Қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 140 жылдық мерейтойы жұпыны өтіп жатыр. Ол туралы жоспарланған жинақ әзір жарық көрген жоқ. Классиктің сабақтарын еске алған жандар аз болды.
20-ғасырдың басындағы қазақ демократиялық қозғалысының көсемі, оқу-ағарту ісінің халық комиссары, ағартушы, лингвист-ғалым (зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз сияқты жүздеген терминнің авторы), әдебиеттанушы (меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. атаулардың иесі), түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына (1872-1937 жылдары өмір сүрген) қыркүйектің 5-інде 140 жыл толды.
ТУҒАН КҮНІНДЕГІ ЖАҢСАҚТЫҚ
Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянындағы жаңсақтықтың бірі оның төл туған күніне байланысты. Ұзақ уақыт бойы оның туған күнін 1873 жылдың қаңтары деп келді. Биліктің қиянатымен Байтұрсынұлының есімі жетпіс жыл бойы тарих бетінен өшіріліп, оның туған күні мен өмірбаянының басқа қырларын нақтылаумен айналысу қауіпті болды. «Алашорданың» қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлері
1988 жылы ақталған соң Ахмет Байтұрсынұлының есімін жаңғыртуды еш қорқынышсыз қолға алуға мүмкіндік туды.
Осындай қадамдардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған күнін анықтау болды. Оның туған күні деп жүрген күннен төрт ай бұрын туылғаны 1998 жылдың қаңтарында 125 жылдық мерейтойы атап өтілген тұста белгілі болды.
Ахмет Байтұрсынұлының немере жиені Меруерт Тыныбекова былай дейді:
- Марқұм күйеуім Таңжарық Тыныбеков Алматы мемлекеттік университетінің мұражайында жұмыс істеді. Самұрат Кәкішевтің тапсырмасымен университеттің мұрағатынан қамауға алынған 1929 жылға дейін бұрынғы Қазақ педагогикалық институтында профессор болған Ахмет Байтұрсынұлының жеке ісін көтерген еді. Осы құжаттардың арқасында Ахмет Байтұрсынұлының туған күні 1872 жылдың 5 қыркүйегі екені және оған қатысты басқа да ғұмырбаяндық деректер анықталды.
Самұрат Кәкішев – Ахмет Байтұрсынұлының кіші інісінің баласы, Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қор мен Байтұрсынұлының мұражай-үйін құрған адам.
Меруерт Тыныбекова – Ахмет Байтұрсынұлының қарындасының немересі, оның әжесі Зиляш 1962 жылы 83 жасында қайтыс болады. Меруерт Тыныбекованың әкесі Бәкібай Бейісов – Зиляштың ұлы.
Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шаралар 1998 жылдың қаңтарында жоғары деңгейде аталып өтті. Соның аясында республикалық ғылыми конференция да ұйымдастырылды. Мерейтойды өткізу жоспарланғанда ғалымның нақты туған күні әлі белгісіз болатын.
Алайда интернетте жүрген өмірбаяндық мақалалардың көбінде әлі күнге дейін 1983 жылдың қаңтары көрсетіліп жүр. Оның үстіне, 28 қаңтар ғана емес, 15 қаңтар деп те көрсетіледі. Мысалы, biografia.kz сайтында – 1873 жылдың 18 қаңтары; kazakhstan-museums.com (British Council Kazakhstan-ның мұражайлар туралы жобасы) сайтында – 1973 жылдың 15 қаңтары; kultura.kostanay.kz (Қостанай облысының мәдениет басқармасы) сайтында – 1873 жыл деп көрсетілген.
Осы «1873 жылдың қаңтары» деген күн қайдан шықты? Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрайжай-үйінің директоры Райхан Имаханбет мұның себебін оңтүстік (Ташкент) пен солтүстік (Қазақстанның бұрынғы астанасы Орынбор қаласы) коммунистерінің арасындағы пікір қайшылығымен байланыстырады.
- Ғалымның 50 жылдығы 1922 жылдың қыркүйегінде алдымен Ташкентте атап өтілді. Осы мерейтойға арналған екі мақала да жарық көрді. Бастапқыда Байтұрсынұлының мерейтойын атап өткісі келмеген Орынбор коммунистері, сірә, ұялған болар, кеш болса да мерейтойды атап өтуді ұйғарады, - дейді Райхан Имаханбет.
