Күйді жаңаша өңдеген музыканттар оны «заман талабы» деп түсіндіреді. Бірақ кей тыңдарманға ұнайтын бұл жаңалықты музыка маманы жақтырмайды.
Алматыдағы Чайковский атындағы музыка колледжінің 2-курс студенті Дінмұхамед Хавдалхан ұлттық музыка аспаптары үнін битбокспен сүйемелдей отырып күй шертеді. Битбокс – әртүрлі ырғақты, үнді, музыка аспаптары дауысын ауызбен келтіру өнері.
БИТБОКС-КҮЙ, КАНТРИ-КҮЙ, R&B-КҮЙ
Дінмұхамед бұл өнерді төрт жыл бұрын шетелдік топтарға еліктеп битбокс жасап жүрген ағасынан үйренгенін айтады.
– Кейін 2012 жылы битбокс пен домбыраны қосып көріп едім, бір өзгеше музыка шықты. Бұл ерекше әуен жақындарыма, достарыма ұнады. Содан бері күйді битбокс қосып тарта бастадым, – дейді Дінмұхамед.
Ол қазір сабақтан бос кезінде жиын-тойларға барып, осы өнерінің арқасында ақша тауып жүр.
– Халықтың құлағына әлі жетпеген тың музыка, жаңаша дүние ғой. Сондықтан өте жақсы қабылдайды. «Ерекше екен, әрі қарай дамыта бер» деген тілектерін айтады, – дейді Дінмұхамед Хавдалхан.
«Қазақ күйлерін заманға лайық жаңаша орындап жүрмін» деген азаматтың енді бірі – Еркін Құдайберген есімді өнерпаз. Ол күйді битбокс қана емес, одан басқа да бірнеше стильде не жанрда өңдегенін айтады.
– Құрманғазының «Ақсақ киігін», Қаршыға Ахмедияровтың «Той күйін» Олжас Сүлейменов деген күйші азаматпен бірігіп клубтық стильде жаздық. Халық күйі «Келіншекті» кантри үлгісінде жаздық. Кейін Ешнияз салдың «Дүрдараз» термесіне ағам Ерболат Құдайберген R&B (ритм және блюз) стилінде күй шығарды. Күйге битбокс та жасауға, брейк-дэнс те билеуге болады, – дейді Еркін Құдайберген.
ВИДЕО: Еркін Құдайберген Ешнияз салдың «Дүрдараз» термесіне R&B стилінде шығарған күйді тойда тартып тұр
Күйді 2004 жылдан бері осылай өңдей бастағанын айтқан Еркін Құдайбергеннің сөзінше, бастапқы үш-төрт жылда тыңдармандары мұндай күйді үрке тыңдаған.
– Бірақ соңғы жылдары шақырулар көбейді. Тіпті клубтарға да шақырады. Жастар күйдің ырғағына билейді. Қазақ жастары «Адайға», «Ақсақ құланға» билеп жатса несі жаман? – дейді өнерпаз.
КҮЙ ӨҢДЕУДІ ЖАҚТАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАРДЫҢ ДАУЫ
Дінмұхамед пен Еркін сияқты өнерпаздар жаңаша өңдеген күйді ұнататын адамның бірі – Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы күй факультетінің 1-курс студенті Заңғар Ерланұлы.
– Әр заманның өз тыңдарманы болады ғой. Бұл – соған лайықтап жасалған дүние. Домбыра үнін заманауи өңдеп, жастарға тыңдату үшін осылай жасап жатқан шығар, – дейді студент.
Алматы қаласының тұрғыны Алма Ұлықсатқызы да «күйге өзгеше сарындағы музыка қосқаннан жаңа бір стиль туып жатыр» деп біледі.
– Бірақ бұл жерде бір ескеретін нәрсе – шетел музыкасы күйге қызмет етуі керек, күйді әрлеп, оның түп мағынасын жеткізіп тұруы керек, – дейді тыңдарман.
Бірақ өнерпаздардың ұлттық әуенді өзгертуіне қарсы адамдар да бар. Соның бірі
– Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, музыка зерттеуші Пернебек Момынұлы.
