Тоқаев Назарбаев тұсында мақтанышпен айтылған жобаларды сыпайы сынады
24 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, үкімет пен әкімдерді азық-түлік бағасын реттей алмадыңдар деп сөкті. Ол үкімет жиынында мемлекеттік холдингтер бір-бірінің міндетін қайталайды деп те сынады. Үкіметтің жұмысын бағалайтын экономикалық орталық құру идеясын ұсынды. Сарапшылардың кейбірі қазіргі үкіметтің Тоқаев тапсырмаларын орындайтынына күдікпен қарайды. Қазіргі президент бұл министрлер кабинетін тарата алмайды деп санайтындар да бар.
Айсұлтан Назарбаев "өміріне қауіп төнгенін" айтады. Жақындары үнсіз.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, сенат спикері Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып қалды. Ол Facebook парақшасындағы бірнеше жазбасында және ақпарат құралдарына берген сұхбатында "қауіп өз отбасынан" екенін мәлімдеді.
"Көшеге шықпауды тапсырды". Қытайда оқитын қазақ студенттер қауіпті вирус жайлы
Қытайда белгісіз вирустан екі апта ішінде 26 адам көз жұмды. Ресми Пекиннің дерегінше, 2019-nCoV деп аталатын вирусты 830-дан аса адам жұқтырған. Инфекция ошағы – 11 миллионнан аса тұрғыны бар Ухань қаласы қазір жабық тұр. Қытайда оқитын қазақстандық кейбір студент вирустан өз бетінше сақтанып, "елге қайтсам вирус жұқтырып алам ба" деп қорқатынын айтады, өзгелері биліктен өздерін эвакуациялауды сұрайды.
Журналистерге шабуылдағандар неге жауапқа тартылмады?
Жарты жыл бұрын бір топ әйел Азаттық тілшілері мен Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро қызметкерлеріне шабуыл жасады: журналистерге қол жұмсап, кәсіби техникасын бүлдірді. Содан бері алты ай өтсе де, полиция мен прокуратураға жазылған шағымға қарамастан, бұл шабуыл әлі тексерілмеген күйі қалып отыр.
"Жала жабу" бабын бір заңнан өзгесіне ауыстыру. Не өзгереді?
Медиазаңгерлер мен журналистер құқығын қорғайтын ұйымдар Қазақстан билігінің "жала жабу" бабын декриминализациялау туралы ұсынысына неге күдікпен қарайды?
Зайсан. Қытаймен шекара маңындағы қаланың өмірі
Зайсан – Қазақстанның Қытаймен шекарасы тұсында орналасқан қала. Шыңжаңнан қашқан этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы "Майқапшағай" кеден бекетін айналып, осы жерден өткен. Азаттық тілшісі Зайсанның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
"Тоқаев шықсын" деген әйелдер "биліктен қысым жасалғанын" айтады
Бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанда "Астана Опера" театрының алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығуын талап еткен әйелдер "қысым көріп жатырмыз" деп шағымданды. Айтуларынша, полиция үйлеріне келген, сотқа апарып, әкімшілік жазаға тартқан.
Your browser doesn’t support HTML5