Орынборда Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдығы 1923 жылдың қаңтарында Свердлов атындағы клубта аталып өтті. Жиында қазақ халқының әндерін жинақтаушы, белгілі композитор Александр Затаевич музыкалық шығармаларын орындайды. Осы мерейтойдан кейін Байтұрсынұлының мерейтойлары атап өтілмеді де, жұрт Орынбордағы мерейтой өткен күнді ғалым-қайраткердің нақты туған күні деп қабылдаса керек.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АЛМАТЫДА
Ахмет Байтұрсынұлы Алматыда ғұмырының аз ғана бөлігін өткізеді. Оның алматылық кезеңі екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы – қамауға алынған 1929 жылға дейінгі кезең. Алматы енді ғана Советтік Қазақстанның астанасы болған тұс (1927 жылдың сәуірі). Партия және совет басшыларының ізін ала Қызылордадан интеллигенция да көшіп келді. Жаңа орынға келген Ахмет Байтұрсынұлы педагогикалық және ғылыми қызметпен айналысады. Қазақ пединститутында жұмыс істейді.
1929 жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. Оны 1934 жылы Максим Горький мен оның бірінші әйелі Екатерина Пешкова Қызыл Крест ұйымы арқылы шығарып алады.
Алматыға 1934 жылы оралған Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады.
Ахмет Байтұрсынұлының Алматыда тұрған үйлері белгілі. Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет:
- Көшені Ахмет Байтұрсынұлының есімімен атау туралы мәселе көтерілген тұста ғалымның Алматыда тұрған мекенжайларын іздедік. Ол қазір аэровокзал тұрған
Қаскелең көшесі (қазіргі Чайковский көшесі), Красин көшесі (қазір Уәлиханов көшесі) және Космонавт көшесіндегі 60 үй – осы үш жерде тұрыпты. Алғашқы екі үйде 1929 жылы қамауға алынғанға дейін тұрған. Үйдің екеуі де осы күні бар, - дейді.
1934 жылы Архангельскіден айдаудан оралған Ахмет Байтұрсынұлы қамауға дейін Тараншы көшесіндегі (1936 жылдан бастап – Ұйғыр, 1962 жылдан – Космонавт, 1992 жылдан – Байтұрсынов көшесі) үйде тұрыпты. Бұл ғимарат осы күнге дейін сақталып келді, қазір онда Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі ашылған.
Сол жылдары ғимарат орналасқан маң қазіргіге қарағанда тыныш жер болатын. Трамвай Алматыда 1937 жылдың қарашасында ғана пайда болғандықтан, үйдің жанына трамвай желісі түспеген болатын. Тыныштықты Никольск шіркеуінің қоңырау үні мен оның қатарындағы базардың шуы ғана бұзатын.
Революцияға дейін Байтұрсынұлының үй-мұражайы орналасқан маң «Кучегура» деп аталған. Владимир Дальдың орыс тілінің сөздігінде «кучегура» сөзі оңтүстік орыстарында «құмды адыр, борпылдақ төмпешік» дегенді білдіреді деп жазылған. Расымен де, Байтұрсынұлы көшесінің маңындағы жер қыратты болып келеді.
Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі ашылған ғимарат - 20 ғасырдың басындағы сәулет және қала құрылысы ескерткіші. Ескерткіштердің ресми тізімінде ол көпес Зубовтың үйі ретінде тіркелген. Алайда бұл жаңсақ дерек болуы керек. Көпес Зубовтың отбасы ол кезде Первогильдейская мен Торговая көшелерінің қиылысындағы Гостинодворск алаңында (Көкбазардың маңы) тұрған.
Қазір Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі орналасқан көшенің бір жақ беті (қазіргі Жамбыл және Шевченко көшелерінің арасы) Верный қаласының картасында 1737, 1738 және 1739 деген үш үй-жайлық телім деп белгіленген. Алматылық өлкетанушы Александр Вороновтың деректері бойынша 1738 телім мещан әйел Домна Анохренконың, кейін Дмитрий және Моисей Ануфриев деген мещандардың иелігінде болған. 1739 телім демалысқа шыққан қатардағы солдат (кейін мещан болған) Ануфрий Гумезовтің иелігі болыпты. Өлкетанушының қолында 1737 телім туралы дерек жоқ. Қазір Байтұрсынұлының мұражайы болған үй, сірә ортаңғы (1738) телімде тұрса керек. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын зерттеушілер үшін бұл ақпараттың пайдасы тиюі мүмкін.
