Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты нысандар Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де көбейіп келеді.
2012 жылдың өзінде Астанада көп функционалдық ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» құрылды, Теміртауда Назарбаев мұражайы ашылып, Түркияның Кыршехир қаласындағы көшелердің біріне Назарбаев есімі берілді.
АСТАНА
Назарбаев есімімен байланысты нысандардың көп бөлігі Астанада шоғырланған.
Мұнда президент архиві мен кітапханасы (2000 жыл), бірінші президент мұражайы (2004 жыл), Nazarbayev University (2010 жыл), көп функционалдық ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» (2012) орналасқан.
«...Мұражай экспозицияларындағы есте қалатын негізгі идея – республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі» деп жазылған бірінші президент мұражайының ресми сайтында.
2000 жылы желтоқсан айында Қазақстанда Бірінші президент қоры пайда болды. Қорды 2007 жылдан бастап президенттің қызы Дариға Назарбаева басқарады.
«Қордың негізгі мақсаты - мемлекеттіліктің бекуіне, патриотизмнің нығаюына, Қазақстан қоғамының одан әрі демократиялануы мен ҚР-ның мәдениет, экономика, саясат саласында халықаралық байланыстың дамуына үлес қосу» делінген қордың ресми сайтында.
2002 жылдан бастап Қазақстанда «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» жұмыс істей бастады.
Бұдан бөлек, Астанада 2009 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» алғашқысы ашылды. Жалпы республика бойынша 22 "Назарбаев зияткерлік мектебін" ашу жоспарланыпты. Қазіргі кезде оның тек жетеуі дайын. Қалғандары салынып жатыр.
2009 жылы Астанада ашылған «Қазақ елі» монументінде президент Назарбаевтың бейнесі барельеф түрінде сомдалған.
БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ АТЫНДАҒЫ ПАРКТЕР
Алматыда 2010 жылы бірінші президент саябағы ашылды. 2011 жылы саябаққа президент Назарбаевтың ескерткіші орнатылды.
Бірінші президент атындағы саябақ сонымен бірге Тараз, Қызылорда және Ақтөбе қаласында да бар. 2010 жылы Ақтөбедегі Абай атындағы саябақ "бірінші президент саябағы" боп өзгертілген.
ПРЕЗИДЕНТ МҰРАЖАЙЛАРЫ
Алматыға жақын Үшқоңыр ауылында Нұрсұлтан Назарбаев оқыған мектепте 1998 жылдан бастап президенттің қызметіне арналған мұражай жұмыс істейді. 1999 жылы ашылған Қарасай аудандық тарихи өлкетану мұражайында да президенттің балалық шағы, есею кезеңі мен қызметіне арналған залдар бар.
Республиканың түкпір-түкпірінде орналасқан тарихи-өлкетану мұражайларының "Тәуелсіздік залдарында" Назарбаевқа қатысты заттар (сурет галереясы, шапан тәрізді естелік заттар) қойылған.
2004 жылы Ақтаудың музейінде ашылған "Тәуелсіздік залында" бағалы заттардан құйылған Назарбаев мүсіні бар. Мұндай мүсін Түркістанда - Йассауи атындағы қазақ-түрік университетінің мұражайында да бар.
2012 жылы қазан айында Теміртауда Назарбаевтың өмірбаянына қатысты экспозициялар қойылған ірі музей ашылды. Бірінші президенттің жаңа тарихи-мәдени орталығын құру туралы идеяны кезінде Теміртауда тұрып, жұмыс істеген, қазір Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов ұсынған екен.
Музейде президенттің өмірбаянына қатысты жаңа деректер, тіпті өткен ғасырдың 1930-40 жылдары «Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы пайдаланған тұрмыстық заттар» да қойылған.
ӨЗГЕ ЕЛДЕРДЕГІ НАЗАРБАЕВ КУЛЬТІ
Назарбаев есіміне байланысты нысандар қатары Қазақстаннан тыс жерлерде де барған сайын көбейіп келеді.
2005 жылы қырғыз қаласы Шолпан Атада Назарбаев ескерткіші орнатылды.
2012 жылы қыркүйек айында Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Шерәлі Әбділдаев Ош облысында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябақ ашылатынын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ол үшін алты гектар жер де бөлініп қойылған. Оның екі жарым гектарына Назарбаев мектептері салынса, қалғаны саябақ болады. Мектеп құрылысын Қазақстан жағы қаржыландырады. Қырғыз тарабының айтуынша, қазақ билігі мұндай бастаманы әуелі өздері айтқан.
2011 жылы Украинаның Днепродзержинск қаласында президент Назарбаев оқыған кәсіптік колледжде Назарбаев музейі ашылып, президенттің мүсіні орнатылған.
Қазіргі кезде Түркияда Назарбаев атында екі көше бар. Бірі - Невшехир, екіншісі - Кыршехир қаласында. Соңғысы президент Назарбаевтың Түркияға сапары қарсаңында - 2012 жылы қазан айында ашылды. Бұған дейін 2010 жылы Анкарада Назарбаев ескерткішінің ашылуы болған еді.
Ал Назарбаев көшесі Грозный қаласында бұдан да ертерек пайда болған. 2007 жылы мұнда Назарбаев атындағы көше пайда болса, 2010 жылы Назарбаев лицейі ашылды.
Амманда да (Йордания) Назарбаев атындағы көше бар. Бұған дейін ақпарат құралдары Гагаузияда да Назарбаев ескерткіші орнатылатыны туралы жазды.
БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ
Қазақстанда бірінші президент күні - желтоқсанның 1-і жақындап келеді. Бұл - Қазақстанда мемлекеттік мереке күні. Тұрғындар демалысты қосқанда үш күн демалады.
Бұл мейрамға дайындық шаралары басталып та кеткен. Қазір Астанада мектеп оқушылары арасында Назарбаевтың өмірбаянына қатысты байқау жүріп жатыр. Қараша айының соңында "Бірінші Назарбаев оқулары" халықаралық форумы өтеді. Биыл әртүрлі ел суретшілері қатысатын халықаралық "Құланшы" арт-форумы бірінші президент күніне арналмақ.
Ресми ақпарат бойынша, бірінші президент күні қарсаңында осы сияқты көптеген шаралар жоспарланған.