Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауын жариялап отырған сәті. Ақорда, Астана, 5 қазан 2018 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қарулы күзет, темір төсек және партия туралы өлең жаттау

Қытайдағы "қайта тәрбиелеу орталығында" адамдарды қалай оқытады? "Орталықтағы" тамақ, күзет және жатын орын қандай? Лагерьде отырып шыққан этникалық қазақтың әңгімесі.

Қазақстанда жиын өткізетін орынға рұқсат алу қиын

Алматы тұрғыны арнайы белгіленген орында митинг өткізуге рұқсат бермеген Алматы әкімдігін сотқа беріп, жеңілді. Қоғамдық белсенділер бейбіт жиынға рұқсат алу қиындап кеткеніне, рұқсатсыз жиын өткізгендерді жазалау көбейіп бара жатқанына алаңдайды. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының мақаласы.

Аpple компаниясында жұмыс істейтін Моңғолия қазағы

АҚШ-тың Apple компаниясында істейтін Моңғолия қазағы Әйгерім Сәулетқанқызы бала күнінен бастап бұзылған жабдықтарды жөндеуге құмар болғанын айтады. Батыста оқыған программист қыз Азаттық тілшісімен әңгімеде IT саласына қалай келгені туралы әңгімелейді.

"Түсік тастауға мәжбүр болдым"

"Смартфонында "WhatsApp" қосымшасы болғаны үшін" жарты жыл үйқамақта отырған Гүлзира Мөгдін Азаттыққа сұқбат берді. Сәбидің дүниеге келуіне Қытай билігі неге қарсы болды?

Your browser doesn’t support HTML5

"Түсік тастауға мәжбүр болдым"

"Қажет", "керек" және "тиіс". Назарбаевтың жыл ішіндегі екінші жолдауы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жыл басынан бергі екінші рет жасаған халыққа жолдауында не айтты?

Елес қаланың тұрғындары

Қарағанды облысындағы Ақтау ауылының тұрғындары жағдайы қиындаған ауыл тірлігіне жан бітіруді сұрайды. Ауылға барып қайтқан Азаттық тілшісінің мақаласы.

Пашинян енді парламентті қыспаққа алды

Латвияда орыс партиялары бас көтерді, Батыс ГРУ-ге жаңа айып тақты, ингуш-шешен жер дауы туды, "Мерседес" жаңа электромобилін көрсетті. Жаһан жаңалықтары - Ғалым Боқашпен.

Your browser doesn’t support HTML5

Жаһан жаңалықтары 05.10.2018