Желтоқсан оқиғасына Литва мен Грузия тілектес болды

Бұрынғы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақтың бойжеткенін милиция мен әскерилер ұстап әкетіп барады. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.

Қазақстандағы жаппай наразылық туралы ақпаратты Литва хош көрді. Өйткені осы елде де «антисоветтік қимыл» болып жатты. Грузия «Ресей империясына қарсы күресте» жаңа одақтас пайда болды деп ұйғарды, ал «Әзербайжан жұрты қайран қалып, зәресі ұшты».

1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда қазақ жастары Дінмұхамед Қонаевтың орнына Ульянов обкомының бірінші хатшысы Геннадий Колбиннің Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалуына наразылық танытты.

Биыл Қазақстан Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығын атап өтеді. Сол кездегі одақтық республикаларда бұл оқиғаға деген көзқарас қандай болды және олар бүгінгі күні осы оқиғаны қалай бағалайды? Бұл оқиғаның шынайы себебін тәуелсіз Қазақстан билігі неліктен жарияламай отыр?

ЛИТВАНЫҢ ЖАУАБЫ

Литва парламенті депутаты Эдигиус Варейкистың айтуынша, 1986 жылы желтоқсандағы қазақ жастарының жаппай көтерілістері Литва қоғамы үшін күтпеген оқиға болды. Сол кездегі буын «Азат Еуропа» радиосын және басқа да «жат дауыстарды» тыңдап отыратын. Совет одағына хабар тарататын шетелдік радиостанцияларды сол кезде осылай атайтын.

– Совет одағының басына күн туғанын есту, шынымды айтайын,

1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері Қазақстан астанасының орталық алаңына наразылық білдіріп шыққан жұрт. Алматының орталық мұрағатындағы сурет.

көңілімізге жақты. Алматыдағы бұл оқиға біз үшін біртүрлі, бірақ жағымды дүние болды. Антисоветтік әрекеттер болып жатыр дедік.

Бірақ наразылық білдірушілердің талаптары туралы ақпарат тым мардымсыз еді дейді Эдигиус Варейкис.

– «Дауыстар» жеткізген ақпарат бойынша, наразылықтар ұлты орыс басшының тағайындалуына байланысты шыққан. Біз басқа да себептерді іздегіміз келген. Бірақ ақпарат жетпеді. Сонда, ресми мағлұматтар бойынша – екі, ал бейресми бойынша,ондаған адамның өлгенін айтты. Бізден осыншама алшақ жатқан республикада болып жатқан жағдайды расында күтпеген едік, бірақ осы наразылықтарды жан-тәнімізбен қолдап отырдық.

ШУШКЕВИЧТІҢ ӘҢГІМЕСІ

Беларусь жоғарғы кеңесінің бұрынғы төрағасы Станислав Шушкевичтің Азаттық радиосына берген сұқбатына қарағанда, «қазақтардың Мәскеуден келген жаңа басшыны тағайындауына қарсы наразылық білдіргеніне ол да қатты риза болған»:

– Біз наразылықтың болғанына қуандық. Өз басым ерекше қуандым. Бірақ мәлімет тым аз болды. Бізде Азаттық радиосының үнін өте қатты бөгеп отыратын.

Алайда ол өзіне Совет одағының басқа жерінде болған наразылықтың көбірек әсер еткенін айтып ағынан жарылады:

– Бірақ маған, мысалға, ең алдымен Якутиядағы көтеріліс ықпал етті. Түсінесіздер ме, ол жақтағы адамдардың «Якутия якуттар үшін!» ұрандарын көтеріп шыққанын білгенімде, мен үшін бұл тосын оқиға болды. Сонымен мен, ұят болса да айтайын, Қазақстан жайлы анағұрлым аз білдім.

«ГРУЗИЯНЫҢ ЖАҢА ОДАҚТАСЫ»

Грузияның «Халық майданының» төрағасы әрі негізін салушысы Нодар Натадзенің айтуынша, постсталиндік заманда советтік билікке қарсы алғашқы жаппай көтеріліс – Қазақстанда емес, Грузияда 1978 жылы, яғни грузин тілінің мемлекеттік дәрежесін тартып алмақ болған кезде өткен.

