Астанада бұрынғы саяжайлар орнында элиталық аудандар пайда болды. Жұрт «Депутаттар қалашығы» деп атайтын жерде «мемлекетке қажет» деген уәжбен бұзылмақ болған тағы біраз үй тұр.
Қоғамдық көлік жүрмейтін "Депутаттар қалашығы" немесе "Тенговка" ауданына автокөлікпен ғана жете аласыз. Оған ортасына тротуар төселген даламен жаяу баруға да болады. Бірақ тротуар элиталық кентке жетпей бітіп қалады да, «Тенговкаға» ойлы-шұңқыр жермен, батпақ кешіп барасыз.
ИЕН ДАЛАДАҒЫ БАҒДАРШАМДАР
Жол-жөнекей бірден көзге түсетін бірнеше бағдаршам жұмыс істеп тұр. Бірақ жолдың бұл қиылысында жүргінші де, көлік те көрінбейді.
Екі жолдың жиегін бойлай бірер үй ғана тұр. Үйлердің кейбірі әлі салынып бітпеген, ал кейбірінде адамдардың тұрып жатқаны байқалады. Биік дуалдың ар жағындағы аулалар тап-тұйнақтай, ал дуалға бейнебақылау камералары орнатылған. Әр үйге баратын жолға қаланың ескі бөлігінің көп жерінде жоқ асфальт төселіп, жиегі бетонмен көмкерілген.
Сән-салтанаты келіскен бұл мекеннің келбетін көшелердің бірінің аяғындағы тұрқы қораштау үй бұзып тұр. Оның ауласындағы ұсақ-түйек заттар сататын кішкентай дүкен ашық екен. Кішкентай терезеден көрінген келіншек үйдің иесі
болып шықты. Гүлмира Сындарова мұнда күйеуі және төрт баласымен тұрады. Аздап нәпақа табу үшін жуырда ашылған дүкеннің клиенттері – маңайда салынып жатқан үйлердің құрылысшылары мен жұмысшылары. Зәулім үйлердің қожайындары мұнда бас сұқпайды.
"Мұнда министр, депутат сияқты ақшасы бар, бай адамдар тұрады. Бұл жер орталық қой. «Пирамида», Тәуелсіздік сарайы мен даңғыл осы арада. Бұл - байларға арналған «вип» қалашық" дейді Гүлмира Сындарова.
БҰЗЫЛАТЫН ҮЙЛЕР
Гүлмира Сындарованың үйін бұзып, ал жерін әкімдік «мемлекет қажетіне» алмақ. Жер телімін үйімен қоса 16 мың долларға бағалаған. Шенеуніктер бау-бақшаға арналған үй-жайларды баспана деп есептемейді. Сондықтан үлкен өтемақы төлегісі келмейді.
Бірақ Гүлмира Сындарова «үй мен жеріме деп бөлінген өтемақы ақша Астанада үй салмақ түгілі, жер сатып алуға да жетпейді» деп қынжылады.
Азаттық тілшісі газеттегі хабарландырулар бойынша жер сатушыларға телефон соғып, «Тенговка» ауданынан 10 сотық жерді 320 мың долларға сатып алуға болатынын анықтады. 15 сотыққа 400 мың доллар, ал 20 сотық жер үшін 570 мың доллар сұрайды.
Хабарландыру иелері бұдан арзандау жерлерді де ұсынды. Мысалы, 12 жарым сотық жер 300 мың доллар тұрады. Жер сатушылардың айтуынша, бұл жер телімдерінің бәрі жеке тұрғын үй салуға арналған.
"Бұлар – ешқандай үй-жайы салынбаған таза жерлер. Манас пен Тельман көшелері қиылысындағы қымбат тұратын «Депуттаттар қалашығы». Мұның элиталық аудан екенін өзіңіз де білесіз, қалада мұндай басқа поселок жоқ" деп түсіндірді жер сатушы телефон арқылы.
Гүлмира Сындарова жерін нақты қандай «мемлекеттік мұқтаждық» үшін алатынын білмейді. Ол «жолдың ортасында тұрған үйім элиталық үйлер салынған кентке кедергі шығар» деп болжайды.
Сындаровтар отбасы – Қазақстан астанасына құрылыс қызған жылдары жақсы
тұрмыс іздеп келіп, бұрынғы саяжай үйлері тұрған жерлерді сатып алған мыңдаған отбасылардың бірі. Ол кезде қаланың ескі бөлігінен шалғайда әрі қажет коммуникация тартылмағандықтан, бұл жерлер арзан болған. Бірақ қазір бұл жерлердің көбі Астананың бүкіл үкімет үйлері мен жаңа нысандары орналасқан сол жағалауына жақын болып қалған. Мұнда құрылыс қызу жүріп жатыр.
