Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 70 жыл толуына орай ас берілді. Асқа жиналғандар 9 жыл бұрын түсініксіздеу жағдайда өлген саясаткерге көше атын беруді, өлімін қайта тексеруді сұрап билікке хат жазды.
Қаңтардың 17-сінде Алматыдағы «Ритц-Палас» ресторанында 200-ге жуық адам жиналған асты ақын Иран Ғайып жүргізді. Ол әуелі 2005 жылы қарашада Заманбек Нұрқаділов қаза болған кезде шығарған «Өлдің, Заман» атты өлеңін оқыды да, сөйлеушілерден «онсыз да қалың қайғыны одан әрі қоюлатпауды» сұрады. Іле-шала сөз алған жұрт Заманбек Нұрқаділовтің қазасына тоқталмауға тырысты. Асқа жиналған саясаткерлер, ақын-жазушылар, марқұмның жерлестері мен замандастары естелік айтумен шектелді.
«ЛАУАЗЫМДЫЛАР АСҚА КЕЛМЕДІ»
Асты ұйымдастырушылардың бірі, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, кезінде Заманбек Нұрқаділовтің қолдауымен қызметке ілінген, өзімен қызметтес болған азаматтарға арнайы шақырту жіберілген.
«Заманбек Нұрқаділов – мемлекет қайраткері. Мемлекет қайраткерінің 70 жылдығы билік тарапынан да атап өтілуі керек еді. Керісінше асқа шақырылған лауазымды адамдардың өзі түрлі желеуді алға тартып, жалтақтығын көрсетті.
Себебі олардың көбі әлі қызметте жүр, кейбірінің бизнесі бар. Әрине, іштей құрмет тұтады, осы шараға қатысқысы келеді, бірақ жібермесі жібермейді» дейді Рысбек Сәрсенбай.
Асты ұйымдастырушылардың бірі Ғабиден Жәкейдің сөзінше, Нұрқаділовтің 70 жылдығына шақыру қағазын берген кезде кейбір шенеуніктер «ыршып түскен», кейбірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдау арнайтынын айтып, асқа келмеген.
«Ас бермей қоя тұрсақ, тіпті, күте тұрсақ, 80 жылдығын бір-ақ жасасақ» дегендер болды. Заманбек Нұрқаділевке ас беріледі дегенде мынадай ресторан залының иелері де ойланып қалды» дейді Ғабиден Жәкей.
Ас соңына қарай Заманбек Нұрқаділовтің бірінші некеден көрген балалары Қайрат Нұрқаділов пен Құралай Нұрқаділова және соңғы некеден туған Мерей Нұрқаділова ортаға шығып, сөз сөйледі.
«Әкеме арнап ас берген адамдарға көп рақмет. Жүректен айтылған жылы сөздерге де көп рақмет. Әкемді сағынамын» деді 12 жасар Мерей Нұрқаділова.
Асты ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл – Заманбек Нұрқаділовтің отбасы мүшелерінің бір жерге алғаш жиналуы.
БАС ПРОКУРОР МЕН МИНИСТРГЕ ХАТ
Рысбек Сәрсенбай Заманбек Нұрқаділовтің 70 жылдығына арналған еске алу асының соңында Нұрқаділовтің атын өзі оқыған мектепке, Алматы қаласындағы бір көшеге беру жөнінде бастама көтерілгенін хабарлады. Ол асқа
жиналғандардың атынан Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа арналған үндеу хатты оқып берді. Хатта «Заманбек Нұрқаділовтің қазасына байланысты шындықты ашуды талап етеміз. Егер олай жасамаса, қылмысты ашуға әрекет жасамағандарыңыз үшін жауапты боласыздар» деп жазылған.
Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бұл хат туралы Азаттық тілшісінің сауалына жауап беруден бас тартты. Ал марқұмның кейінгі жұбайы Мақпал Жүнісова:
«Зәкеңе көше атын, мектеп атын сұрады. Көше атын берсе де, бермесе де, Зәкең қайта тіріліп келмейді. Бірақ Зәкеңнің ісі қайта қаралса, жақсы болар еді» деді.
Билікте көп жылдар қызмет етіп, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған, кейін оппозицияға өткен Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашаның 12-сінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Оның өліміне байланысты ресми тергеу «Нұрқаділов өзін-өзі үш рет атып өлтірген» деген қорытынды шығарды. Бұған оппозициялық күштер күмән келтірген.