Тұрмысқа қажет заттарды несиеге сатып алуды әдетке айналдырған қазақстандықтардың банктерге қарызы екі триллион теңгеден асқан.
Алматылық тұрғын Дәурен Бабамұрат былтыр 210 мың теңге несиеге диагоналі үлкен теледидар сатып алған. Банк оған тұтыну несиесімен бірге 290 мың теңгенің несие картасын да берген. Кейін ол бұл ақшаға пәтерін жөндеткен. Банкпен дауласып жүріп қарызын әрең қайтарған оның несие атаулыға деген көзқарасы өзгеріпті.
- Бұған дейін де ақша керек кезде бірнеше рет несие алып, оны қиналмай қайтарып жүрдім. Бірақ бұл жолы несиенің үстінен біраз ақшаны артық төледім, енді мүлде несие алмаймын деп шештім. Одан да ақшаны туыстарыңнан қарызға ала тұрған дұрыс, - дейді ол.
Оның Алма есімді танысы былтыр тұтыну несиесін ресімдеп, жұмысына қажет нетбук пен ескі теледидардың орнына жаңасын сатып алған. Жалпы несие сомасы шамамен 110 мың теңге болған.
Бұл - Қазақстандағы тұтынушылық несиелендіру көлемі өскенін көрсететін екі мысал ғана. Ranking.kz сайтында жуырда жарияланған статистикалық деректерге қарағанда, былтыр банктердің халыққа берген тұтыну несие көлемі 50 пайызға өскен, ал қазақстандықтардың қарызы 2,2 триллион теңгеге жеткен.
Экономикалық сарапшы Арман Бейсембаевтың пікірінше, бұл өсімнің қауіпті жағы да бар. Егер банктер халыққа оңды-солды несие беру саясатын тоқтатпаса, орта тап өкілдері азайып, кедейлер саны керісінше көбейіп кетуі мүмкін.
- Қазір жұрт өзінің кіріс шамасына қарамастан, автокөлік, телефон сияқты заттарды несиеге алып, шетелде демалады, пәтерін жөндетеді. Ал ақшаны банктен пайыздық үстемемен алады. Соның кесірінен тұтыну заттарына деген 10-20 жылдық сұранысты айналдырған 3-5 жыл ішінде «жеп» қоюымыз мүмкін. Ал ары қарай не болатыны түсініксіз. Халық сұранысы төмендеп кетсе экономика құлдырайды ғой, - дейді Арман Бейсембаев.
Қазақстандағы тұтыну несиесі нарығын қатаң қадағалау қажеттігін былтыр қазан айында халықаралық валюта қорының өкілі Юха Кяхкенен де ескерткен. Ол қадағалау құралдарының бірі ретінде қайтарылмаған несиелер проблемасын шешу жұмыстарын күшейтуді ұсынған.
Расында да несиелендіру көлемі артқан сайын клиенттердің мерзімінде қайтара алмайтын несиелерінің саны да көбейеді. Ресми статистикаға қарағанда, қазір Қазақстан банктерінің несие қоржынындағы қайтару мерзімі өтіп кеткен проблемалық несиелер көлемінің орташа үлесі 30 пайызға жуықтаған.