Осы аптада Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тұратын блогер Игорь Сычев "сепаратизмге шақырды" деген айыппен бес жылға сотталды.
Жамбыл облысында блогер Ермек Тайшыбеков осындай іспен сотқа тартылып жатыр.
Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин және Болатбек Біләлов әлеуметтік желі арқылы "араздық қоздырды" деген айыппен қамауда отыр.
Биыл көктемде алматылық Татьяна Шевцова-Валова Facebook әлеуметтік желісі арқылы "ұлтаралық араздықты қоздырды" деген айыпен шартты түрде төрт жылға сотталып, үш жыл сынақ мерзіміне де кесілген.
Белсенділер мен блогерлер неге дәл қазір мұндай айыппен сотқа тартылып жатыр?
Бұл сауалдарға орыс тілінде өтетін AzattyqLIVE хабарында "Журналистер қауіп-қатерде" қорының директоры Розлана Таукина мен мен саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева жауап берді.
Хабардың видеосын мына жерден көре аласыз.