Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік шарада ұлттық киім киген адамдардың ортасында тұр. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан), 1 мамыр 2018 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Үкіметке қарсы шерулер өтетін күні жүзден астам адам ұсталды​

Ақпанның 22-і күні түстен кейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы шеру өтеді деп көрсеткен орындарда жүзден астам адамды полиция ұстады. Түске дейін Алматыда тіркелмеген "Демократиялық партияның" оннан астам жақтасы ұсталды. Екі саяси ұйым үкіметке қарсы екі бөлек шеру жоспарлаған.

Your browser doesn’t support HTML5

"Оян, қазақ!" Арнайы жасақ алаңға келгендерді автозакқа салды

Өмірлік жаза. Қорықшы өлімі бойынша істің үкімі қалай шықты?

Қарағандыда ақпанның 21-і күні «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің екі инспекторына шабуыл жасау ісі бойынша сот үкімі шықты. Шабуылға ұшыраған инспекторлардың бірі Ерлан Нұрғалиев алған жарақатынан көз жұмған. Жеті айыпталушының үшеуіне сот өмірлік жаза берді. Айыпталушылардың адвокаттары қатал сот үкіміне журналистерді кінәлады.

Болат Назарбаевтың "әйелі" қанша ақшаға киінеді?

Өзін Қазақстан экс-президентінің інісі "Болат Назарбаевтың әйелімін" дейтін Гүлнұр Назарбаева қымбат брендтердің мыңдаған доллар тұратын киімін киеді. Әлеуметтік желіде зәулім үйін көрсетіп, аста-төк өмірін жасырмайды. Азаттық отбасының оның қайда тұратынын, Гүлнұрдың киім сатып алуға қанша ақша жұмсайтынын анықтап көрді.

Your browser doesn’t support HTML5

Болат Назарбаевтың "әйелі" қанша ақшаға киінеді?

Съезден бас тарту және Ұлттық кеңес мүшелерінің сыны

Қазақстан прокуратурасы "заңсыз митингіге" шықпауды ескертті. Сот тыйым салған оппозициялық қозғалыс пен тіркелмеген партия белсенділері ақпанның 22-і күні екі бөлек шеру өткізетінін айтқан. Шеру өтпей жатып билік ондаған белсендіні ұстап, кейбіреуін бірнеше тәулікке қамады.

Шеруді қолдаған белсенді ұстазды жұмыстан алып, әскерге шақырды

Петропавлдан 240 шақырым жердегі Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Бірлік ауылында тұратын 26 жастағы Нұрбол Өнерхан "азаматтық белсенділігі үшін қысымға ұшырағанын" айтады. Әлеуметтік желідегі "шеруге шақырған" посты үшін сот шешімімен он тәулік әкімшілік қамауда отырып шыққан соң жұмыстан босап, әскерге шақырту алған. Мектеп әкімшілігі мен әскери комиссариат шешімдерінің жігіттің белсенділігіне "қатысы жоғын" айтады.

Your browser doesn’t support HTML5

"Митингіге үндеген" мұғалім жұмыссыз қалып, әскерге шақырылды

Сапарбаевтың бесінші рет әкім болуы кадр тапшылығынан ба?

Қордай ауданындағы қазақтар мен дүнгендер арасындағы жанжалдан кейін Ақорда премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты Жамбыл облысының әкімі етіп тағайындады. Бұған дейін төрт облысты басқарған 67 жастағы шенеуніктің жанжал шыққан аймақ басшылығына тағайындалуын Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылар "саяси жүйенің кемшілігі, резерв тапшылығы" деп бағалайды.

Сынға қалған Қазақстан халқы ассамблеясы қажет пе, жоқ па?

Жамбыл облысында болған ұлтаралық жанжал кезінде кемінде 11 адам қаза тауып, жүзден астам тұрғын жараланып, ондаған үй өртенгеннен кейін қоғамда міндеттерінің бірін "ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту" деп көрсететін Қазақстан халқы ассамблеясына сын көбейді. Бұл орган керек пе? Азаттық осы сұрақты ассамблея өкілдері мен сарапшыларға қойып көрді.