Қазақстанда 200 мыңнан астам студент оқу төлемін төлей алмауына байланысты институттар мен басқа да оқу орындарынан шығарылған. Дегенмен өзінің 75 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығы білім ордасында мұндай жағдайдың орын алмағандығын айтады.
Көптеген жоғары оқу орындарында төлемақысы көбейгендіктен, ата-аналар оқу ақысын дер кезінде төлей алмай қалған.
"Алматы студенттері қоғамдастығының мәліметіне сәйкес, бір ғана Алматы қаласында 2009 жылы 85 мыңдай студент емтихандарын тапсыра алмапты. Егер билік бұл мәселенің шешімін таппаса, студенттердің 40%-дан астамы оқу ақысын төлей алмайды. Ата-аналардың пікірінше, бұл мәселеде ҚР Білім және ғылым министрлігі өзінің қауқарсыздығын көрсетуде, яғни, оқыту сапасының төлемге сай болу мәселесін реттей алмай отыр", -деп атап көрсетті Сағынбек Тұрсынов өзінің депутаттық сауалында.
Десек те құрылғанына 75 жыл толған мерейтойын атап өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университетте мұндай жағдай орын алмаған сияқты.
- Біздің Университетте оқудан шыққан студенттердің саны 30-ға да жетпейді. Бірақ олардың басты себебі, оқуының ақшасын төлей алмауында емес, сабақ үлгерімі, тәртібі сынды басқа да себептер бар. Оның дағдарысқа еш қатысы жоқ, өйткені бізде жыл сайын түрлі себептермен 30-40 шақты жастар оқудан шығарылады - дейді аталмыш білім ордасының ректоры Бақытжан Жұмағұлов.
Сонымен қатар студенттердің оқудан шығып кетуі олардың өздеріне де байланысты дейді ректор:
- Оқу бағасын төмендетумен біз мәселені шеше алмаймыз. Ең бастысы, жақсы оқитын студенттер болса, оларға қол ұшын беру қажет. Төлем ақысын арзандату, оларды мемлекеттік грантқа ауыстыру сияқты жолдарды қарастыру керек. Біздің студенттер жақсы оқуға талпыну керек, ал егерде үлгерімі нашар, білімге деген қызығушылығы жоқ жастар болса оларды оқытып керегі не?
Осы ретте Жоғарғы оқу орындары ассоцияциясының төрағасы, экономист Рахман Алшанов, мемлекет білім аламын деген жастарға көмек жасаса абзал болар еді дегенді айтады.
- Бүгінде біз гранттың санын көбейтіп, білім аламын деген жастарға демеу жасау керектігін ұсынып отырмыз.
Маманның айтуынша, бүгінгі жекеменшік білім ордаларына кететін шығын, студенттердің ақшасымен жабылып отыр. Сондықтан оқу ақысын азайту дегенді қазір ешкім де қолдамауы мүмкін. Алайда, бұл жолдан шығудың басқа да жолдары бар дейді экономист Рахман Алшанов.
- Бүгінгі таңда Қазақстанның 300 жекеменшік компаниясы өзінің қаражатына 8 мың студентті оқытып жатыр. Жалпы алғанда елде осындай мүмкіндігі бар, тек қана кәсіпорындардың саны 190 мың. Солар жастарға неге көмектеспейді? Қазір Салық кодексіне өзгерту енгізілді. Ол бойынша, егер кәсіпорын өзіне кадр дайындайтын болса, мемлекетке төленетін салығы аз болады. Бұл жайтты көбісі білмейді, егер осы жағдай қолға алынса, жастарға да, жұмыс беруші жаққа да тиімді болушы еді.
-Соңғы мәліметтерге жүгінер болсақ, бір ғана Алматы қаласындағы белді деген жоғары 10 оқу орнында ақысын төлей алмағандықтан, 85 мыңнан аса студент қысқы сессияға жіберілмеген. Ал облыстарда жағдай бұдан да қиын көрінеді. Оқу орындарының басшылығы ешқандай шара қолданбай отыр дейді,- депутат Сағынбек Тұрсынов.
Ал бірақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары мұндай жағдайлардың орын алғандығын растап отырған жоқ.