Азаттықтың дерек көзі өткен сенбіде Каспийдегі Қашаған кенішінің жасанды аралындағы ұңғымалардың бірінен ақау шыққанын хабарлады. Бүгін құзырлы орындар бұл жайтты растады.
Есімін атамауды өтінген ішкі дерек көзінің Азаттық тілшісіне хабарлауынша, ақау консервацияланып жатқан ұңғымалардың бірінде туған.
- Ұңғыманың орынан қисайып кетуі салдарынан мұнай төгілген, - деп хабарлады дерек көзі.
Бүгін Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Азаттық радиосына Қашаған кенішіндегі ұңғыма ақауы туралы мәліметті растады.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың сөзінше, ол 2 наурызда Agip КCО компаниясы қызметкерлерімен бірге тікұшақпен кенішке барып қайтқан.
- Ұңғыманың механизмі қисайып кетуі салдарынан арматура салмақты ұстай алмай қалған. Ол ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілмеген. Қоршаған орта мен тұрғындарға төнген қауіп жоқ, - деді Болатбек Омаров.
Бұл жағдай туралы облыстағы Жайық-Каспий экологиялық департаменті де хабардар екен.
- Ұңғыманың бір жері қисайғанын естідім, бірақ оның экологияға қатысы жоқ. Егер қолыңызда төгіліп жатқан мұнай туралы фото немесе видео болса, маған алып келіңіз, мен бірден тексерісті бастаймын, - деді Жайық-Каспий экологиялық департаментінің бастығы Ербол Куанов.
Agip КCО мен НСОС компанияларының баспасөз қызметі Азаттық тілшісіне жасанды аралдағы ұңғыма ақауы туралы ақпаратты растаған да, теріске де шығарған жоқ. Олар ресми сауалнама жолдау қажеттігін айтты.
Алайда «Каспий табиғаты» мемлекеттік ұйымы жетекшісі Махамбет Хәкімовтің ойынша, бұл - Қашаған кеніші іске қосылған кезде болуы мүмкін алғашқы немесе соңғы ақау емес.
- Қазір кеніште сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ертең мұнай алына бастағанда апаттар жиі әрі көп болады. Сондықтан өндіруші компанияның керемет құрал-жабдық немес жүз пайыз кепілдік туралы әңгімелері тек бос сөз, - дейді эколог.
Қазір Каспий теңізіндегі қазақстандық қайраңда тереңдігі 4.5-нан 5 шақырымға дейінгі 20 ұңғыма бұрғыланған. Қазақстандағы Солтүстік Каспий жобасы CNN Money-дің мәліметі бойынша құны 116 миллиард АҚШ доллары болатын әлемдегі ең қымбат жобалардың бірі саналып отыр. Ондағы мұнай қоры отандық геологтардың есебінше 4,8 миллиард тонна, ал оператор болжамы бойынша 38 миллиард баррельді құрайды.
Қашаған кешіні бұрғылауды бастау мерзімі бірнеш мәрте кейін шегеріліп, соңғы рет консорциум коммерциялық өнімді 2013 жылдың маусымында бастауға уәде берген еді.

Ұңғыманың қисайып кетуі салдарынан мұнай төгілген.

Егер қолыңызда төгіліп жатқан мұнай туралы фото немесе видео болса, маған алып келіңіз, мен бірден тексерісті бастаймын.