Грузия жұрты Желтоқсан оқиғасы жайлы азын-аулақ хабарды біліп, Ресей

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов, Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. Советтік ҚазТАГ тілшісі Юрий Беккер түсірген сурет.

империясына қарсы күресте жаңа одақтас пайда болды деп түсінді дейді ол:

– 1978 жылы бізде алдымен студенттер бастап, жаппай шеру өтті. Алматыдағы көтерілістер туралы білгенімізде, бізге күтпеген жерден Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресімізде жаңа одақтас пайда болғандай көрінді.

Әрине, көп қан төгілді. Сол кезде бәрі де қан мен үрейге ғана негізделді. Сондықтан бұл да өз кезінде қалыпты жағдай ретінде қабылданды.

«ҚАЙРАН ҚАЛҒАН ӘЗЕРБАЙЖАН ЖҰРТЫНЫҢ ЗӘРЕСІ ҰШТЫ»

Блогер Чингиз Султансой Азаттық радиосының Орыс және Әзербайжан редакциялары веб-сайттарында блог жариялап отырады. Ол 1986 жылы желтоқсанда 25 жаста еді, саясатқа аз қызығатын. Оның айтуынша, Әзербайжан жұртын осы оқиға жайлы ақпарат қайран қалдырып, зәресін ұшырған:

– Қазақстанда республика басшысының қызмет орнына тіпті осы республикадан шыққан орысты да емес, сырттан келген адамды тағайындады. Бұл наразылыққа себеп болды. Осыдан, таңданатыны жоқ, қайран қалып қана қоймай, зәреміз де ұшты. Біз жүздеген өлім құшқандар, мыңдаған тұтқынға түскендер, жазаланғандар жайлы естідік. Бұл, әрине, төбемізден жай түсірді. Мұны ұлтшылдық деп көрсетті. Балама ақпарат көздері тым мардымсыз болатын, ал қауесет көп болды, - дейді ол.

ТОЛЫҚ ТЕРГЕУ ЖАСАУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

Нодар Натадзенің ойынша, әлдебір жұмбақ механизм бар, ол бұрынғы советтік кадрларға және олардың ізбасарларына совет режимінің қылмыстарын тергеуге кедергі жасап отырады:

- Бізде Грузияда әлі күнге дейін совет билігі тұсындағы ондаған жылдық жазалаулар туралы қолда бар материалдар тергелмеген. Абхазиядағы

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды еске алып, тарихи жерге гүл қоюға шерумен келе жатқан жұрт. Алматы, 17 желтоқсан, 2010 ж.

грузин жұртына қарсы геноцид та тергелмеген. Прокурорлық айып қорытындысы жатыр, бірақ қылмыстық іс қозғап жатқан ешкім жоқ. Бұл бұрынғы Совет одағының бүкіл аумағындағы жалғыз механизм көрінеді. Бұл – еңсерілуі өте қиын үрдіс. Дегенмен құжаттардың әлдебір қалдықтары келесі буынның көзін көріп, осы қылмыстар түбі тергелетін болады деген менің үмітім бар. Осыған сенемін.

Ал Станислав Шушкевичтің ойынша, Желтоқсан оқиғаларының қозғаусыз жатуының бір себебі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен де байланысты болып отыр.

– Болған жағдайға қарасақ, сіздердің бүгінгі лидерлеріңіз коммунистік рухта тәрбиеленгендіктен, ұлтшылдықтың демей-ақ қояйық, маған азат патриотизмнің нағыз қалыптасуы жолында өте көп қиындық бардай көрінеді. Міне, біздің Беларусьте мұндай ештеңе де жоқ. Мұнымен қанша алыссақ та, біздің билік белорусстерге қарсы. Ал Қазақстанда билік қазақтікі болса деймін.

Азаттық радиосының осы тақырыпқа өткізген дөңгелек үстелінің орыс тіліндегі толық аудионұсқасын мына жерден тыңдай аласыз.