Ахмет Байтұрсынұлының Алматыдағы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбеттің айтуынша, Байтұрсынұлының отбасы қазір мұражай болған үйдің тек бір бөлігінде ғана тұрыпты. Мұнда басқа отбасылар да тұрған. Мұражай қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлының көршілерін таба алмапты. Бірақ олар әлгі Ануфриевтер, Гумезов немесе әйгілі көрші туралы естеліктер білетін олардың ұрпақтары болуы мүмкін
ӨМІР ЕМЕС, ИТ ТІРЛІК КЕШТІ
Ахмет Байтұрсынұлының немересі Айман Байсалова, жиеншары Меруерт Тыныбекова мен Азаттық тілшісі үшеуміз мұражай ғимаратында отырмыз. Сұхбаттастардан Ахмет Байтұрсынұлының айдаудан оралған 1934 жыл мен қамауға алынғанға дейінгі кезеңдегі өмірі жайлы сұрап отырмын.
- Оның өмірі өмір емес, тозақ болды, - деп қамығады олардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлы Архангельск облысынан бүкіл атақ-дәрежесінен, денсаулығынан айырылып, арып-ашып оралады. Жұмысқа орналасуы екіталай болып, жан бағу қиындайды. Ол заманда елде негізгі азық-түлік түрлері мен тауарларды карточкамен алатын жүйе болды. Карточка экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейтіндер мен олардың асырауындағы жандарға ғана берілетін. Карточкалық жүйе тек 1935 жылы ғана жойылды. Ахмет Байтұрсынұлының қолында әйелі мен асырап алған екі бірдей кішкентай бала болды. Отбасын асырау салмағы тұрмыстағы қызы Шолпанның иығына түсті. Шолпан - Ахмет Байтұрсынұлының асырап алған қызы.
Ахмет Байтұрсынұлының жұмысқа тұрмақ болған әрекеттері сәтсіз болды. Ол қандай жұмыс болсын, тіпті театрда бақылаушы, ауруханада медбрат болып істеуге әзір болды. Ақыры жолы болып, қаланың шетіндегі казактар тұратын Малая станса ауданында жұмыс істейтін дәрігер Морозовты жолықтырады. Бір деректерге қарағанда, Морозов мемлекеттік ауруханада істеген, екінші бір деректерге қарағанда, оның жеке клиникасы болған (мұражай директоры осы жорамалды ұстанады).
Морозов өзінің жаңа қызметкерінің алдымен денсаулығын түзетіп, нан алатын карточка алуына көмектескенін Байтұрсынұлының ұрпақтары айтты. Ахмет Байтұрсынұлы медициналық мекемеде қандай жұмыс істеген? Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбеттің айтуынша, ол емханада қазақ тілінен сабақ беріп, аудармамен айналысқан. Аударма
жұмыстарын табуға ол кезде Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына жетекшілік еткен профессор Құдайберген Жұбанов көмектесіпті.
Тұңғыш қазақ стенографисткасы ретінде белгілі Данабике Қаралдина 1930 жылдардағы қазақ зиялыларының өмірі жайлы естеліктерінде Құдайберген Жұбановтың тапсырмасы бойынша мәтіндерді Ахмет Байтұрсынұлына талай апарып бергенін жазады.
Байтұрсынұлының денсаулығы мүлде төмендеп кетіп, жұмысқа жарамай қалған кездері Құдайберген Жұбанов талай рет кітаптың арасына ақша салып беріп жіберіп отырған.
БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ САҚТАЛМАҒАН
Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы тұтқындалып, атылған соң, әйелі көп ұзамай Қызылордаға кетіп қалады. Қызы Шолпан біраз уақыт осы үйде отбасымен тұрады. Оның қызы Айман атасы тұтқындалған сәтте бір жас жеті айлық болатын. Анасының айтқандарынан атасының өзін мәпелеп жақсы көргенін біледі. 1940 жылы олар үйді тастап, қаладан көшіп кетеді.
Байтұрсынұлының мұражай-үйінде Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметінен хабар беретін құжаттар мен фотосуреттер жиналған. Бірақ оның отбасына тиесілі
заттардан ештеңе жоқ. Мұнда қойылған көне жәдігерлер (сандық, чемодан, самауырлар, подностар, соғысқа дейін шыққан қазақ қарпі бар жазу машинкасы) сол кезеңдегі тұрмысты көрсету үшін тұр. Ахмет Байтұрсынұлы мен оның отбасы бұл заттарды пайдаланған емес.
Мұражайда қара түсті пианино да тұр. Оны ғалымның жиеншары Меруертті үйрету үшін сатып алыпты. Алайда Байтұрсынұлының үйінде қара пианино болғаны белгілі болғандықтан Меруерт Тыныбекова мұражайға өз аспабын сыйға беріпті.
