Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауда дауыс беріп жатыр. Астана, 26 сәуір 2015 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Назарбаев президент өкілеті туралы неге сұрады?

Ақпанның 4-інде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы "президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді" сұраған. Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституциялық кеңестен президент өкілетіне байланысты сұрау салуын сарапшылар әртүрлі бағалайды.

Сағынтаев үкіметін "көнбіс кабинет" деп бағалады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген жиынындағы пікірі қайшылықты сипатымен ерекшеленді. Үкіметті «қорқақ» деп атап, наразы екенін білдіріп, қызметтен кетуін талап еткен президент жиын соңына дейін райынан қайтып үлгерді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі үкімет пен оның басшысы мұндай "шабуылға" үйренген, сондықтан кабинеттің қызметтен кете қоюы екіталай. Азаттық тілшісі Қазис тоғызбаевтың мақаласын оқи отырыңыз.

Бес баланың қазасына қайғырған ақындар үні

Астанада бір отбасының бес баласы өрттен қаза болған қайғылы оқиға қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларымен қатар шығармашылық өкілдерін де күңірентіп, ондаған жырға түрткі болды. Ақындар өлеңдерінде түрлі әлеуметтік мәселе көтерді.

Наразы аналар билікке қойған талаптарын жеткізді

Астанада аналар жиналып, өздерінің билікке талаптарын қойды. Олармен кездесуге билік тарапынан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев шықты. Аналар қандай талап қойды?

"Халықтың мәселесін бір-екі отставка шешпейді"

Астанадағы өрттен бес сәбидің қаза болғанына кім жауапты, көп балалы аналарды қабылдаумен барлық мәселе шешіле ме, олардың талабын орындауға Қазақстан билігінің мүмкіндігі жете ме? Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірі.

Your browser doesn’t support HTML5

"Халықтың мәселесін бір-екі отставка шешпейді"

Аналардың талабы қандай?

AzattyqLIVE хабарында көп балалы аналардың Астана мен Алматы әкімдігіне жолдаған талабын талқылап жатыр. Хабарға көп балалы аналар мәселесін көтеріп жүрген азаматтық белсенді, журналист Сәуле Әбілдаханқызы және көп балалы ана Ақмарал Басирова қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Аналардың талабы қандай?

​Бір адамдық пикет қоғамға қауіп төндіре ме?

Бірнеше айдан бері бес баланың анасы, азаматтық белсенді Әлия Садырбаева әкімдіктің бір адамдық пикет ұйымдастыру өтінішіне салған тыйымына қарсылық білдіріп жүр. Биліктегілер бұл пикет "қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді" деп ұйғарыпты. "Жеке көзқарасын білдіретін көп балалы ана қандай қауіп төндіруі мүмкін?" деген заңды сұрақ туады. Азаттық тілшісі Елена Вебердің мақаласын оқи отырыңыз.