Қазақстанды қуып жетіп, басып озамыз! Бораттың елінің алдымызға түсуіне жол бермеуіміз керек. Британдық, австриялық және жаңазеландиялық газеттердегі жарияланымдардың көпшілігі осы мазмұнға саяды. Осылайша, оқушыларға арналған математикалық тестің журналистер үшін саяси ұстамдылық тестіне айналып кеткен жайы бар.
Бостон колледжі (Boston College) жақында әлем оқушыларының математикалық және ғылыми рейтингін жариялады. Бұл жолы да әдеттегіндей азиялық оқушылар алға шықты. Ал Қазақстанның алдыңғы қатардан көрінуі басты сенсациялардың бірі болды. Казақстандық оқушылар математика және «ғылым» аталымы (science ұғымы физика, химия, биология және басқа да пәндерді қамтиды) бойынша өткізілген емтихандарда айтарлықтай табысты нәтиже көрсетіп, тиісінше бесінші және он бірінші орынды иеленді.
Американдық Washingtоn Profile үкіметтік сайты жазғандай, «Математика мен ғылымды оқудың халықаралық үрдісі» (The Trends in International Mathematics and Science Study – TIMSS) жобасының аясында түрлі елдердің оқушыларына бірдей тапсырма беріледі. Әрбір мемлекеттен шaмамен 4 мың оқушы қатысқан бұл ауқымды зерттеуге 37 елден барлығы 425 бала тартылды. Математикадан төртінші сынып оқушыларының арасында өткізілген сынақ нәтижесінде Гонконг (607 балл), Сингапур (599), Тайвань (576), Жапония (568), Қазақстан (549), Ресей (544), Англия (541), Латвия (537), Нидерланды (535) және Литва (530) алғашқы ондыққа енсе, АҚШ 529 балмен 11 орын алды. Бұдан кейнгі сатыларға Германия (525), Италия (507), Иран (402), Кувейт (316) елдері орнықты. Небары 224 балл жинаған Йемен соңғы 36-шы орында .
Ал «Ғылым» сынағы бойынша сингапурлық оқушылар 587 балмен алға шықты. Одан кейінгі орындарда Тайвань (557), Гонконг (554), Жапония (548), Ресей (546), Латвия (542), Англия (542), АҚШ (539), Венгрия (536) және Италия (535) мемлекеттері тұр. Германия (528), Швеция (525), Иран (436) және Куейт (348) сияқты елдердің алдын ораған Казақстан (533) 11-ші орыннан көрінді. Йемендік оқушылар бұл жолы да ең нашар нәтижемен (97 балл) көш соңында қалып қойды. Бұл академиялық зерттеу әлем бойынша үлкен резонанс туғызды. Оның нәтижелері әлемдегі жетекші басылымдардың түгелінде дерлік талданып жатыр деуге болады. Интернеттегі жарияланымдарға қатысты талдамалар, комменатрийлер де жедел қарқынмен өріс алуда. Қысқысы, қазақстандық оқушылардың жоғары нәтиже көрсетуі әлемдік БАҚ-тар мен жұртшылық өкілдерін осыншалықты қоздырып жіберді.
Айталық, ұлыбританиялық басылымдарда эмоциялық сарын жетіп артылады. «Британ оқушылары математикадан батыс әлемінде алдарына жан салмайды, ал Бораттың тамаша елі бізді шаң қаптырып кетті». Бұл - британдық таблоид Daily Mail-дің тақырыбы. Мақаланың өзі «қазақстандық» псевдожурналист Бораттың фотосуреттерімен толықтырылған.
«Біздің он жасар оқушылар АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия , сондай-ақ Германия, Италия, Нидерланды, Швеция секілді Еуропаның басқа өңірлеріндегі құрдастарының алдына шықты. Бірақ, халықаралық білім байқауының нәтижелері біз үшін қуанарлықтай емес. Мәселен, Саша Баронның сайқымазақ кейіпкері - Борат өркениеттің ұшығы енді жете бастаған мешел ұлт ретінде көрсеткен бұрынғы кеңестік республиканың оқушылары ағылшын балаларын артта қалдырды. Сарапшылар Қазақстан бұл жетістікке дәстүрлі оқыту жоспарының және математика мен ғылымға үлкен маңыз берілудің арқасында жетіп отыр деп санайды. Бұл мұнайлы елде кедейліктің кең таралуына қарамастан, қазірдің өзінде қатал академиялық білім алуға ұмтылып отырған орта класс қалыптасып келеді» делінеді сөз болып отырған жарияланымда.
