Қазақстан қорғаныс министрлігі өкілі Азаттық тілшісіне Жаңаөзен қаласында жаңадан құрылған әскери бөлімнің "өздеріне қатысы жоқ екенін" айтты. Жергілікті агенттіктер осы әскери бөлімнің Қазақстан ішкі істер министрлігіне (ІІМ) қарайтынын хабарлады.
Жаңаөзендегі ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі бұл туралы Азаттық тілшісіне "ештеңе айта алмайтынын" мәлімдеді. Ал ІІМ ішкі әскер комитетінің баспасөз хатшысы Қуаныш Қожахмет "Әскери бөлімде қанша сарбаздың қызмет атқаратыны, алғашқы лектің қанша адам екені, сарбаздардың техникалық жабдықталуы" және басқа сұрақтарды жазып алып, "кейін хабарласыңыз" деген кеңес берді.
"ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАДАҒАЛАЙСЫЗДАР"
Жергілікті Lada.kz сайтының жазуынша, жаңа ашылған 55/48 әскери бөліміне Петропавл қаласынан әскерге алынған жас азаматтар әкелінген.
Сайт ақпараты бойынша, 2013 жылы желтоқсанның 7-сі күні "жас сарбаздарды Ақтау қаласындағы 66/56 әскери бөлімінің офицерлері салтанатты түрде Маңғыстау станциясынан күтіп алған".
Порталда жарияланған видеода әскер қатарына шақырылған жастардың алдында сөйлеген әскери қызметкер орыс тілінде "Сіздер - Жаңаөзендегі ішкі әскерге шақырылған алғашқы азаматтарсыздар. Қоғамдық тәртіпті қадағалауға қызмет етесіздер" деп түсіндіреді. Ол әскери бөлімнің Жаңаөзен қаласында орналасқанын да айтады.
Жаңаөзенде ішкі әскер бөлімі құрылатыны жөнінде шешім екі жыл бұрын қабылданған. Ресми ақпарат агенттіктерінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласында ішкі әскер бөлімін орналастыру үшін әскери қалашық салуды ІІМ ішкі әскер комитеті ұсынған.
2013 жылы шілде айында жарық көрген үкімет қаулысында әскери бөлімнің «құқық бұзушылықтардың алдын-алу және азаматтардың құқығы мен заңдық мүддесін қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында» құрылып отырғаны баяндалған еді.
ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚОЗҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Әскери қалашық салынып жатқан кезде оның басшылары қаржы дауына іліккені туралы ақпарат пайда болған еді. 2013 жылы қазан айында қаржы полициясының аймақаралық басқарма өкілдері әскери бөлімнің тылдағы командирінің орынбасары, полиция майоры Көшербаев пен «Экопроект» ЖШС өкілі Әбубәкіроваға қатысты жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.
Қаржы полициясының дерегінше, аты аталған екі азамат Жаңаөзендегі әскери қалашықтағы құрылыс нысандарын салуға қатысты актілерге қол қою үшін бір миллион теңге көлемінде пара алған. Тергеудің жалғасып жатқанын айтқан қаржы полициясы олардың жеті және он екі жыл көлемінде бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Содан бері бұл іске қатысты басқа ақпарат шықпады.
Қаладағы әскери қалашық 2011 жылғы Жаңөазен оқиғасынан кейін салынған. Әскери қалашықтың салынатыны туралы ақпарат алғаш пайда болған кезде кейбір әскери сарапшылар «бұл Жаңаөзен оқиғасынан бері мұнайлы қаладағы жағдайдың әлі түзелмегенін көрсетеді» деп пайымдаған еді.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында ереуілдеп тұған мұнайшыларға полиция оқ атып, оның соңы «тәртіп бұзушыларды» жазалауға ұласып, 16 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған еді. Бұдан бөлек жаңаөзендіктерді қолдаған толқу кезінде Шетпе стансасында бір адам оққа ұшқан болатын.