Қазақ тілін үйрететін қалам жасалды

Your browser doesn’t support HTML5

Өнертапқыш Абзал Қадырбаев қазақша «сөйлейтін» «Зерек» қаламын көрсетті. Ақтөбе, 15 қараша 2012 жыл.

Ақтөбе қаласының екі тұрғыны қазақша «сөйлейтін» қалам жасап шығарды. Өнертапқыштардың айтуынша, «Зерек» атты бұл қалам 2 - 7 жас аралығындағы балаларға әріп пен сан үйретуге арналған.

- Менің ұлым бір жарым жыл бойы балабақшадағы қазақ тобына барған. Жылап барып, жылап қайтып жүрді. Бір ауыз қазақша үйренбегендіктен орыс тобына ауыстырдым, - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Елена Нұрманова.

Өзі де «қазақшаға шорқақтау» екенін айтқан Елена бір апта бұрын қазақша сөйлейтін қаламды сатып алғанын айтады. Еленаның сөзіне қарағанда, содан бері 5 жасар ұлы Сұлтан күрт өзгерген.

- Қазір баланы таң қалдыру қиын. Баламның қазақ тобына барғысы келмегені балабақшадағы әдістемелік құралдардың ескілігінен болса керек. «Зеректің» көмегімен Сұлтан қазір 20-ға дейін қазақша санап жүр. Бұрын бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда «мен батыл баламын» деп жолды кесіп өте беретін. Қазір жасыл шамның жануын күтеді. Ұлыма жол ережесін үйреткен де - осы «Зерек», - дейді Елена Нұрманова.

Тағы бір қалам сатып алуға келген Елена Азаттық тілшісіне «Зеректі» жасап

Ақтөбе қаласының тұрғыны Елена Нұрманова тағы бір қалам сатып алып жатыр. Ақтөбе, 15 қараша 2012 жыл.

шығарған өнертапқыштардың кеңсесінде жолықты.

ҚАЛАМНЫҢ БАҒАСЫ - 15 МЫҢ ТЕҢГЕ

Өнертапқыш азаматтардың бірі Абзал Қадырбаев «Зеректі» «ішіне шағын компьютер жасырылған ақылды қалам» деп таныстырды. Қаламмен бірге қазақ алфавиті жазылған қатырма қағаз, МР3 форматты плеер және үш кітапша сатылып жатыр.

- Кітапшаларды 2-7 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жасадық. Педагог, психологтармен кеңестік. Білім министрлігінің де рұқсаты бар, - деді Абзал Қадырбаев.

Өнертапқыштың сөзіне қарағанда, «Зеректің» қуаты екі-үш сағатқа жетеді.

Қазақша "сөйлейтін" қалам, Мр3-плеер мен кітапшалар. Ақтөбе, 15 қараша 2012 жыл.

Қалам кәдімгі қалта телефоны мен тұрмыстық техника сияқты электр желісінен қуат алады.

Қалам АҚШ пен Еуропа Одағы стандарттарына сай халықаралық сертификациядан өткен.

«Авторлық құқымыз да заңмен қорғалған» дейді өнертапқыш жігіт.

- Қаламның ұшындағы лазер кітапшалардағы ақпаратты «Зеректің» орталық процессорына жеткізеді. Ол жады картасына сұраныс жасайды. Барлық мәлімет сонда. «Зеректі» сөйлетіп тұрған - жады картасындағы аудиофайл. Картаның сыйымдылығы 2 гегабайт. Егер қаламның жадына үйіңіздегі

"Зеректің" ішкі құрылымы. Ақтөбе, 15 қараша 2012 жыл.

омпьютерден ертегі немесе ән-күй көшіретін болсаңыз, сырт көзге әншейін қатырма қағаз сияқты боп көрінетін МР3 форматты плеердің көмегімен тыңдауға да болады, - дейді Абзал Қадырбаев.

Абзал Қадырбаевтың мамандығы - хирург. Ал екінші өнертапқыш Бауыржан Сейтенов - мұғалім. Абзалдың сөзіне қарағанда, Бауыржан екеуі идеяларын жүзеге асыру үшін бір жыл уақыттарын жұмсапты.

Қаламды жасаушылар оны Қытайдан шығартып отыр. "Өйткені Қытайға тапсырыс берген арзанға түседі" дейді олар. "Зерек" қаламы Ақтөбеде бір аптадан бері сатылып жатыр. Бір қаламның бағасы - 15 мың теңге.