Алматыдағы «Барахолка» атанып кеткен сауда-саттық аумағында тағы да өрт шықты. Бұл – қалалық әкімдік жаңа орынға көшіргісі келетін сауда аймағында былтыр күзден бері болған бесінші төтенше оқиға.
«Барахолкадағы» бұл жолғы өрт ақпанның 4-і күні кешкі сағат 21.00 шамасында «Юпитер» базарында шыққан.
«Юпитер» базарының Нұрсұлтан Мұратұлы есімді күзетшісінің айтуынша, өрт белгісіз екі жарылыстан кейін үдеп кеткен.
«Мен үйде болатынмын. «Өрт шықты, тез жет» деп шақырған соң келдім. Мен келген соң екі жарылыс болды. Бірақ не жарылғанын білмеймін. Өрт осы жарылыстан кейін үдеп кетті» деді ол Азаттық тілшісіне.
Нұрсұлтан Мұратұлы «Юпитер» де қалалық әкімдіктің шешімімен жабылатын базарлардың тізімінде болғанын» айтты.
Базар сатушысы Елена да «Бұл базардың жабылатыны туралы ақпаратты естігенін» айтты. Оның сөзінше, базарды қай кезде босату екенін саудагерлерге ешкім ескертпеген.
«Бұл жерде негізінен киімдер сатылады. Киімдердің барлығы Түркиядан әкелінген. «Барахолкадағы» ең сапалы тауарлар болатын» дейді Елена.
Ол қанша тауарының өртеніп кеткенін біле алмай дал.
Алматы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Александр Лидің сөзінше, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
«Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті жұмыс істеп жатыр.
Өрттің неден болғанын анықтап жатырмыз. Сондықтан қылмыстық оқиға мы, әлде басқа жағдайлар ма – нақты айта алмаймын. Бұл жерде негізінен контейнер емес, пластик бутиктер орналасқан» деді ол Азаттық тілшісіне.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт 150 шаршы метр аумақты шарпығанын, екі сағатқа жуық уақытта сөндірілгенін айтады.
Өрт болған базардың аумағы электр желесінен толық ажыратылғандықтан сатушылар бір-біріне бүгін жұмыс болмайтынын айтып жатты. Кейбір кәсіпкерлер контейнердегі тауарларын басқа жаққа таси бастады.
«Барахолкада» бұған дейін, 2013 жылдың күзінен бері төрт рет өрт шыққан еді.
Әуелі 2013 жылы қыркүйектің 13-і күні «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенген. Ал қарашаның 17-сі күнгі өрттен «Құлагер», «Арал» және
«Еуразия» базарлары зардап шеккен. Қарашаның 26-сы күнгі өртте «Алатау-2» базарындағы бірнеше контейнер жанған. Ал желтоқсанның 12-сі күні «Алатау-2» базарына тағы да өрт тиіп, кейін базардың шеткі қатарлары күреле бастаған.
Қала билігі 2012 жылы «Барахолканың» «Солтүстік айналма жолды кеңейтуге бөгет болып тұрған 34 базары тұрғындардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік ыңғайлылық үшін» жабылуы мүмкін екенін ескерткен еді. Содан бері әкімшілік пен базарда сауда қылатын кәсіпкерлер көшіруге қатысты мәмілеге келе алмаған.
«Барахолканы» жаңа сауда аймағына көшіруге мүдделі қалалық әкімшілік «бұл базарларда құрылыс және санитарлық, өрт қауіпсіздігі ережелері мүлде сақталмаған» деп санайды.