Алматыдағы "Сұлтан Қорған" мешітінде Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы қақтығыс құрбандарының қырқы өткізіліп, ас берілді. Жиналғандар Үрімжіде болған оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізу туралы талап ету керек деп тарасты.
40 КҮНДІК АЗА... ЖӘНЕ ҚЫТАЙ БИЛІГІНЕ СЫН
Алматыдағы «Сұлтан Қорған» мешітіне шамамен 3 мыңға жуық адам жиналды. Қаза тапқандардың рухына бағышталып құран оқылды.
Қазақстанның ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің мүшесі Қаһарман Қожамберді осы жиын туралы біздің радиомызға былай деген еді.
Алматыдағы бастамашыл топтың мүшесі Әлімжан Тілебалдының сөзіне қарағанда, 40 күн бойы Қазақстан ұйғырлары Қытайдағы оқиғаға байланысты аза тұтқан.
- 40 күн бойы біз айтарлықтай той тойлап, думанды кештер ұйымдастырған жоқпыз. Мүмкін бірлі-жарым болған шығар, алайда басым көпшілігіміз орын алған қақтығыстарда қаза тапқан бауырларымызды естен шығармауға тырыстық – дейді біздің радиомызға сұхбат берген Әлімжан Тілебалды.
Қытай арнайы қызметі тарапынан арандатулар болуы мүмкін деген сақтыққа қарамастан, ас беру дау-жанжалсыз тыныш өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар қала әкімшілігінен ауызша рұқсат алған.
ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАБЫҚ СОТТАР ӘДІЛЕТТІ БОЛАРЫНА КҮМӘН БАР
Батыс шілденің басында Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының орталығында болған жаппай тәртіпсіздікті этникалық қақтығыс деп бағалайды.
Ұйғырлардың дүниежүзілік конгресі мұны ШҰАА-дағы ұйғыр этносының құқығының бұзылуы деп қарастырады.
Ал Қытай билігі мұнымен үзілді-кесілді келіспейді, әрі бұл оқиғалар шетелден ұйымдастырылды деп есептейді.
Қаһарман Қожамбердінің айтуынша, жақында БҰҰ Бас хатшысының Қытай билігінен Үрімжідегі оқиғаларға қатысты барлық құжаттарды талап еткен Үндеуі жарияланған.
Ресми мәлімет бойынша, ұлтаралық жанжалда 200-ге тарта адам қаза болып, 1600-ден астам кісі жараланды, алайда Қаһарман Қожамбердінің сөзіне қарағанда, олардың саны бұдан бірнеше есеге көп көрінеді.
- Біздің конгреске келіп түсіп жатқан ақпаратқа сүйенер болсақ, 10 мыңға жуық адам ұсталған. Қазіргі таңда сот істері басталып та кетті. Алайда олар жабық жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан соттың әділ өтетініне күмәніміз бар – дейді Қаһарман Қожамберді.
Сондай-ақ, Қ.Қожамберді қазір Қытайда халықаралық ұйымдар мен бақылаушылар жұмыс істеп жатқанын айтады. Дегенмен олар сотқа қатыстырылмай, орын алған оқиғаның қаншалықты әділ тергеліп жатқанын бақылау мүмкіндігінен айырылып отыр дейді ол.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚЫТАЙҒА ЖОЛ АШЫҚ
Тамыз айының басында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопин, «Қазақстан азаматтары шілде қақтығысынан кейін Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының астанасы – Үрімжіге сапар шегуден қорықпауы тиіс» - деп мәлімдеме жасаған болатын.
Қытай дипломаты бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты ел үкіметі қамтамасыз етіп отыр дей келе, Үрімжідегі сауда орталықтарының 98 пайызы қайта ашылды деп атап көрсеткен еді.
- Қазір Үрімжідегі қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді, барлық сауда орындары ашылды. Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағында тұрақтылықты қамтамасыз ету және Үрімжі қаласында қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін Қытай полициясы барлық күдіктілерді тұтқынға алуда - деді Ч. Гопин.
Елшінің нақтылауынша, «күдіктілердің басым бөлігі - ұйғырлар, олардың арасында бір де қазақстандық жоқ. Естеріңізге сала кетсек, 5 шілде күні Үрімжіде ұйғырлар мен жергілікті қытайлар арасында жаппай қақтығыс болған еді. Сол кездегі ресми деректер бойынша қаза тапқандар саны 190-нан асып, 1600 адам жарақат алды.
