Ақтауда наразылық акциялары жалғасып жатыр. Бейбіт түрде өтіп жатқан бұл шараны резеңке тоқпақ, автомат және бытыра мылтықпен қаруланған полиция күші бақылап тұр. Жаңаөзендегі алаң бос, қала көшелері полиция жасағына толы.
Дүйсенбі, желтоқсанның 19-ы Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы Ақтау қаласында екі мыңға жуық адам биліктің Жаңаөзендегі іс-әрекетіне наразылық білдіріп күні бойы орталық алаңда тұрды. Наразылық акциясы бейбіт жағдайда өтті.
Облысқа бағынышты Жаңаөзен қаласында көшеде тұрғындар көп көзге түспейді. Анда-санда кездескен ер адамдарды қарулы полиция жасағы тоқтатып, құжаттары мен өне-бойын тінтіп-тексереді.
АВТОМАТ ЖӘНЕ БЫТЫРА МЫЛТЫҚ АСЫНҒАН ПОЛИЦИЯ КҮШІ
Ақтаудағы наразылық акциясына қатысушылар Жаңаөзендегі комендаттық
– Билік неге Жаңаөзендегі ереуілшілерге қарсы сумен атқылайтын немесе өрт сөндіретін техниканы қолданбады. Мынадай аязда су наразыларды сабасына түсіріп, олар үйді-үйлеріне тарап кетер еді ғой. Жоқ, топ адамды жазым етпей таратудың осындай және өзгедей шараларын қолданудың орнына билік бірден халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген, – дейді наразылық танытып тұрғандардың бірі, ол осында тұрғандардың талаптары басылған парақты да көрсетті.
Ақтау тұрғындарының наразылығы біртіндеп саяси сипат ала бастады. Бұны Ынтымақ алаңына жапсарлас орталық көшенің үстіне ілінген ұраннан байқауға болады. Олардың бірінде қазақша: «Оян қазағым» деп жазылған.
Ақтаудағы наразылық шарасына келгендердің арасында негізінен бұрынғы
– Егер елге қауіп төніп тұрғанда оны құтқаруға ештеңе жасамаса қайдағы елбасы ол?! Ол осында келіп, жағдайды ретке келтіруге міндетті – ең алдымен халыққа проблемаларды шешуге көмектесудің орнына елге қарсы оқ атқызған жергілікті шенеуніктер арасында тәртіпті түзесін, – деді әйелдердің бірі Қазақстан президденті Нұрсұлтан Назарбаевты меңзеп.
Апалы-сіңілі екеуі де Ақтауда алаңда тұрғындардың талаптарына қосылатынын жарыса айтты және олар осы жерде өз туыстарымен бірге тұрмақ ойда, себебі олар алаңдағы полиция күші сол жерде тұрған жақын-жуықтарына қарсы оқ атуы ықтимал деп қауіптенеді.
Ақтау қаласының орталығындағы Ынтымақ алаңында мұздай қаруланған полиция күші де тұр. Наразылық шарасына шыққан Ақтау тұрғындары
Наразы топқа қарама қарсы алдыңғы шепте тұрған полиция жасағы қолына резеңке тоқпақ ұстап, үстіне оқ өтпейтін кеудеше, басына шлем (кейбірі – каска) киген. Одан кейінгі сапта тұрғандар тоқпақпен бірге қалқандар ұстап тұр. Кейбіреуінің қолында Калашников автоматы бар. Сонымен бірге жұрт арасында бытыра мылтық деп аталатын тегіс оқпанды қару ұстаған полиция қызметкерлері де көзге шалынды.
Желтоқсанның 18-і күні Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында журналистермен кездесуде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов автоматтар мен тапапшалар полицияның қызмет қаруына жататындығын және «Гонг» деген шартты белгі іске қосыла салысымен полиция қызметкерлері ешкімнен қосымша рұқсат алмастан қарулануға міндетті деп мәлімдеді.
