Ресейдегі «ОккупайАбай» деп аталып кеткен оппозиция лагері Мәскеудегі Басман сотының шешімімен тарқатылды. Ал Қазақстанда кейбір белсенділер #ОккупайАбай, #ОккупайАлаш белгілері бар футболкалар шығаруды жоспарлап отыр.
Абай ескерткіші маңына шоғырланған мәскеулік оппозицияның наразылық жиынын тоқтату туралы Мәскеудегі Басман сотының шешімі шыққаннан кейін, мамырдың 16-сы таңертеңнен бастап полиция ондағы азаматтарды күштеп тарқата бастаған.
АУЛА СЫПЫРУШЫЛАР ҒАНА ҚАЛДЫ
«Оккупайабай.рф» сайтының хабарлауынша, қарсылық көрсеткендерін полиция ұстап әкеткен. Ресей ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, ұсталған азаматтардың саны 20 адамға жеткен.
Бұлай боларын алдын ала білген оппозиция өкілдері кеше кешкісін полиция азаматтарды ұстай бастаса, тарқап кетіп, басқа жақта кездесуге өзара уағдаласқан болатын. Әзірге оппозицияның қай жерде жиналатыны белгісіз. Олар кеше бір-бірімен Twitter арқылы байланыс орнатып, басқа бір орынды белгілеуге келіскен.
Акциядан тікелей трансляция жасап жатқан ресейлік сайттардан таңертең Абай ескерткіші маңында тек аула сыпырушылар мен ақпарат құрал өкілдерін ғана қалғанын көруге болады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙҚАУ
Ресейде осылайша оппозиция жиыны күштеп тарқатылып жатса, Қазақстанда «ОккупайАбай»-дың танымалдығын арқау етіп, коммерциялық және коммерциялық емес түрлі байқаулар жарияланып жатыр.
Мамырдың 15-і күні «Центр тяжести» порталы #ОккупайАбай трендіне арналған байқаулар жариялайтынын, алғашқы байқау футболка дизайнына арналғанын хабарлады.
«Достар, #ОккупайАбай трендінің тым танымал болып кеткеніне бейжай қарап отыра алмадық. Абай рунетте салмақты танымал тұлғаға айналды, оның даңқы
сағат сайын артып барады. Яғни, брендтік өнімдерге де сұраныс артып жатқаны анық» деп жазылған портал сайтында.
Порталдың жазуынша, «Байқауға Абай тұлғасымен, ақынның шығармашылығымен немесе #ОккупайАбай хэштегімен байланысты кез келген «принт» қабылданады». Ал ең үздік дизайн үлгісі анықталған соң, футболка тігіліп, Ресейде Абайдың танымал тұлғаға айналуына түрткі болған Алексей Навальныйға жіберіледі екен.
#ОККУПАЙАБАЙ-ҒА #ОККУПАЙАЛАШ ҚОСЫЛДЫ
#ОккупайАбай трендінің танымалдығы енді Қазақстанда да біразға баратын түрі бар. Саясаттанушы Айдос Сарым да осы аптада осыған орай ең үздік футболка дизайнына байқау жариялады. Байқау иесі мұны коммерциялық мақсатта жасап отырмағанын айтады.
- Өзім осындай футболка кигім келгендіктен Facebook-тегі жора-жолдастарымның
арасында «Кім осындай дизайн кім жасап берсе, соған кішігірім приз қоям» деп дизайн, сурет саласындағы азаматтарға үндеу салғанмын. Шамамен бес-алты дизайн үлгілері келді. Дизайн анықталғаннан кейін осындағы бір фирмаға барып, өзіме, достарыма футболка жасағым келіп отыр. «Оккупай Абай», «Оккупай Алаш» деп жасатып жатырмын, - дейді Айдос Сарым.
«Бұл сіздің Ресей оппозициясымен үндестігіңізді білдіре ме? Мұның мәні неде?» деген сұраққа ол:
- Бір жағынан, өзім Abai.kz сайтында істеймін. Екінші жағынан, бірі «Георгий бауын» тағып жүр, бірі басқа дегендей. Олай болса, неге біз Абайдың майкісін, футболкасын кимейміз. Өзіміз Абайды қадірлейік, насихаттайық. Бұл - соның бір үлгісін көрсету. Біреулер басқасын жасасын, костюміне тіксін, значок жасасын. Сүйтіп-сүйтіп кете береді ғой, - деді Айдос Сарым.
АБАЙ ҰРПАҒЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
Абайдың ұрпағы, Алматыда тұратын, бірақ осы күндері Мәскеуде жүрген Данияр Ақылбаев Абай есімімен атала бастаған
саяси оқиғалардан аса көп хабары жоқ екенін айтты.
«Мәскеудегі Чистые пруды аймағында митинг, акциялардың жиі өтетінін білемін. Онда Абай ескерткішімен қатар Қазақстан елшілігі орналасқан» дейді ол.
Данияр Ақылбаев Азаттық тілшісіне:
- Шынымды айтсам, бұған қандай да бір баға беру мен үшін өте қиын. Себебі мен бұған мән беріп, елемеген едім, - деді.