Қазір тұтқынға алынған ұйғыр азаматтарының саны 1400-дей болады, олардың ішінде балалар мен әйелдер де бар. Қытай билігі оларды жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алған.
Алматыдағы «Сұлтан Қорған» мешітіне шамамен 3 мыңға жуық адам жиналды. Қаза тапқандардың рухына бағышталып құран оқылды.
Қазақстанның ұйғыр қауымдастығының жетекшісі, Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің мүшесі Қаһарман Қожамберді осы жиын туралы біздің радиомызға былай деген еді.
Дүниежүзі ұйғырлар конгресі төрағасының орынбасары Қахарман Қожамберді асқа жиналғандар алдында сөз сөйлеп тұр. Алматы, 13 тамыз, 2009 жыл.
- Бүгін біз Қытайда 5 шілде күнгі қақтығыстар салдарынан қаза болған жандарды еске алып, олардың әруақтарына құран бағыштауға жиналдық. Көтерілгендердің аяусыздықпен басып-жаншылғанына 40 күн болды. Мұсылмандық салт-дәстүрмен сол кезде қайтыс болған бауырларға атап ас берілуде,– дейді Қаһарман Қожамберді. Алматыдағы бастамашыл топтың мүшесі Әлімжан Тілебалдының сөзіне қарағанда, 40 күн бойы Қазақстан ұйғырлары Қытайдағы оқиғаға байланысты аза тұтқан.
- 40 күн бойы біз айтарлықтай той тойлап, думанды кештер ұйымдастырған жоқпыз. Мүмкін бірлі-жарым болған шығар, алайда басым көпшілігіміз орын алған қақтығыстарда қаза тапқан бауырларымызды естен шығармауға тырыстық – дейді біздің радиомызға сұхбат берген Әлімжан Тілебалды.
Қытай арнайы қызметі тарапынан арандатулар болуы мүмкін деген сақтыққа қарамастан, ас беру дау-жанжалсыз тыныш өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар қала әкімшілігінен ауызша рұқсат алған.
ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАБЫҚ СОТТАР ӘДІЛЕТТІ БОЛАРЫНА КҮМӘН БАР
Батыс шілденің басында Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының орталығында болған жаппай тәртіпсіздікті этникалық қақтығыс деп бағалайды.
Ұйғырлардың дүниежүзілік конгресі мұны ШҰАА-дағы ұйғыр этносының құқығының бұзылуы деп қарастырады.
Ал Қытай билігі мұнымен үзілді-кесілді келіспейді, әрі бұл оқиғалар шетелден ұйымдастырылды деп есептейді.
Қаһарман Қожамбердінің айтуынша, жақында БҰҰ Бас хатшысының Қытай билігінен Үрімжідегі оқиғаларға қатысты барлық құжаттарды талап еткен Үндеуі жарияланған.
Ресми мәлімет бойынша, ұлтаралық жанжалда 200-ге тарта адам қаза болып, 1600-ден астам кісі жараланды, алайда Қаһарман Қожамбердінің сөзіне қарағанда, олардың саны бұдан бірнеше есеге көп көрінеді.
- Біздің конгреске келіп түсіп жатқан ақпаратқа сүйенер болсақ, 10 мыңға жуық адам ұсталған. Қазіргі таңда сот істері басталып та кетті. Алайда олар жабық жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан соттың әділ өтетініне күмәніміз бар – дейді Қаһарман Қожамберді.
Сондай-ақ, Қ.Қожамберді қазір Қытайда халықаралық ұйымдар мен бақылаушылар жұмыс істеп жатқанын айтады. Дегенмен олар сотқа қатыстырылмай, орын алған оқиғаның қаншалықты әділ тергеліп жатқанын бақылау мүмкіндігінен айырылып отыр дейді ол.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ҚЫТАЙҒА ЖОЛ АШЫҚ
Тамыз айының басында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопин, «Қазақстан азаматтары шілде қақтығысынан кейін Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданының астанасы – Үрімжіге сапар шегуден қорықпауы тиіс» - деп мәлімдеме жасаған болатын.
Қытай дипломаты бұл аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты ел үкіметі қамтамасыз етіп отыр дей келе, Үрімжідегі сауда орталықтарының 98 пайызы қайта ашылды деп атап көрсеткен еді.
Сұлтан Қорған мешіті жанында кезекшілікте тұрған жедел жәрдем бригадасы. Алматы, 13 тамыз, 2009 жыл.