Бір әжетхана құны - 23 млн теңге. Үкімет жолдар бойына жүздеген дәретхана салмақ

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда қала аралық жолдардың бойына күні-түні ашық тұратын дәретхана салына бастады. Бір дәретхананың құны – 23 миллион теңге (шамамен 60 мың доллар). 2022 жылға дейін үкімет тағы 304 дәретхана салуды жоспарлап отыр. Билік өкілдерінің сөзінше, қаражатты жеке инвесторлар бөлген.