Атыраудың іргесіндегі Бірлік поселкесінде «100 мектеп, 100 аурухана» республикалық бағдарламасы шеңберінде жуырда пайдалануға берілген Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте өрт шықты. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ.
Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментпен хабарласқанымызда осы мекеме қызметкері Нұрлан Ғалымов өрттің шығу себебінің әлі толық анықталмағанын баяндады.
-Әзірге бізге белгілі болғаны бастапқы әскери дайындық кабинетіндегі аспалы шамдар мен сол жердегі шкафтың жанғаны ғана. Тексеру жүріп жатыр,- деді ол.
Мектеп директоры Гүлшара Досанқызына жолыққанымызда «бұл үлкен әңгіме тудыратындай мәселе емес» деп бізге басу айтқандай болды.
Өздерінің мектепке әлі толық көшіп бітпегендерін түсіндірген директордың айтуынша, жергілікті шенеуніктер жаңа мектепке көшуге тым асықтырған көрінеді.
- Тезірек көшіңдер, үшінші тоқсанды жаңа мектепте оқуларың керек деген соң жеделдетіп қоныстанған едік. Әлі телефондарымызды да іске қосып үлгермей жатырмыз. Ал өрт дегеніңіз әскери дайындық кабинетіндегі электр өткізгіштерінің өздігінен тұтануы салдарынан шыққан. Біздер оны дер кезінде байқадық. Істен шыққаны да сол жалғыз кабинет. Қазір қайта жөнделіп жатыр.Балалар аман-есен. Кінәні мектепті салған мердігерлерден іздеген жөн,- дейді директор.
Жарты ғасырға жуық уақытта қолдары әзер жеткен мектеп үйі Бірліктегілер үшін көздің қарашығымен бірдей. Себебі осы уақытқа дейін мектептің 600-ге тарта оқушысы төбесі салбырап, құлағалы тұрған ескі мектеп үйінде дәріс алып келіп еді. Тозығы жеткен мектептің қауіптілігі жөнінде архитектуралық-құрылыс инспекциясының анықтамасына да ұзақ уақыт бойы назар аударған ешкім болмаған.
Сондықтан осыдан екі апта бұрын ғана жаңа нысан пайдалануға берілгенде ауылдың үлкен-кішісінің қуанғаны да рас. Оның үстіне жобасы Астанада бекіген орта мектептің құрылысы да ерекше. Бұнда 2 спортзалы, 210 адамға арналған асхана, 380 орындық акт залы, медпункт, тіс емдеу кабинеті, бастапқы әскери дайындық сабағына арналған тир атқыштары бар. Жаңа мектептің бет ашарына қатысқан облыс әкімі Бергей Рысқалиев мектептің жылылығы, спорт залдарының жабдықтары жайлы қайт-қайта сұрап, өзінің құрылыс сапасына үлкен мән бергенін аңғартқандай болып еді. Өкінішке қарай, оқыста шыққан мына өрт әлеуметтік мәні зор нысанның шынайы сапасынан сыр бере бастағандай.
Ал Атырау облыстық әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығы Зейнолла Мәненовтен мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан объектілер құрылысы жайлы қанша хабарлассақ та жауап есту мүмкін болмады. Бізге белгісіз себептермен бұл мәселелер мемлекеттік құпиядан да мұқият қорғалады.
Жалпы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы көп шенеуніктің шымбайына батып, креслодағы тағдырларын да шешіп үлгергені белгілі. Бұл жайлы ҚР Есеп комитеті мемлекет мектептер салуға бөлген Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 5 млрд. теңгенің орынсыз пайдаланылғанын жария еткені есімізде. Онда осы алты облыстағы 23 нысанда іске асырылмаған жұмыстар үшін 802,6 млн. теңгенің босқа төленгені көрсетілген еді.
Әрі 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстарында білім саласындағы салынуға тиісті 75 нысанның орынына 33 құрылыстың ғана салынғаны айтылған.