Sunday Telegraph басылымы сәуірдің 21-і күні жариялаған мақаласында Қазақстанның соңғы жылдары мемлекеттік гимндеріне байланысты халықаралық жарыстарда бірнеше рет ыңғайсыз жағдайда қалғанын жазады.
Шетелдік басылым Лондон олимпиадасына баратын қазақстандық спортшыларға Қазақстан гимнін жаттаудың міндеттелу тарихын жазған.
«БҰДАН БЫЛАЙ ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ»
Бұл мақалада «Әсіресе, соңғы Кувейтте өткен жарыста Бораттың комедиялық фильміне арнап жазылған сайқымазақ гимннің ойналуы келеңсіз оқиғаның алды» болғаны жазылған. Ал Қазақстан үкіметінің басшылары мұндай шатасуға бұдан былай жол бермейміз деп отыр.
Басылымның жазуынша мемлекеттік спорт агенттігінің басшысы Талғат Ермегияев осы аптада шілде айында басталатын Лондон олимпиадасына орай өткен брифингте осындай мәлімдеме жасаған.
Агент басшысы атлеттер тым болмағанда марапаттау кезінде дұрыс гимнді тану үшін спортшылардың қазақ тіліндегі гимнді білуін талап ететін болды.
«КЕМ ДЕГЕНДЕ ЕКІ ШУМАҚ ЖАТТАСЫН»
Талғат Ермегияев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына «Қазақ тілін бәрі бірдей білмейтінін түсінем. Бірақ спортшылар гимннің кем дегенде екі шумағын жаттап алуға міндетті» деп сұхбат берген.
Sunday Telegraph 1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанда әр түрлі ұлттар тұратынын ескерте келіп: «Лондонға баратын этникалық орыстардың көпшілігінің қазақ тілін білмейді» деп жазады.
Мақала авторының пайымдауынша, гимнге байланысты қатаң тексеруге Кувейттегі оқиға түрткі болған. Кувейттегі жарысты ұйымдастырушы жергілікті ұйым Қазақстан гимн интернеттен көшіріп алып ойнатқан. Соның кесірінен қазақстандық жеңімпаз тұғырда тұрып, «Менің Қазақстаным» деп аталатын гимнді емес, комик артист Бораттың комедиялық фильміндегі жезөкшелер жайлы сайқымазақ әнін тыңдауға мәжбүр болған. Осы оқиғадан соң жарысқа жауапты кувейттік басшылар әнұранды шатастырғаны үшін кешірім сұраған. Ал жаттықтырушыға дұрыс гимнді дер кезінде тексермегені үшін сөгіс жарияланды.
Мақала авторы «шетелдік жарыстарда Қазақстан гимнін шатастыру оқиғасы бұл ғана емес» дей келе, дәл осындай тағы да бірнеше оқиғаны мысалға келтірген. Биыл Солтүстік Қазақстанда шаңғышылар жарысы кезінде де мемлекеттік әнұранның орнына поп әнші Рики Мартиннің «Livin 'La Vida Loca» атты әні шырқалған.
«Былтыр, - дейді автор, - Париждегі штангашылар сайысында ұйымдастырушылар жеңімпазды марапаттау кезінде тәуелсіз Қазақстанның емес, Советтер кезіндегі Қазақ ССР-нің ескі гимнін қойған болатын».