Қаңтардың 21-і күні Алматыда ақылы бөлімде оқитын студенттердің ата-аналары «төтенше кеңеске» бірігіп оқу ақысы төленбеген студенттердің оқудан шығарылуын тоқтатуды талап етті. Дәл осы күні Алматыға арнайы келген Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова ата-аналардың талаптарын қанағаттандырған жоқ.
Төтенше кеңестің құрылуына мұрындық болғандардың бірі Қайрат Ердебаевтың айтуынша, оның Алматыдағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан екі студент баласы ақысы төленбегендіктен оқудан шығып қалмақ. Себеп – оқу ақысының жоғарылауы және елдегі дағдарыстың салдарынан қалтада қаражаттың жоқтығы.
- Күнделікті нәпақа тауып жүрген астымдағы көлігімді сатып, өнер институтында оқитын баламның оқу ақысының жартысын ғана төледім. Ал, үйдегі екінші студенттің білім мекемесіне тиісті қаржы құйылған жоқ, - деді ол.
Кеңестің тағы бір мүшесі Ольга Оразбекова болса, оқу ақысының қайда жұмсалып жатқандығы туралы университет есебін сот арқылы да сұрата алмағандығына наразы:
- Оқу ақысы не үшін қымбаттайды? Бізге одан келер пайда бар ма? Осы секілді толып жатқан сауалдардың жауабын білмек болып, сотқа да жүгіндім. Бірақ биліктің бұл тармағы мені мазалайтын сауалдардың жауабын тауып бере алмады.
«Жалғыздың үні шықпас» дегеннің кері келген соң, Ольга Оразбекова өзі секілді басқа да ата-аналармен күш біріктіруді жөн деп шешіпті. Соның нәтижесінде «төтенше кеңес» құрылғандығын айтады ол. Сонымен қатар, ата-аналар сөз болып отырған бірлестікке мүше болам деушілер көптеп табылатындығына сенімді.
- Біздің үш талабымыз бар: біріншісі – оқу ақысын төлеуге шамасы жетпей отырған студенттерді оқудан шығаруды тоқтату; екіншісі – келісім-шарттарды қайта қарау; үшіншісі – ақылы оқу бөліміндегі студенттердің оқу ақысын ұзақ мерзімдік несие ретінде мемлекет есебінен төлеп беру, - деді Қайрат Ердебаев.
Сейсенбі күні Алматыға студенттер және олардың ата-аналарымен кездесуге Астанадан арнайы келген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, жалақы мен инфляцияның өсуіне байланысты оқу ақысының да көтерілуі қалыпты жағдай.
- Ақы төлеу мәселесі оқуға түскен азамат пен оқу орнының арасындағы келісімшартпен бекітіледі. Егер оқуға түскен адам келісімге келген күні төрт жылын бірден төлейтін болса, онда ол оқуды бітіргенше төлеу ақысы өзгермейді. Ал, егер жылма-жыл төленетін болса, оқу ақысы да көтерілуі мүмкін, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, «200 мың студент ақысын төлей алмай оқудан шығып қалыпты» деген әңгіме шындыққа жанаспайды.
- Біз мониторинг өткізіп отырмыз. Оқудан шығып қалғандардың барлық саны 7 мыңның айналасында. Оның ішінде жартысынан көбі негізінен оқуын оқи алмай кеткен студенттер, - деді К. Шәмшидинова.
Сонымен қатар, вице-министр республикадағы әрбір жоғарғы оқу орындарының ректорларымен жеке-жеке жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап көрсетті.
- Ақылы оқудағы әрбір студенттің жағдайын жеке қарау керек. Яғни, студенттің оқу ақысын төлеуге ыңғайлы жағдай жасау тапсырылды. Сонымен қатар, оқу орындарының ішкі қажеттілігін азайтудың есебінен жағдайы жоқ және жақсы оқитын балаларға қандай да бір жеңілдіктер қарастыру турасында ректорлармен әңгіме болып жатыр, - деді К. Шәмшидинова.
Алайда, «төтенше кеңестің» мүшелері, яғни оқу ақысы төленбеген студенттердің ата-аналары вице-министрдің жауаптарына қанағаттанбағандықтан және өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін күресуді жалғастыра беретіндіктерін мәлімдеп отыр.