«АТАМЫЗ ЖАЙЛЫ ӨЗІМІЗ ӘЖЕ БОЛУҒА АЙНАЛҒАНДА ЕСТІДІК»
Ғалымның жиені Айман Байсалова мен жиеншары Меруерт Тыныбекова атақты бабасы жайлы Алашорда қайраткерлерін ақтап шығарған 1988 жылға дейін ештеңе білмепті. Әулеттің ересектері оның есімін ауызға алмаған. Бірақ қонақтар жиналғанда Байтұрсынұлының әндерін автордың есімін атамай, халық әндері ретінде орындағанын естиді.
Меруерт Тыныбекова әке-шешесінің арасында шамамен 1957 жылы болған бір әңгімені құлағы шалып қалғанын есіне түсірді. Оның әкесі Бәкібай Бейісов алдымен НКВД-ның, кейін КГБ-ның қызметкері, ал анасы Мина Сейітова қазақ радиосында алғашқы диктор болып істеген. Бірде анасы түскі асқа келген әкесіне Түркиядағы көшелердің біріне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгенін айтып қалады. Әкесі басын изеп, «сірә 90 жылдығына орай атаған болар» дегендей болыпты.
Меруерт Тыныбекова нағашы атасының қуғынға ұшырауы оның отбасына қандай да бір жағымсыз әсері болды деп есептемейді. Әкесі 1942 жылы НКВД-ға қызметке тұрып, КГБ полковнигіне дейін өсті (Қазақ ССР КГБ-сының орталық аппаратының парткомын алты жыл басқарды). Ал анасы радиода жұмыс істеді. Сол заманда журналистер идеологиялық майданның қызметкерлері деп есептелетін. Ахмет Байтұрсынұлына тағылған «халық жауы» таңбасы Меруерт Тыныбекованың анасының институт бітіріп, орыс және неміс тілдерінің мұғалімі мамандығын алуына,
сосын ағарту саласында зейнеткерлік демалысқа шыққанша жұмыс істеуіне кедергі болмапты. Меруерт Тыныбекованың пікірінше, Ахмет Байтұрсынұлы әжесінің туған бауыры екені арнайы қызмет органдарына беймәлім болса керек. Өйткені әжесін күйеуге ерте ұзатып, әке-шешесі мен бауырларынан бөлек тұра бастаған.
Ахмет Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалованың тағдыры қиындау болыпты. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қырағы көзінен тасада болу үшін анасы үнемі қоныс аударып, көшіп отырған. 1950 жылдардың басында анасын тұтқындаған соң, Айман нағашысының қолында тәрбиеленген.
«КӨЗІ ТІРІ АКАДЕМИКТЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІ»
Осы мақаланы жазу барысында Ахмет Байтұрсынұлының тағдыры туралы әңгімелескен жандар ғалым-қайраткердің 140 жылдық мерейтойы Қазақстанда өте жұпыны аталып жатқанын айтты. Ахмет Байтұрсынұлының Алматыдағы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбеттің үкіметке жолдаған арнайы сауалына премьер-министр мен мәдениет және ақпарат министрінен «140 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтуі тиіс» деген жазбаша жауап келіпті.
Алматының өзінде бұл айтулы оқиғаға филармонияда өткен фортепьянолық музыкадан концерт (әнші Жанар Сүлейменова) қана арналды. Қыркүйектің 20-сына қарай Астанадағы Гумилев атындағы Евразиялық университет пен Астана қаласының тілдер жөніндегі басқармасы бірігіп мерейтойлық шара өткізбек.
Семейдегі Абай мұражайы мерейтойлық шараны өткізіп қойды. Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының жары Бәдрисафаның құрметіне ескерткіш
ашылмақ. Ескерткіштің ашылу салтанатына өз есебінен баруға жиналып жатқан Айман Байсалова мен Меруерт Тыныбекова келген соң шараның қалай өткені жайлы айтып беруге уәде берді. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Қостанай облысының Меңдіқара ауданына жер аударылған Бәдрисафа 1940 жылдары қарттар үйіне кетіп, көп ұзамай сонда қайтыс болған. Ұлты орыс Бәдрисафаның шын есімі – Александра, ол тұрмысқа шыққан соң Байтұрсыновтың тегіне жазылған.
Тіл білімі институты «Өнегелі өмір» сериясымен Байтұрсынұлы туралы жинақты әзірлеп жатқанына алты ай болыпты. Жинақ желтоқсанда шығуы тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін Қазақстанда шығару таяу уақытта жоспарланбаған. Оның ертеректе шыққан бес томдығынан бөлек үш немесе одан да көп томға жетерлік материал қалған. Бес томдықты құрастырушылардың бірі, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының профессоры Айгүл Ісімақова шешім қабылдауға құзырлы тұлғалардың «қазір Байтұрсыновқа сұраныс аз, одан да көзі тірі академиктердің еңбектерін басып, оқу керек» деген уәжін айтты.