Соңғы мәліметтерге қарағанда әлем бойынша антилоптардың төрттен бір бөлігі жойылу алдында тұр. Оның ішінде Орта Азияны мекендейтін бөкен мен еліктер де бар.
Бөкендер Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан мен Қалмақ жерінде көп кездесетін көрінеді. Өкіншіке қарай, соңғы 10 жыл ішінде оның саны 80 пайызға дейін кеміп кетіп, шамамен 40 мыңдайы қалған.
Табиғатты қорғау халықаралық одағының құрамына әлемдегі бірнеше жүздеген табиғатты қорғау қауымдастықтары енеді. Осы одақтың антилоптарды қорғау тобының тең төрағасы Дэвид Мэлонның айтуынша, Совет үкіметі ыдырағаннан кейін экономикалық қиындықтарға тап болған республикалар халықтары етке деген зәруліктерін осы бөкендерді аулау арқылы шешуге тырысқан.
Екіншіден, Қытайда дәстүрлі бір дәріні жасауға бөкеннің мүйізі пайдаланылады екен. Сондықтан мүйіз үшін аңшылыққа шыққандардың мылтығының қарауылына негізінен еркек бөкендер іліккен көрінеді.
Санаулы жылдар ішінде еркек бөкендер санының күрт азайып кетуі, ұрғашы бөкендердің өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндіктерін де шектей түскен екен.
Бөкен мүйізінің әр килограмы Қытайда 100 доллар шамасында болып қалады. Демек, еркек бөкендердің сайын далада баудай түсіп жатқанының себебі одан әрі айқын бола түссе керек. Сондықтан бөкендер 2002 жылы Табиғатты қорғау халықаралық одағының жойылу алдында тұрған аңдар тізіміне енгізілген болатын.
Осы одақтың антилоптарды қорғау тобының 2009 жылғы 4-ші наурызда жариялаған баяндамасында әлемдегі 91-дей антилоптар түрінің 25-ке жуығы жойылып кету алдында тұр деп жазылған.
Ал, Азия құрлығында бөкендердің шамамен 75 пайызына қатер төнуде.
Табиғатты қорғау халықаралық одағының 2006 жылғы баяндамасында Орта Азияны мекендейтін киіктер тобы да жойылу қаупін бастан өткеріп жатқан жабайы аңдардың екінші тобына жатқызылған екен. Киіктердің шамамен үштен бір бөлігінің өткен 10 жылда жойылып кеткені анықталып отыр.
Мэлонның айтуынша: “Қазақстанды мекендеген бірнеше ондаған мың киіктердің саны күрт азайып кеткен. Қазір қазақ жеріндегі олардың саны шамамен 10 мың мен 15 мыңның аралығында болар. Түркменстанда киіктер саны тіпті төмендеп кеткен. Өзбекстанда болса, 2000 немесе 3000-дайы ғана сақталған көрінеді. Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысында 100 шақты ғана қалған болар. Бұл қос елдің жерлері негізінен биік таулы келетіндіктен, киіктерге аса жайлы қоныс бола қоймаса керек”.
Киіктер сонымен бірге Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Ирақ, Армения, Грузия жерлерінде кезігеді. Олар құмды және жартылай құмды өңірлерді мекендеп, қайбір маусымдарда жайылым мен су іздеп, жер ауыстырып тұратыны бар.
Бөкендер сияқты киіктердің де еркектері мүйізді болғаны үшін оққа байланып, ұрпақ жаю мүмкіндігі азайып барады.
Дей тұрғанмен, соңғы 10 жылда құрып кету алдында қалған бұл жануарлардың тағдырына қоғамда алаңдаушылық өрістеп, оларды сақтап қалуға шақырған дабылдар көтерілуде.
Соның бір айғағы ретінде Ресей мен Қазақстан ресмилері бұл аймақтағы киіктер мен бөкендерді аулауға тыйым салып, бірлескен бақылау жасақтарын құрып отыр.
Бөкендер мен киіктерді қорғауды көздеген арнайы басқосу Алматыда 2006 жылы болған-ды. Сол жолы осынау сиреп бара жатқан аңдарды қорғау бойынша арнайы жұмыс бағдарламалары да түзілген болатын.
Мұның соңы қос ел арасындағы шын мәніндегі аймақтық әріптестік үдерісіне ұласқан еді. Содан бергі аралықта аталған аңдардың жойылу үдерісі тоқтап, кейбір аймақтарда олардың санының көбейе бастағаны байқалуда.
Қоршаған ортаны қорғау ісінің бір бөлігі боп табылатын осынау абыройлы шаруаны атқаруға жергілікті қарапайым халық та атсалысуда.
Талай ақын-жазушының жырлары мен дастандарына арқау болып, оларға шабыт сыйлаған дала еркелері-киіктер, еліктерін ертіп, сайын дала төсінде сұлу саптарын түзеп, қайтадан құйғытпақшы. Сондай күннің жақындай түсуіне әркім-ақ өз үлесін қосса игі!