Шынар Бисенбаеваның баласының өліміне байланысты талап-арызын қараған сот ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағын жауапкер деп тану туралы шешім қабылдады.
Қаңтардың 21-і күні Алмалы аудандық сотында Шынар Бисенбаеваның азаматтық талап-арызын қарау басталды. Шынар Бисенбаеваның айтуынша, Алматы қалалық ішкі істер департаменті (ІІД) мен ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматы қалалық департаменті 2012 жылдың 17 тамызында Алматы түбіндегі Бағанашыл кентінде жүргізген арнайы операция кезінде оның кішкентай ұлын өлтірген. Ол соттан моральдық зиянның өтемақысы ретінде екі департаменттен 20 миллион теңге (130 мың долларға жуық) өндіріп беруді сұрайды.
Шынар Бисенбаева – терроризм бабы бойынша айыпталып, былтыр қарашада ұзақ мерзімге сотталған Саян Хайыровтың әйелі. 2012 жылы тамыз айында Алматы түбіндегі Бағанашыл кентінде жүргізілген арнайы операция кезінде қаза тапқан 10 жасар Ислам – екеуінің баласы. Ресми дерекке қарағанда, арнайы операция кезінде қаза тапқан 13 адамның ішінде екі ұл бала болған.
Бисенбаева талап-арызды былтыр қазан айында бергенімен, Алмалы аудандық соты қараудан бас тартқан. Былтыр қарашада Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы оның шағымын қанағаттандырып, аудандық сотты талап-арызын қарауға міндеттеген.
ТАЛАПКЕРГЕ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
ҰҚК Алматы қалалық департаменті өкілдері Танар Әбішева мен Сәуле Қойшыбаева, Алматы қалалық ІІД өкілі Айгүл Имашева сотта «Арнайы операция Алматы қаласы аумағында емес Алматы облысында өткендіктен талап-арызда көрсетілген екі департаменттің ешқайсысы жауапкер бола алмайды» деп мәлімдеді.
Бірақ олардың талапкер Шынар Бисенбаеваға қоятын сұрақтары да болды. ҰҚК
Алматы қаласы департаменті өкілі Әбішева талапкерден «Қандай біліміңіз бар?» деп сұрады.
– Мұның іске қатысы қанша? – деп таңданғанымен, Шынар Бисенбаева жоғары педагогикалық білімі барын айтты.
ҰҚК өкілі «Мамандығыңыз бойынша жұмыс істедіңіз бе?», «Саян Хайыров екеуіңіз заңды некеде болдыңыздар ма?» деген сұрақтар қойды. Шынар Бисенбаеваны бұл сұрақтар да таңдандырды.
– Иә, мұғалім болып істегенмін. Саян Хайыровпен заңды некелескен емеспін, – деп жауап берді Шынар Бисенбаева.
Бұдан кейін ҰҚК департаменті өкілі Танар Әбішева «Өзі ана әрі жоғары білімді маман, оның үстіне педагог болып істеген Шынар Бисенбаева кәмелетке толмаған баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген. Сондықтан баласының өліміне шын мәнінде Шынар Бисенбаеваның өзі жауап беруі тиіс» деп мәлімдеді.
Бұл пікірді құптаған прокурор Дариға Қыжырова «Бисенбаева баласын қауіпті адамдардың қолына берген» деп қостады. Оның бұл сөзіне Шынар Бисенбаева «ол кезде күйеуімнің достары «қауіпті жандар» екенін білген жоқпын» деп жауап берді.
– Ұлымды ҰҚК өлтірді, ал мұнда баламның өліміне мені кінәлі еткісі келеді, – деді Шынар Бисенбаева.
Ал оның қарсыластарына қойған «Баламның қоршауға алынған үйде екенін жақсы білген арнайы жасақ қызметкерлері неге кішкентай баланы қорғамады?» деген сұрағы жауапсыз қалды.
КІМ ЖАУАПКЕР?
Алмалы аудандық сотының судьясы Мұхтар Әміров Шынар Бисенбаеваның адвокаты Жандос Бұлқайырдың «терроризм бабы бойынша айыпталып, ұзақ
мерзімге сотталған Саян Хайыровтың ісінде куәгер болған Бағанашыл кенті тұрғындарын, өрт сөндірушілер мен басқа адамдарды сотқа шақырыңыз» деген өтінішін қанағаттандырмады.
Адвокат Жандос Бұлқайыр былтыр Хайыровтың ісі бойынша өткен сотта Саян Хайыровтың 10 жасар ұлы Исламның қазасына қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берген еді. Бірақ ол кезде сот «Хайыровтың баласының қазасының бұл іске ешқандай қатысы жоқ» деп, адвокаттың өтінішін қанағаттандырмаған.
Енді Саян Хайыровтың әйелінің азаматтық талап-арызы қаралған сотта екі департамент өкілдері мен прокурор «Саян Хайыровтың ісінің Шынар Бисенбаеваның талап-арызы қаралатын азаматтық іске ешқандай қатысы жоқ» деп мәлімдеді. Осы уәж негізінде олар соттан Шынар Бисенбаеваның адвокатының сотқа куәлерді шақыру туралы өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.
Адвокат Жандос Бұлқайырдың мәлімдеуінше, 2012 жылдың соңына таман
Алматы қаласының прокуроры арнайы операцияға қатысқан ҰҚК «Арыстан» жасағы сарбаздары заңды әрекет етті» деген қаулы шығарған.
Жандос Бұлқайыр соттан осы қаулының толық мәтінін талап етуді сұрады. Судья Мұхтар Әміров бұл өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Ол адвокаттың Шынар Бисенбаеваның талап-арызы бойынша Қазақстан ҰҚК «Арыстан» арнайы жасағын жауапкер деп тану туралы өтінішін де қанағаттандырды.
Бірақ сотта «Алматы қалалық ІІД мен ҰҚК департаменті тиісті жауапкер ме?» деген мәселе шешілген жоқ. Шынар Бисенбаеваның талап-арызы бойынша келесі сот отырысы қаңтардың 24-інде өтеді.
Шынар Бисенбаеваның есімін жұрт оның «террористік топ құрып, басқарды және басқа да ауыр қылмыстар жасады» деп айыпталып, былтыр қараша айында 11 жылға сотталған күйеуі Саян Хайыровтың ісіне байланысты біледі. Билік бұл топты 2012 жылғы Таусамал кентіндегі тұрғын үйдегі жарылыс пен Іле Алатау ұлттық паркіндегі жаппай кісі қырғынына қатысы болған деп санайды. Биліктің болжамынша, 2012 жылдың тамыз айында Алматы түбіндегі Бағанашыл кентінде жүргізілген арнайы операция кезінде осы топтың көзі жойылған. Шынар Бисенбаева мен Саян Хайыровтың 10 жасар ұлы Ислам осы арнайы операция кезінде қаза тапқан.