Бразилияға футбол оқуына кеткен қазақстандық бір топ бала ол елдегі алғашқы оқу бағдарламасын - тоғыз айлық курсты бітіріп, үш ай демалысқа отандарына келді.
Оқуға барған 25 жас спортшының бірі 15 жастағы Данияр Дәулетбаев тоғыз ай бойы футболға машықтанып, португал тілін үйренгенін айтады.
«БОТАФОГО» ИНСТИТУТЫ
- Біз «Оле Бразил» футбол академиясына түстік. Кейін бізді Рибейран-Прету қаласындағы «Ботафого» командасының институтына ауыстырды. Қазақстан мен «Ботафого» институты арасында келісім жасалған. Қазір біз «Ботафого» командасының футбол институтында жаттығып, Рибейран-Прету қаласында тұрып жатырмыз, - деді ол.
Данияр Дәулетбаев Бразилияда таңғы сағат тоғыздан кешке дейін жаттығу жасайтындарын айтты. Кешкі сағат жетіден түнгі онға дейін мектепте сабақ оқиды.
- Барлық сабақты Бразилия мектеп бағдарламасы бойынша оқып жатырмыз. Алгебра, география, биология, физика, дүние жүзі тарихын португал тілінде оқимыз. Енді Қазақстан мектептерінде наурызға дейін оқып, Бразилияға қайтамыз, - деді сұхбаттасымыз.
Ал Бразилияда оқып жүрген тағы бір қазақстандық жас Рүстем Әбдіразақов Азаттыққа берген сұхбатында:
- Жатар орын, тамақ, оқуымызды мемлекет төлейді. Ал күнделікті жұмсайтын ақшаны ата-анамыз жіберіп тұрады. Маған үйімнен ай сайын 500-600 доллар келеді, - деді.
Рүстем Әбдіразақовтың айтуынша, олар оқып жатқан «Ботафого» командасының футбол мектебінде Бенин, Гаити, Қытайдан келген балалар да бар.
25 БАЛАНЫҢ ОҚУЫ ЖЫЛЫНА - 85 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
Бразилияға қазақстандық балалармен бірге бір бапкер және бір куратор аттанған. Олар сол елде жас футболшылармен бірге тұрады.
Балаларға Бразилияда бас-көз болып жүрген мемлекеттік жаттықтырушы Болатбек Жуасбаев:
- 25 баланың оқуына мемлекеттен тоғыз айға 85 миллион теңге бөлінген. Үш жылға 260 миллион теңге қарастырылып отыр. Яғни әр балаға ай сайын екі мың доллардан айналады. Негізі, біздің балалар арзан бағамен оқып жатыр. Бразилиядағы кей футбол академиясында әр балаға ай сайын алты-жеті мың доллар сұрайды, - деді.
«БАЛАЛАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ӨСТІ»
Ал Бразилиядағы қазақ балаларының кураторы Манар Нуфтиев шәкірттері 2012 жылы наурыздың 8-і күні Бразилияда алғашқы жаттығу жұмыстарына кіріскенін айтты.
- Бразилиялық мамандар біздің балалардан сынақ алып, 10 балдық шкала бойынша алғашқы бағаларын қойды. Қазақстандық балалар алғашында 4-5 балдық бағаға ие болды. Ал жақында елге үш айлық демалысқа қайтар кезде тағы да сынақ тапсырып, 6-8 балдық бағалар алды. Яғни жаттығудан нәтиже бар, балалардың деңгейі өсті, - деді ол Азаттық тілшісімен сұхбатта.
Куратордың айтуынша, балалар 2012 жылдың наурыз айынан тамызға дейін «Оле Бразил» футбол академиясында жаттыққан. Ал кейін «Ботафого» футбол институтына ауысыпты.
- Бразилияда футбол академиясынан гөрі футбол институтының деңгейі жақсы. Балаларға қазір институтта бар жағдай жасалған. Денсаулықтарын қатаң қадағалап отырады. Бірнеше баламыз ауруханаға жатып, денсаулықтарын дұрыстап алды. Ал Махамбет Қуанышев деген баланың тізесі жарақаттанып, сол жерде операция жасалды. Операциядан кейін ол бірден жаттығуға қайта кірісті, - дейді Манар Нуфтиев.
Қазақстанға демалысқа келген балалар наурыз айында Бразилияға қайта оралады. Оған дейін Астана және Алматы қаласында Қазақстан жастар құрамасымен бірге бірнеше оқу-жаттығу жиынына қатысады.
«Ботафого» институтында оқып жатқан жас спортшылар келісім-шарт бойынша үш жылдық оқуларын бітіргеннен кейін, Қазақстан командаларында кемінде екі жыл ойнауы керек.
ТӨМЕНГІ ЛИГАДАҒЫ ТӨРТІНШІ ОРЫН
Қазақстан 2009 жылы Бразилияға алғаш рет 25 баладан тұратын топты «Оле Бразил» футбол академиясына үш жылға оқуға жіберген еді. Оларға да Қазақстан жылына 85 миллион теңге төлеген.
Ол балалар үш жыл оқып, елге келді. Тек Рауан Сариев қана Бразилияда қалып, сол елдің «Атлетико Манейро» футбол командасымен келісім-шарт жасасты. Ал қалған футболшылар үшін Астанада «Бәйтерек» командасы құрылды. «Бәйтерек» клубы Қазақстан чемпионатының бірінші лигасына (премьер-лигадан төменгі топ) қатысып, төртінші орын алды.
Журналист Жандос Байділдә бұл балалардан нәтиже шығатынына сенетінін айтады.
- Бразилияда алғашқы лекпен барып келген балалардан нәтиже күтуге болады. Жастары 17-18-де. Жастары кіші болса да биыл бірінші лигаға қатысып, төртінші орын алды. Футболды бұрыннан ойнап жүрген маңғыстаулық «Каспий», семейлік «Спартак» командаларындағы ағаларынан озып кетті. Енді 2013 жылы осы қарқындарын жоғалтпаса, бірінші орын алып, премьер-лигаға өтеді деп үміттенемін. Бұл балалар, қанша дегенмен, Бразилия футболының техникасын меңгерді ғой. Қазір әлсіреп тұрған Қазақстан футболын осы жас балалар жандандыруы тиіс, - дейді астаналық журналист.