Әйткенмен ішкі істер министрі полицияның қызмет қаруына бытыра
Ақтаудың орталығында жедел іс-қимыл тобын суретке түсіріп жүргенде Азаттық тілшісі олардың бірінің қолында әлгіндей тегіс оқпанды мылтық барын байқады.
Содан бірнеше сағат бұрын Жаңаөзен қаласында бір әйел журналистерді алып жүрген полиция өкілдерінен жасырып, Азаттық тілшісіне дәл сондай тегіс оқпанды қарудан атылған оқтың гильзасын көрсеткен еді.
Бұл күні Ақтау тұрғындарының Жаңөзен ереуілшілеріне қолдау танытып алаңға шыққан кезекті қарсылық шарасы бейбіт аяқталды.
«ДҮКЕНДЕРДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖОҚ»
Жаңаөзен қаласының көшелері мен алаңда тұрғындар көп көзге түспейді. Анда-санда кездескен ер адамдарды қарулы полиция жасағы тоқтатып, құжаттары мен өне-бойын түгелдей тінтіп-тексереді. Көшеде
– Біз әйелдерді тоқтатпаймыз, тек ер адамдарды тоқтатып, тексереміз. Әсіресе жас жігіттерге мұқият назар аударамыз, – дейді қолына резеңке тоқпақ ұстап, үстіне оқтан қорғайтын кеудеше киген полиция жасағының бірі.
Егер көшенің әр бұрышында тұрған қарулы полиция жасағы болмаса Жаңаөзен қаласы иен қалғандай болар еді. Кейде көшеден сап түзеп жедел іс-қимыл тобының арнайы жасағы өтеді. Қазақстанда мерекелік күн деп жарияланғанына қарамастан қала көшесінен балаларды да көрмейсіз.
Полиция өкілдері тұрған кезде қала тұрғындары осында болған тәртіпсіздіктер туралы журналистерге түсінік беруге құлық танытпайды.
Егде жастағы әйел үйде немерелері аш отырғанын, ал дүкендерде азық-түлік жоқ екендігін айтып зар еңіреді:
– Өз халқына оқ атқан бұл билікті қарғыс атсын, – деп жылады бұл әйел осы жерде тұрған полиция өкілдерін елең қылмастан. Бірақ ол өз аты-жөнін айтудан бас тартты.
Өзін Сандуғаш Аманжолова деп таныстырған екінші әйел жылаған күйі, бұған дейін бір фирмада күзетші болып жұмыс істеген және «мұнайшылар ереуіліне еш қатысы жоқ» жұбайы Руслан Қибасовты желтоқсанның 16-сы күні полиция ұстап әкеткенін айтып берді.
– Оны ұстап әкеткеннен бері хабар жоқ. Полиция басқармасындағылар маған ол туралы ештеңе айтпайды. Мен күйеуімнің тағдырына қатты алаңдап отырмын, оның үстіне полицияда болып шыққандар онда түскендерге
Оның айтуынша, қазір ол үйде шиеттей үш баласымен жалғыз қалған, оларды тастап азық-түлік әкелуге де шыға алмайды. Ал шыға қалған күннің өзінде балаларына тамақ таба алмай қайтады.
Сандуғаш Аманжолова өз отбасының басындағы осындай жағдай мен аш отырған балаларының тағдырына билікті айыптап лағынет айтты.
Журналистерге Жаңаөзен қаласының орталығындағы алаңда болуға рұқсат берілді. Желтоқсанның 16-сы күні осы жерде тәртіпсіздіктер басталған. Алаңда кірпіш, пластикалық шөлмектер мен өзге де қоқыстар жатыр. Алаңда тірі жан жоқ. Қазір бұл жерде полицияның арнайы жасақ тобы мінген бірнеше автобус тұр. Алаңға жақын маңда өртеніп кеткен автобустың қаңқасы жатыр.
Ресми деректерге сәйкес, Жаңаөзенде желтоқсанның 16-ы күні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полициямен қақтығыста кемінде 14 кісі мерт болып, 86 адам жараланды. 70 адам қамауда отыр. Қалада 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай тәртібі жарияланған.