Қала билігі «мемлекет қажетіне деп алынған жерлерге қалаға қажет балабақша, мектеп, аурухана сияқты мәдени-әлеуметтік объектілер салынады» деп жиі мәлімдейді.
КОТТЕДЖДЕР «ҚЫСПАҒЫНДА» ҚАЛҒАН ҮЙ
«Тенговка» ауданында 14 жыл бұрын Қырғызстаннан көшіп келген бірінші топ мүгедегі Айнашхан Саадабаеваның отбасы тұратын үй де бар. Биік дуалдың ар жағынан үй бірден байқалмайды. Төрт бөлмелі үйдің бірінде тамақ пісіретін кішкентай пеш тұр. Күн суықта осы пештің көмегімен бүкіл үй жылынады. Әжетханасы сыртта. Ал суды қаладан тасып ішеді. Астананың ескі бөлігінде ескі колонкалар әлі бар.
Айнашханның үйі салынып жатқан екі коттедждің ортасында қысылып қалған. Төрт бірдей отбасы тұратын үйді бұзамыз деп ескерткелі талай жыл болған.
Айнашхан Саадабаева мен күйеуі есейіп, үйлі-баранды болған балаларымен бір шаңырақта тұрады.
Айнашхан Саадабаеваның айтуынша, 2000 жылы мына шағын үйді «ақшасын бөліп төлеп, сатып аламын» деген шартпен жалға алған, бірақ жазбаша келісім-шартқа отырмаған. Келісім-шартқа «ауызша» отырған. Үй қожайыны жерді Айнашханның атына аударып үлгермей, бірер жылдан кейін қайтыс болған.
"Кейін үйлерді бұзу басталды да, көрші жер телімдерінің қожайындары ауыса бастады. Соңғы көршім жерді босатуымды талап етіп, мені сотқа берді. Бірақ саяжай серіктестігі төрағасынан ұзақ жылдар бойы осында тұрып, жарна төлегенімді растайтын анықтама қағаз алдым. Енді бұл жағынан қиындық жоқ
сияқты, бірақ үйімді бұзамыз деп ескертті" дейді Айнашхан Саадабаева.
Оның айтуынша, көрші үйлер бірнеше жерді иеленіп алған. Кезінде бос жатқан жерлердің кейін иелері пайда болған. Әйел «бала-шағаммен қайда барамын, ақырына дейін осында тұрамыз» дейді. Айнашхан Саадабаева жақсы өтемақы төлейді немесе басқа жер телімін берер деп үміттенеді.
ЖЕКЕ АУДАНДАҒЫ «МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖДЫҒЫ»
Азаттық тілшісіне қалаға жету үшін жол-жөнекей көлік тоқтатуға тура келді. Элиталық кенттен бұрылған «Газель» көлігі тоқтады. Ішінде отырған бірнеше ер адам «Астана-Зеленстрой» компаниясында жұмыс істейтінін айтты. Бұл - қалада көшет егумен айналысатын мемлекеттік мекеме. Мұны естігенде «Тенговка» ауданындағы кейбір жеке меншік үйлердің маңайына егілген шыршалар бірден еске түсті.
Былтырдан бері Астанада «мемлекет қажетіне» деген уәжбен жер телімдерін алу шарттарымен келіспейтін тұрғындар наразылық акцияларын өткізіп келеді. Олар «жерімізді мемлекет емес, әлдекімдердің мүддесі үшін алып жатыр» деп санайды.
Сәуір айында Астана қаласы тұрғын үй басқармасы 2014 жылы қаладағы 17
мыңға жуық саяжайдың биыл 741-і бұзылатынын мәлімдеді. Астана әкімдігі деректері бойынша 2011-2013 жылдары «мемлекет қажетіне» алынған 1 мың 800 бау-бақшаның 1 мың 300 жер телімінде үй-жайлар бар.
Қала әкімдігінің айтуынша, бұл жер телімдері коммерциялық мақсатпен емес, «мемлекет қажетіне» ғана алынады. Билік олардың орнына «жаңа ғимараттар, жолдар, парктер мен мәдени-әлеуметтік және тұрмыстық объектілер салынады» дейді.