– Қазақ күй мәдениеті ешбір симфониядан, ешбір сонатадан кем емес. Ешқандай арнайы музыкалық білімі жоқ композиторларымыздың күйлері қазіргі заманда әлемді таңғалдырып тұрғанда басқаға еліктеуіміздің еш қажеті жоқ. Бұл халықты жаңамен таңдандыру мақсатында туған, жастар арасындағы белгілі бір топқа арналған нәрсе ғой, – дейді ол.
Профессор Пернебек Момынұлының пікірінше, күйді өзгеше стильде өңдеп жүрген жастардың бұл ісі – «уақытша, ғұмыры ұзаққа бармайтын өнер».
Профессордың пікірін дәстүрлі әнші Натхан Манай да қостайды. Оның сөзінше, домбыраның таза үнін сақтап ойнау керек.
– Ар жағындағы қоспалар – халықтың көңілін көтеруге, бір сәттік тойға ғана жарамды нәрсе. Дәстүрді бұзбай, домбыраның күмбірлеген үнін бұзбай дәріптеу керек, – дейді әнші.
Бірақ күйді битбокспен әрлеуші Дінмұхамед Хавдалхан өзін домбыраны дәріптеп жүрген адаммын деп біледі. Домбыра, сазсырнай, шертер, сыбызғыға да
битбокс қосып көргенін айтқан бозбала «жастар арасында домбыраға сұраныс көбірек» дейді.
Күйді бірнеше стильде өңдеп тартатын Еркін Құдайберген де «жастардың сұранысына сай ұлттық нақыштағы музыка шығарып, ұлттық аспаптарды насихаттап жүргенін» ескерте келе: «Заманмен бірге дамымасақ болмайды» деген уәж айтады.
Қазақ халқының аспаптық пьесасы ретінде аталатын күйді әу баста көбінесе домбыра, сыбызғы, қобызда жеке бір адам тартқан. Кейін күйді қазақ ұлт аспаптары оркестрлері де орындайтын болды. Қазір күйді гитара, баян сияқты өзге ұлттардың музыкалық аспаптарымен де тарту жұртқа таңсық көрінбейді.
БИТБОКС-КҮЙ, КАНТРИ-КҮЙ, R&B-КҮЙ
Дінмұхамед бұл өнерді төрт жыл бұрын шетелдік топтарға еліктеп битбокс жасап жүрген ағасынан үйренгенін айтады.
– Кейін 2012 жылы битбокс пен домбыраны қосып көріп едім, бір өзгеше музыка шықты. Бұл ерекше әуен жақындарыма, достарыма ұнады. Содан бері күйді битбокс қосып тарта бастадым, – дейді Дінмұхамед.
Ол қазір сабақтан бос кезінде жиын-тойларға барып, осы өнерінің арқасында ақша тауып жүр.
– Халықтың құлағына әлі жетпеген тың музыка, жаңаша дүние ғой. Сондықтан өте жақсы қабылдайды. «Ерекше екен, әрі қарай дамыта бер» деген тілектерін айтады, – дейді Дінмұхамед Хавдалхан.
«Қазақ күйлерін заманға лайық жаңаша орындап жүрмін» деген азаматтың енді бірі – Еркін Құдайберген есімді өнерпаз. Ол күйді битбокс қана емес, одан басқа да бірнеше стильде не жанрда өңдегенін айтады.
– Құрманғазының «Ақсақ киігін», Қаршыға Ахмедияровтың «Той күйін» Олжас Сүлейменов деген күйші азаматпен бірігіп клубтық стильде жаздық. Халық күйі «Келіншекті» кантри үлгісінде жаздық. Кейін Ешнияз салдың «Дүрдараз» термесіне ағам Ерболат Құдайберген R&B (ритм және блюз) стилінде күй шығарды. Күйге битбокс та жасауға, брейк-дэнс те билеуге болады, – дейді Еркін Құдайберген.
ВИДЕО: Еркін Құдайберген Ешнияз салдың «Дүрдараз» термесіне R&B стилінде шығарған күйді тойда тартып тұр
Your browser doesn’t support HTML5