Аптаның үздік жеті хикаясы

Азаттық сіз оқитын жалғыз басылым емес екенін және жарияланған журналистік жұмыстардың бәрін қамту мүмкін бола бермейтінін білеміз. Тілшілеріміз осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

"Тергеуден тірі қайтпады". Азаматтардың тергеу кезінде "өзіне қол салуына" не себеп?

Тергеуге алынған алматылық Ерлан Қоныспаевтың қазасына екі ай толды. Ресми нұсқаға сәйкес, ол тергеуден кейін экономикалық тергеу қызметі ғимаратының бесінші қабатынан секіріп мерт болған. Марқұмның туыстары екі айдан бері қылмыстық істің "алға жылжымағанын" айтып, Қазақстан билігін кінәлілерді жауапқа тартуға үндеді. Бұл – Қазақстанның тергеу органдарында тіркелген бірінші қаза емес. Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаевтың мақаласын оқимын десеңіз, сілтемені басыңыз.

"Директордың туған күніне де". Жөнсіз ақша жинауға шағынған мұғалімдердің оқиғасы қалай өрбіді?

Шымкент қаласында "жөнсіз ақша жинаудан" шаршаған бірнеше мұғалім Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады. Қалалық білім бөлімі мұғалімдерді кінәлады, әкімдік шағымданушы мұғалімдер көбейді деді. Сарапшылар мектептегі жемқорлықты жою үшін білім саласын реформалау керек екенін айтады. Азаттық тілшісі Дилара Исаның мақаласын мына жерден оқи аласыз.

Жанболат Ағаділді "пышақтағанын мойындаған" жігіт полицияның алдағанын айтқан

Марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына бір апта болды. 17 жастағы жігіттің өлімінен кейін "абайсызда пышақтап алдым" деген күдікті "полицейлерге алданып қалдым" дейді. Күдікті жігіт адвокатымен бес күннен соң кездескенін де айтады. Сюжеттің толық нұсқасына өтіңіз.

Your browser doesn’t support HTML5

Жанболат Ағаділді "пышақтағанын мойындаған" жігіт полицияның алдағанын айтқан

"Бозжыра тұмса табиғатымен қымбат". Шатқалда қонақ үй салуды билік қолдап, қоғам қарсы болды

Қазақстан билігі қолдау танытқан Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына қонақ үй салу жобасы қоғам қарсылығына тап болды. Бозжыра – өңірдегі ең танымал туристік нысан әрі табиғи ескерткіш. Азаттық тілшісі Бағдат Асылбек табиғаты тұмса аймаққа қонақ үй салу бастамасын кім және неге көтеріп отырғанын, бұл жобаның табиғи аумаққа қандай зияны барын анықтап көрді. Мақаланы оқығыңыз келсе, толық нұсқаға өтіңіз.

Ақын Мақпал Мысаның 28 млн теңгеге өткен кеші дау тудырды. Жағдайдың жай-жапсары

19 қарашада сайлауалды құрылтайын өткізген "Адал" партиясының астаналық филиалының төрағасы Мұрат Қожамқұлов - "Арда" деп аталатын компанияның директоры. Ал бұл компания ақпан айында Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасынан ақын Мақпал Мысаның кешін өткізу үшін 28 миллион теңгеге тапсырыс алған. 28 миллион бөлінген ақынның кеші елде үлкен талқы тудырды.

Your browser doesn’t support HTML5

Ақын Мақпал Мысаның 28 млн теңгеге өткен кеші дау тудырды

Қазақстандықтардың өлгеннен кейін донор болудан қорқуының себебі не?

Адам мүшесін заңсыз алып-салуға байланысты даулар Қазақстандағы донорлықтың дамуына кері әсер етіп, трансплантологиялық ота саны күрт азайған. Ал донорлық мүшеге мұқтаж науқастар кезегі ұлғайып барады. Отандық медицинаға сенімнің төмендігі мен елдегі жемқорлық деңгейі азаматтарды өлгеннен кейін донор болудан ресми түрде бас тартуға итермелеп отыр. Мақаланың оқимын десеңіз, сілтемені басыңыз.

ШҚО, Күршім ауданы: Көлге жұтылған Ақсуат ауылы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Ақсуат ауылына ауыз су, асфальт жол, мобильді байланыс сияқты игіліктер жетпеген. Іргедегі Зайсан көлінің деңгейі көтеріліп, елдімекеннің бір шетін су алған. Мал бағып, балық аулаумен күн кешетін ауылдан көшіп жатқандар көп. Мектепте 10 және 11-сыныптар жоқ. Азаттық тілшісі Манас Қайыртайұлы ауылдағы тұрмыспен танысып, тұрғындар пікірін тыңдап қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Көлге жұтылған Ақсуат ауылы