Геосаяси зерттеулер жасайтын америкалық Stratfor ұйымының жазуына қарағанда, Арқанкергендегі шекарашылар «өзара жанжалдан қаза табуы мүмкін.
«Бірақ бұл оқиға экономикасы қарқынды түрде дамуы тиіс, қауіпсіздікті күшейту үшін әлі де қыруар жұмыс атқарылатын аймақта болды. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдай контрабанданың дамуына себеп болуы мүмкін» деп жазады Stratfor ұйымы.
Мамыр айының соңында Қазақстан-Қытай шекарасындағы Арқанкерген постында 14 шекарашы мен қорықшы опат болды. Оқиға себептері әзірге белгісіз. Аман қалған бір шекарашыға «қылмыс жасады» деген айып тағылды.
«Қазақстан мен Қытай бірқатар экономикалық және саяси келісімдер жасаған. Оқиға шындығы әлі ашылмағанымен, шекара қауіпсіздігі экономикалық маңызды мәселеге айналды» деп жазады Stratfor.
БОЛАШАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Алматы облысында екі негізгі кеден бекеті («Достық-Алашанькоу» және «Қорғас») бар. «Достық» арқылы жолаушылар пойызы өтеді, «Қорғас» арқылы жұрт зат тасиды. Қытайға тартылған газ құбыры да «Қорғастан» өтеді. Сол үшін бұл бекет қауіпсіз болуы керек. Қорғас пен Цзинхэ арасындағы жаңа темір жол да осында. Қытаймен арадағы қалған бес бекет көп пайдаға жарамайды, кейбірі мүлде жұмыс істемейді.
Маусымның 6-сында Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) келіссөздері аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай президенті Ху Цзиньтао стратегиялық ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласты.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев «Ұйымның көлік-транзит потенциалы - болашағы зор бағыт. ШЫҰ-ның сауда айналымын ұлғайтуға, елдеріміздің нарықтарын біріктіруге және Азия мен Еуропа арасындағы транзит жүктерді көбейтуге мүмкіндік береді» деді.
Бұған қоса, болашақта қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық та нығая түседі.
Орталық Азиядан Еуропаға өтетін «Жаңа Жібек жолы» жобасы Қытай үшін Қазақстанның стратегиялық маңызын арттырып отыр. Қазақстанмен арадағы шекарада ерекше экономикалық аумақ та ашылған. «Қорғас» енді контейнерлік тасымал, технологиялық жабдықтау, Шыңжаң мен Қазақстандағы туризмді дамыту бойынша аймақтық сауда орталығы ретінде дамымақ.
ҰЛТАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІС
«Осы мақсаттарды іске асыру үшін шекара қауіпсіз болуы шарт. Бұл жергілікті тұрғындар мен үкіметтер арасының шиеленісуіне себеп болуы мүмкін. Кей аймақтар гүлденіп жатқанда басқа аймақтардың артта қалуы контрабанда мүмкіндігін кеңейтеді» деп жазады Stratfor.
Қазақстан мен Қытай бұрын шекаралық аймақтардың экономикалық дамуына көбірек назар аударып, қауіпсіздікке аса қатты мән бермей келген еді. Қытайдағы хансулар мен ұйғырлар қақтығысы Шыңжаң сияқты аймақтардың тұрақсыз екенін көрсетті.
«Екі елдің халқы бір-біріне күдікпен қарайды. Қазақтар қытайлардан «Қоныс аударып, біртіндеп жаулап алуы мүмкін» деп қауіптенеді. Ал Қытай үкіметі инвестицияның орнына Қазақстанға қытай жұмысшыларын апаруды әдетке айналдырған. Бұл арқылы Қытай жұмыссыздықты азайтуға да тырысады. Жобалар көбейген сайын қытайлар Қазақстанға көбірек баратын болады. Бұл болашақта ұлттар арасын шиеленістіріп жіберуі мүмкін» деп жазады Stratfor.
Қытай тауарларының көбі Қазақстанға контрабандамен өтіп, қара базарда сатылады. Пекин ауған есірткісінің шекара арқылы тарауынан да қауіптенеді.
«Қауіпсіздік дұрыс сақталмайтын шекараның ашық тұстарында заңды-заңсыз тасымалданатын жүктерді анықтау қиын болмаса да, контрабанданың негізгі бөлігі автомобиль жолы және теміржолдар арқылы өтеді. Оған қоса адамдардың бұл «кәсіппен» айналысуына контрабандадан түсетін табыстың молая түсуі де себеп болып отыр. Заңды сауданың артуы қауіпсіздік күштерінің жұмысын көбейтеді. Өйткені заңсыз тауарлардың астыртын саудасын тоқтату керек болады» деп жазады автор.
«Шекараға жақын аймақтарда исламшыл террористердің де басқа өңірлерге қарағанда көп болуы мүмкін. Пекин "Қазақстанмен тығыз байланыс жасау Қытай үшін терроризм қаупін арттырады" деп алаңдайды. Екі жақ та қылмыстық инфрақұрылымға күдікпен қарайды. Исламшыл содырлар да экономикалық инфрақұрылымды оңтайлы нысана деп түсінеді. Қауіпсіздік шарасы күшейтілген сайын жергілікті тұрғындар мен үкіметтер арасы шиеленісе түседі. Бұл шекара экономиканың дамуымен бірге Қытай мен Қазақстан үшін қауіпті аймаққа айналуы мүмкін» деп қорытындылайды Stratfor.