Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері ЕАЭО келісіміне қол қойды. Одақты жақтаушылар мұны тарихи оқиғаға теңесе, қарсыластары Қазақстан тәуелсіздігіне төнген қатерге балайды.
Бүгін Астанада ауа-райы бұзылып, термометр бағаны тоғыз градус жылылықты әрең көрсетіп, астана орталығында жүрген адам қарасы аз болды. Бұған мамырдың аяғында күннің ызғар танытуы ғана себеп емес. Тәуелсіздік сарайы маңында полиция қызметкерлері қаптап жүрді. Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесі отырысы өтіп жатқан ғимараттың айналасына қойылған полиция қоршауынан саясаткерлер мен оларға ілескен адамдар және аккредитация алған журналистер ғана кедергісіз өтіп жатыр.
Қазақстан қоғамында қарама-қарсы тұрғыдан бағаланған оқиға осы ғимаратта өтті. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің үш жақты Кеден одағын 2015 жылдың қаңтарына қарай Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) айналдыратын келісімді біреулер дәуір оқиғасына теңесе, енді біреулер ел тәуелсіздігіне төнген қауіпке, апатқа балайды.
Билікке жақын ақпарат құралдары «интеграцияның бұл сатысы арқылы үш ел 170 миллионнан көп адам тұратын кең-байтақ кеңістіктегі ортақ нарыққа қол жеткізеді» деп мәлімдейді. Еуразиялық интеграция идеясы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы екенін атап көрсететін журналистер бұл одақтың СССР-ге қайта бірігу емес, интеграция артықшылықтарын пайдалану ғана екенін айтады.
Қазақстанның ЕАЭО-ға кіруін сынайтын әрі бұл интеграцияны ел тәуелсіздігіне төнетін қауіп деп есептейтін санаулы оппозициялық ақпарат құралдарының үнін одақ туралы мадақ сөздер көміп кетіп жатыр. Келісімге қол қойылатын күн жақындаған сайын Еуразия Одағына қарсы наразылық танытқан азаматтық белсенділерге қысым күшейді. Белсенділер ұсталып, қамалғаннан кейін бүгінге жоспарланған бірнеше наразылық акциясы өтпей қалды.
Мінбер төрінен салтанатты мәлімдемелер жасалды. Президент Назарбаев қол қойылған келісімді «ұлы достық, тату көршілік және өзара қолдау шежіресіндегі»
маңызды оқиға деп атады.
"Бұл әбден безбенделген, үш мемлекеттің де мүддесі ескерілген сауатты келісім-шарт деп есептеймін. Қыруар жұмыс істелді, талай айтыс-тартыс болды, ақыры келісімге қол жеткіздік" деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы отырыста.
Қатысушы елдер «экономикалық одақ» деп атайтын бірлестікті Батыс сарапшылары бұрынғы СССР республикаларын өзінің ықпал ету аясына енгізу арқылы постсоветтік кеңістіктегі позициясын күшейтуге тырысқан Мәскеудің саяси жобасы деп санайды. Астана кездесуінде Еуразия экономикалық одағына көп ұзамай Қырғызстан мен Арменияның да кіру мәселесі талқыланды.
Кеңейтілген отырыс кезінде Армения президенті Серж Саргсян: «Ереванның Кеден Одағына қосылу үшін негізгі құжаттары жуырда дайын болады» деп мәлімдеді. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елінің одаққа кіретін құжаттарды Армения сияқты тез қабылдап, ратификациялай алмайтынын, бірақ «жаңа жылды Еуразия Одағында қарсы алудан» үміттенетінін айтты.
ЕАЭО келісіміне қол қою рәсімінен кейін рәсімге қатысушылар жаңа ашылған «Астана Опера» театрындағы салтанатты кешке кетті.
Тәуелсіздік сарайы бос қалды. Ертең мұнда Қазақстан СССР-дің бір бөлігі болған жылдардағы тоталитарлық жүйе құрбандарын еске алуға арналған «1937: Жоқтау» көрмесі ашылады.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО келісіміне қарсыларды ұстап жатыр