Аптаның үздік жеті хикаясы

ДАИШ тобында болған Орталық Азия елдерінен келген әйелдер Сириядағы күрдтердің лагерінде. 29 мамыр 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге уәделі жеңілдік неге берілмейді?

Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен халықтың 68 пайызы экологиялық төлемдер алмайды. Бұл дерек Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтанушылары жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталған. Үкімет мұндай төлемдер "лайықты деңгейде" болуы керегін, бірақ әзірге оның шешімі жоғын айтады. Азаттықтың Шығыс Қазақстандағы тілшісі Хадиша Ақаеваның мақаласын оқи отырыңыз.

"Белсенді зейнеткер" Ермұхамет Ертісбаев билікті қорғауға қайта оралды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып 12 жыл істеген Ермұхамет Ертісбаев зейнет жасына толды. Бір кездері оппозициялық басылымдар "Ақорда бұлбұлы" деп атаған Ертісбаев 63 жасқа толардан үш ай бұрын Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен босатылды. Елге оралған Ертісбаев ақпарат құралдарында билікті қорғап, белсенділік танытып жүргеніне қарағанда, ол әлі де саяси сахнадан алыстай қоймағанға ұқсайды.

"Назарбаевтың партиясына ақша беріңізші". Белсенділер мешітте садақа сұрады

Белсенді Санавар Закирова Нұр-Сұлтандағы "Әзірет Сұлтан" мешітіне барып, садақа сұрады. Ол мешітке келген жамағаттан "Нұр Отан" партиясына берешек моральдық шығынды жинамақ болды. Мешітке келген әйелді полиция ұстап әкетті.

Your browser doesn’t support HTML5

Полиция "Нұр Отан" үшін садақа сұраған белсендіге айыппұл салды

"Күзет күшті, әскерилер көп". Иран қазақтары наразылық жайлы

Иран билігі елде бензиннің қымбаттауына наразылық күшейген тұста интернетті бұғаттап, ұялы байланысқа шектеу қойды. Иранда тұратын қазақтар "үлкен қалалардағы алаңдардың толық қоршауда тұрғанын, елде күзет қатайғанын" айтады.​

Өртенген ғимарат, қираған банк. Наразылықтан кейінгі Иран

"Әкесінің өлгенін қалай дәлелдейміз?" Сириядан оралған балалар жәрдемақы қалай алады?

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының кей тұрғыны Сириядан оралған немерелеріне жәрдемақы алу үшін баласының Сирияда өлгенін дәлелдей алмай жүр. Асылхан Мамашқлының мақаласында толығырақ.

Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады

Шымкентте қоғамдық белсенді Нұржан Мұхаммедов көлігіне белгісіз біреулер иттің басын тастап, терезесін шағып, дөңгелегін жарып кеткенін айтты. Белсенді “бұл - әлдекімдердің қорқыту үшін жасаған әрекеті” дейді. Прокуратура Мұхаммедовтің шағымы бойынша іс қозғалғанын, күдіктілердің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Your browser doesn’t support HTML5

Белсенді көлігінен иттің басын тауып алғанын айтады

Солтүстікке көшіп келіп, күнкөріссіз қалған Күнсұлу

Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударған отбасы кері қайтқалы жатыр. Осыдан үш ай бұрын Шал ақын ауданына бала-шағасымен көшіп келген Күнсұлу уәделі көмекті ала алмағанына қапалы. Суық үйді жалдап, жан бағып келген үш балалы әйелге жәрдем берілмегенін әкімдік мойындап отыр.

Your browser doesn’t support HTML5

Солтүстікке көшіп күнкөріссіз қалған Күнсұлу