бастап шекарада тексеруді күшейтіп, одан өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған.