"Алма-Ата инфо" газетінің бас редакторы инфаркт алдындағы жағдайда Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.Ол жерден науқасты басқа аурухананың жан сақтау бөліміне апарған.
3 желтоқсан күні Азаттық радиосының тілшісіне Рамазан Есіргеповтың әйелі Раушанмен әңгімелесудің сәті түсті. Ауруханадан үйіне қайтып келе жатқан Раушан біздің тілшіміздің бірқатар сұрақтарына жауап беруге келісті.
Ол Рамазаның қайсы ауруханада жатқанын айта алмаймын дей келе, тек қана Есіргеповтың қатты көтеріліп кеткен қан қысымын сәл де болса төмендету мүмкін болғаннан кейiн, Жедел жәрдем ауруханасынан басқа жерге ауыстырдық дегенді айтты. Ол жерді ҰҚК-нің қызметкерлері біледі дейді Раушан.
- Бүгін таңертеңгісін Рамазанның қан қысымы жоғарылап кеткенде шақыртқан дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті, қан қысымы 240-та 120-ға дейін барды. Осыдан соң Рамазанды іздеп ҰҚК-нің өкілдері біздің үйге екі рет келді. Біз оның ауруханада жатқанын айтқанымызбен, олар бізге онша сеніңкіремеді.
Шынын айтқанда біз оны бүгін ҰҚК-нің мазалағанын қалаған жоқпыз, өйткені денсаулығы тым нашарлап кеткен еді. Бірақ, біздің ізімізше олардың ауруханаға жетіп келгеніне қарағанда ізімізді аңдып жүрген болса керек. Осының алдында айтылғандай, Рамазан бүгін ҰҚК-нің Алматы қаласындағы департаментіне барып, олардың сұрақтарына жауап берейін деген еді. Бірақ ол алдымен ҰҚК тінту жүргізіп астын-үстіне келтіріп төңкеріп тастаған үйіміз бен кеңсемізді қалыпқа келтірмекші болды. Мұнда не интернет, не телефон байланысы жоқ, компьютерлерді олар алып кеткен. Осының бәрі оның денсаулығына әсер етті.
Қазір ол өте ауыр халде жатқандықтан, оны ешкімнің де мазалағанын қаламаймыз. Бірақ Рамазан тексеруден де, тергеушілердің сұрақтарына жауап беруден де қашпайды. Одан тергеушілер жауап алғанда қасында міндетті түрде адвокаты болады.
Менің естігенімдей, Қазақстанның демократиялық қоғамы Рамазанға қорғаушы бөліпті, бірақ әзірге мен оның аты-жөнін білмеймін.
Қазақстанның демократиялық қауымдастығының бір кісідей Рамазанды қорғап, тілектес болып жатқанына алғысымды сіздердің сайт арқылы білдіргім келеді, - деді Раушан Есіргепова.
"Алма-Ата инфо" газеті бас редакторының басынан соңғы күндері өткен оқиғалар туралы сайтымызда жарияланған мақалалардан оқып - біле аласыздар. Ол материалдардың бәрін де жоғарыдағы "осы тақырыпқа қатысты басқа мақалалар" деген жерден табасыздар.