Қазақстанда биыл күзде 10 мың адамды әскер қатарына шақыру жоспарланған. Әскерге шақыру науқаны желтоқсанда аяқталады. Азаттық тілшісі Алматыдағы әскерге шақыру пунктінде болды.
Армия мен флотқа, ҰҚК, ІІМ және тағы басқа әскерлеріне күзгі шақыру Қазақстанда қазанның 1-інен басталды. Жергілікті әскери комиссариаттардың хабарлауынша, әскерге шақыру желтоқсанның аяғында аяқталады.
Әскерге шақырылғандардың соңғы топтары желтоқсан айының шамамен 27-ісіне қарай жөнелтіледі. Барлығы 10 мыңнан аса адам шақырылады деп жоспарланған. Мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар (қолында шақыру мерзімі кейінге қалдырылды немесе әскерге шақырудан босатылды деген қағазы жоқтардан басқасы) шақырылады.
Әскери бөлімдер экстерриториялық принцип бойынша, яғни әскери бөлімдер мен құрамалар шоғырланбаған аудандардан тыс жерде тұратын азаматтар есебінен жасақталады. Қазақстанда мерзімді әскери қызмет міндетін өтеу мерзімі - бір жыл.
ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ПУНКТІНДЕ
Алматы қаласындағы әскерге шақыру пункті жанына жиналған жігіттер сөзшең болып шықты. Бойшаң келген екі бозбала өзгелерден сәл бөлектеу тұр.
Мадиярдың жасы 23-те, Болатбек 24 жаста. Екеуі де Алматы тұрғыны, бойлары 185 сантиметрдей. Екеуін де «бас сүйек ішіндегі қан қысымы жоғары» деген диагнозбен әскери қызметке жарамсыз деп тапқан. Бірақ Мадияр десантттық-шабуыл бригадасында, ал Болатбек әскердің кез келген түрінде қызмет еткісі келеді.
Медициналық комиссиядан сәтті өткен төрт жігітті Қарағанды облысына жіберді. Бозбалалар әскерге өз қалауымен бара жатқандарын айтты.
Алматы облысының тумасы, медкомиссия жарамды деп тапқан Бердеке Кеңесовті әскери қызметін өтеу үшін Көкшетауға жіберген. Ол армиядан кейін ІІМ органдарында жұмыс істегісі келеді.
Алматылық Алмастың айтуынша, мектепте бірге оқыған 10 достың ішінде армияға барғысы келгені Алмас қана.
– Үшеуі шетелде оқып жатыр. Қалған жетеумізге шақыру қағазы келген. Әскерге өз қалауыммен кетіп бара жатқан мен ғана. Қалғандары... Оқу бітіргенімізге екі жыл болды. Екі жыл бойы шақыру қағазы келгенімен, олар әскери комиссариатқа бармай жүр. Офисте отырып жұмыс істейді, әскерге барғысы келмейді, - дейді Алмас есімді әскерге шақырылған жігіт.
АРМИЯДАН ЖАЛТАРУ СЕБЕПТЕРІ
Жуырда Қызылорда облысында әскерге шақырылған бір мыңнан аса жігіттің әскери қызметтен жалтарғаны туралы хабарланды. Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев әскери қызметтен жалтарғандардың тізімін ақпарат құралдарында жариялауды тапсырды.
Алматы қаласы Әуезов аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бұрынғы аудандық әскери комиссариаттар қазір осылай аталады) бастығы полковник Аманжол Сағымбеков өз ауданы бойынша әскери міндетін өткеруден жалтаратындардың есімін атаудан бас тартты. Ол «жалтарғыштар» тізіміне ілінген жігіттердің бірі «жұртқа жариялап, ар-намысымды таптады» деп сотқа шағымдануы мүмкін екенін айтады.
– Мүмкін ол адам жиі іссапарда жүретін шығар. Ертең ол «іссапарда болдым, ешкім келген жоқ, ешкімді көрген жоқпын» деп жазуы мүмкін, - дейді Аманжол Сағымбеков.
Оның айтуынша, кейде күлкілі жағдайлар да болып қалады. Мысалы, әскери комиссариаттың қызметкері әскери міндетін өтеуден қашып жүрген жігітті іздеп, үйінің домофонын басса, ар жағынан «ол адам басқа жаққа көшіп кеткен» деп әлгінің өзі жауап қайтаратын көрінеді.
– Бізге жылдап келмейтіндер бар. «Сені іздедік қой» десең, «Жоқ, мені ешкім шақырған жоқ, ешкім келген жоқ» деп тұрып алады, - дейді қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы.
Полковниктің айтуынша, кейбір ата-аналар әскерден жалтарған баласын іздеп келген әскери комиссариат қызметкеріне айқайлап, қорқытып-үркіте бастайды. Әскери комиссариат мұндай жағдайда полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болады.
Басқа жерге қоныс аударған әскери міндетті азаматтардың жаңа мекенжайы бойынша әскери есепке тұрмайтын жағдайлар да жиі кездееді.
– Әскерге шақырылуы тиіс адам егер бір жаққа, мысалы Қытайға тауарға кетсе, «қалада болмаймын» деп бізге хабарлауы тиіс. Егер басқа мемлекеттің ЖОО-на оқуға түссе де «осындай елде оқып жатырмын» деп ескертуі тиіс. Жастар қазір мұны да істемейді. Ал мемлекет «кәнігі жалтарғышқа» айыппұл салумен ғана шектеледі, - дейді Аманжол Сағымбеков.
Оның айтуынша, жастардың көбі ЖОО оқуға түсуге тырысатындықтан, қазір Алматыда әскерге шақыру қиындап кеткен. Алматының Әуезов ауданында әскери міндетін өткеруден босатылған студенттер көп тұрады.
Аманжол Сағымбековтың пікірінше, «жалтарғыштардың» арасында жалақысы жоғары жұмысын жоғалтқысы келмейтіндер мен армияға барудан қорқатындар да болуы мүмкін.
«ЖАРАМСЫЗДАР»
Алматы қаласы Әуезов ауданында әскери міндетін өтеуге шақырылуы тиіс 20 мыңдай адам тұрады. Осы науқанда оның жүзден сәл көбін шақыру қажет.
Қазір әскери міндетін өтегісі келетін жастардың денсаулығының нашарлығы да өзекті проблема болып отыр.
– Денсаулығына байланысты «жарамсыздар» көп. Мысалы, комиссияға шақырылған 50 адамның үш-төртеуі ғана әскери қызметке жарамды болып шығады, - дейді Аманжол Сағымбеков.
Полковниктің түсіндіруінше, әскерге шақырылғандарға жиі қойылатын «бас сүйек ішіндегі қан қысымы жоғары» диагнозына қазір көз аурулары қосылған. «Әскери қызметке жарамайтындар арасында басқа ауру түрлерінің ішінен көз ауруы бірінші орынға шықты» дейді ол.
Оның айтуынша, дені сау жігіттердің кейбірі әскери қызметтен жалтарып, ал денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылған жігіттердің көбі керісінше армияға баруға ұмтылып жатады. Өйткені, мерзімді әскери міндетін өтеп келгендерді жалдамалы әскерге немесе құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдайды.