Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қазақстан жастарын не мазалайды?

Баспана, сапасыз білім, жұмысқа орналасудағы қиындықтар мен непотизм қазақстандық жастар үшін проблемаға айналды. “Күнкөріс қамынан ұзамаған мемлекетте азаматтық белсенділік деңгейі төмендеген”. Қазақстан жастары ақпараттық қызметінің Прага азаматтық орталығымен бірігіп жүргізген зерттеу қорытындысы.

Орталық Азия президенттері туралы не білесіз?

Олардың ел басқару жүйесі ерекше. Бірі - "Ұлт қолдаушысы", бірі - "Арқадағ". Оларды кейбір сарапшылар "диктатор" дейді. Кейбірі билікте ұзақ отыр. Оларға тіл тигізуге болмайды.​ Президенттер жайлы тест дайындадық. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

Қорғаудағы қар барысы азайып барады

Осы апта әлем Халықаралық қар барысы күнін атап өтті. Қазақстанда 130-ға жуық, ал жер бетінде бірнеше мың ғана барыс қалды деген болжам бар. Азаттық тілшісі Алексей Азаровтың мақаласы.

Қытайдағы құпия лагерьлер жайлы не білеміз?

Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы ірі зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті.

Орталық Азия президенттерінің тамақтану туралы кеңестері

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елде өткен палау мерекесінде халыққа аз тамақтану туралы кеңес берді. Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов те қалай тамақтану керектігін айтқан.

Қазақстан Ресейден қанша долларға қару сатып алды?

Ресейдің қару саудасы туралы Азаттықтың инфографикасы.

Назарбаев 2020 жылы сайлауға түсе ме?

Финляндиялық журналист Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан "2020 жылы сайлауға түсесіз бе?" деп сұрады.

Your browser doesn’t support HTML5

Назарбаев: "Сайлауға түсуге конституциялық құқығым бар"