Оппозициялық консервативтік партияның өкілдері зерттеу қорытындыларын үкіметті сынау үшін пайдаланып отыр. Telegraph және басқа да британдық газеттер көлеңкедегі министрлер кабинетінің мектептер жөніндегі хатшысы Майкл Гованың : «Бұл баяндама біздің ғаламдық деңгейде сәт сайын алға озып бара жатқан Азиядан кейінгі екінші орында екенімізді көрсетеді. Ата-аналар біздің нәтижелеріміздің Қазақстанның жетістігінен төмен екендігіне алаңдаушылық білдіретін болады» деген пікірін жарыса жариялауда.
Зерттеу нәтижесі Австрияда да үлкен қоғамдық пікір туғызды. Жергілікті TT.com сайты оның қорытындыларының шынайылығына Тироль тұрғындарының күмәнді екенін жазды. Олар өңірдегі үш мемлекеттік мектептің ғана зерттеуге тартылғанына наразылық білдіруде. Дегенмен австриялықтар Қазақстанның озып кеткеніне тіпті де сенгісі келмейді. Тирольдің жергілікті мектептер кеңесінің президенті Эрвин Колердің сөзімен айтқанда: «Басқасын былай қойғанда, Казақстан рейтингте бізден жоғары тұр. Соған қарамастан, ол Жоғарғы Австрия мен Германиядан дамушы мемлекеттердің мектеп саласына берілетін көмегін алып отыр».
Ал веналық жетекші басылым die Presse газеті бұған қарағанда әлдеқайда байыптылық танытқан. Газет Австрия мектептерінде білім деңгейінің төмендеп кеткенін сынайды. Одан әрі Қазақстан мен Латвия сияқты елдердің балалары мектеп тапсырмаларын жақсы орындайды деген пікір білдіре келіп, Австриядағы бұл жағдайды ел үкіметінің білім беру саласындағы саясатының олқылығынан көреді.
Ал отандастарының табысына мерейленген американдық масс-медиа тақырыпқа мейлінше байптылықпен келген. New York Times пен Chicago Tribune сияқты беделді басылымдар математика пәні бойынша бұған дейінгі рейтингтерге қарағанда алғабасушылық бар екенін атап өтеді. Бұл басылымдар американдық және азиялық балалар арасындағы білім деңгейінің алшақтығына да көңіл аударған.
Wall Street Journal газеті болса, осы мәселеге орай толыққанды аналитикалық материал жариялап отыр. Бұл басылым білім беру проблемасының таяу арада АҚШ Конгресінің күн тәртібіне қойылатынын, ал жаңадан сайланған президент Барак Обаманың мектепте білім беру заңына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеп те үлгергенін жазады.
Жаңа Зеландия Чехия мен Украинаны ғана артқа тастап, 23-ші орынға табан тіреді. Осы мемлекеттің National Business Review басылымы «Жаңазеландиялық оқушылар математика мен ғылым жарысында Казақстаннан қалып қойды» деген мақаласында: «Математика мен ғылым пәндері бойынша өткізілген халықаралық зерттеулер Жаңа Зеландиядағы бастауыш мектептердегі білім деңгейінің сайқымазақ Борат қарабайыр ұлт ретінде көрсеткен Қазақстандағыдан да төмен екенін көрсетті» деп жазады.
Ал Stuff.co.nz сайты Dominion Post газетінің «Киви балаларының білімі Қазақстандағыдан төмен » деген мақаласын көшіріп басқан. Дегенмен, одан гөрі сайтқа кірушілердің пікірсайысы қызығырақ. Мұнда көптеген жаңазеландиялықтар Қазақстанды әлдебір надандық көріністерімен сипаттаудың күмәнді екенін жазған. Олар журналистерді күмәнді стереотиптерден арылып, зиялылық көрсетуге шақырады. Боратты Қазақстанның бет-бейнесі ретінде емес, Батыс мәдениетінің жағымсыз көрінісі ретінде қарастыру керек деген ұстанымды алға тартып отырған жаңазеландиялық Stuff.co.nz: сайтынан бұдан әрі : «Адамдар шынымен- ақ «Борат» фильміндегі өтірікке сене ме, екен? Казақстан – жалпы ішкі өнімнің 9 пайыздық өсімімен мұнай өндіруші елдердің алғашқы ондығына кіретін, территориясы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Ал енді ойланып көріңдер, киви!» - деген сөздерді оқуға болады. "Қазақстанмен салыстыру әділетті емес. Онда білім саласы басымдыққа ие. Ресейге тиесілі Байқоңыр ғарыш айлағының шын иесі де солар. Ал жаңа астанасы туралы айтсақ, "Astana" google» тақырыбымен берілген қаланың фотосуреттеріне көз салғаныңыз жөн болар еді».