«Жаңаөзен ісі бойынша сотталған екі азаматтың Ақтаудағы қоныстандыру колониясына ауыстырылғанын колония басшылығы Азаттыққа растады. Туыстары олар туралы айтуға сақсынады.
Жаңаөзен тұрғыны Нұрқия Бекболатова – 2012 жылы «Жаңаөзен ісі» бойынша 6 жылға сотталған Нарын Жарылғасыновтың әпкесі. Оның үш баланың әкесі, 34 жастағы бауыры Оралдағы колонияға қамауға түскелі бері оның денсаулығына қатты алаңдап келген Нұрқия Нарынды Ақтаудағы қоныстандыру колониясына ауыстыратынын естіген кезде қатты қуанған.
Қоныстандыру колониясының түрмеден айырмашылығы – жартылай жабық режимді, қамалушылардың мекеме ішінде жүріп-тұруына және жұмыс істеуіне рұқсат беретін тәртібі. Нарын колонияға ауыстырылған наурыздың 24-і күні Нұрқия анасы Сандор Ақтаевамен бірге Ақтауға барып, бауырымен жүздесіп қайтқан.
«ҮЙГЕ КЕЛГЕНДЕЙ ҚУАНДЫҚ»
«Ақтауға келуі үйге келгенмен бірдей болды. Амандығына қуанып, мәз болдық. Бір-екі күннен кейін медициналық тексеруден өтетінін, карантин болатынын айтты. Суық жақтан келгеннен кейін ауыруы мүмкін, ал былай «жағдайларымыз жақсы» деді» дейді Нұрқия Бекболатова Азаттық тілшісіне.
«Жаңаөзен ісі» бойынша сотталған азаматтардың туыстары журналистермен ашылып сөйлеспей, барынша сақтық танытады. Азаттық тілшісі хабарласқан кезде Нұрқия Бекболатова да әр сауалға жауап бермес бұрын «Не үшін сұрап тұрсыз?» деп қайта-қайта сұрай берді.
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында бір жылға жуық уақытқа созылған мұнайшылар ереуілінің соңы 2011 жылғы желтоқсанда полицияның оқ атуына ұласқан еді. 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған оқиғадан соң қалада төтенше жағдай жарияланып, ақпарат алу қиындаған.
Сол кезде тәуелсіз блогерлерге сұхбат беріп, қанды оқиға туралы сыртқы әлемге баяндап берген алғашқы куәгерлердің бірі – Нарын Жарылғасыновтың анасы Сандор Ақтаева болатын. 2012 жылғы маусымда 37 адам «Жаңаөзен ісі» бойынша сотталған соң, олардың басым көпшілігінің туыстары журналистермен сөйлесуден қашқақтай бастады. Туыстары сотталған жаңаөзендіктердің хал-ахуалы туралы берген қандай да бір комментарийлері қамаудағылардың жағдайына теріс әсер етеді деп қорқады.
Тергеу барысында айыпталушылардың адвокаттары мен туыстары олардың азапталғаны жайлы мәлімдемелер жасаған. Кейін сотталған мұнайшылардың белсендісі Роза Төлетаеваның түрмеде күрт нашарлаған денсаулығы туралы да қарама-қайшылыққа толы ақпарат тарады.
ОН ҮШТІҢ БЕСЕУІ – ӘЛІ ҚАМАУДА
Ақтаудағы қоныстандыру колониясына Нарын Жарылғасыновпен қатар «Жаңаөзен ісі» бойынша алты жылға сотталған 32 жастағы, үш баланың әкесі Мақсат Досмағамбетов те ауыстырылған. Оны қоныстандыру колониясына барған анасы Оңайгүл Досмағамбетова көріп қайтқанын айтады.
«Ұлымды көрдім. Құдайға шүкір, жағдайы қалыпты» деді ол Азаттық тілшісіне.
Ақтаудағы қоныстандыру колониясының бастығы Есбол Жігітов Азаттық тілшісіне Нарын Жарылғасынов пен Мақсат Досмағамбетовтың келіп түскенін растағанымен қосымша сұрақтарға тек жазбаша түрде жауап беретінін ескертті.
Сотталған жаңаөзендіктердің туыстары жақын арада 6 жылға сотталған Қанат Жүсіпбаевты да қоныстандыру колониясына ауыстыруы мүмкін деген болжам айтады. Әзірге оған қатысты ресми мәлімет алу мүмкін болмады.
Нарын Жарылғасынов, Мақсат Досмағамбетов және Қанат Жүсіпбаев – «Жаңаөзен ісі» бойынша ең қатаң жаза алып, бүгінге дейін жазасы жеңілдетілмей келген сотталушылар. Олардың жаза мерзімі 2017 жылдың соңында аяқталуы тиіс.
«Жаңаөзен ісі» бойынша әуелі 7 жылға сотталып, кейіннен жазасы 5 жылға қысқартылған мұнайшылардың белсендісі Роза Төлетаева да биылғы қаңтарда қоныстандыру колониясына ауыстырылған еді.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында қарулы полиция ереуілдеуші мұнайшыларға оқ атып, 16 адам өліп, жүзден астам адам жараланған еді. Осы оқиғаға байланысты 37 адам «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру», «ұрлау» және «тонау» баптары бойынша айыпталып, 2012 жылғы маусымда олардың 13-і 3-7 жыл аралығындағы түрлі түрме жазасына кесілген. Қалған 21 адам шартты жазаға кесіліп, үшеуі ақталған болатын. Сотталғандардың барлығы өздеріне тағылған айыптарды мойындамаған.
Түрме жазасына кесілген 13 адамның 8-і қазір бостандықта. Бұлар: Нұрлан Асқарұлы, Марат Әминов, Қайрат Әділов, Жарас Бесмағанбетов, Бауыржан Непес пен Мұрат Қосбармақов, Талғат Сақтағанов және Таңатар Қалиев. 2013 жылы жоғарғы сот бұлардың жетеуінің жазасын шартты жазаға ауыстырып, босатқан болатын. 2014 жылдың ақпан айында Таңатар Қалиевтің босап шыққаны хабарланған.
Ал «Жаңаөзен ісі» бойынша сотталғандардың бесеуі әлі қамауда. Бұлар: Нарын Жарылғасынов, Мақсат Досмағамбетов, Қанат Жүсіпбаев, Роза Төлетаева мен Шабдал Өткелов.