International Partnership for Human Rights халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуроодақты Қазақстанмен келіссөздерде елдегі адам құқығы ахуалын жақсарту мәселелерінде табандылық танытуға шақырды.
Еуропалық одақ (ЕО) пен Қазақстан арасындағы осыдан бір жылдай бұрын тоқтап қалған әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім жобасы туралы келіссөздер көп ұзамай қайта басталуы тиіс. Жуырда International Partnership for Human Rights (IPHR) ұйымы Еуроодақты жаңа жоба жөніндегі келіссөздер процесін адам құқығына қатысты ахуалды жақсартуға пайдалануға шақырған мәлімдемесін жариялады.
Жаңа әріптестік және ынтымақтастық келісім жобасы Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында 1999 жылы бекітілген ескі келісімді ауыстыруы тиіс. 2011 жылы Қазақстандағы Жаңаөзен оқиғаларынан кейін басталған жаппай репрессияларды Еуропарламент сынағаннан бері бұл келіссөздер бір жылдай тоқтап қалған еді.
Әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келіссөздер басталуына байланысты IPHR ұйымы Еуропалық одақты «Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты» деп айыпталған адамдардың әділетсіз сотталуы; саяси оппозицияны ойдан шығарылған қылмыстық айыптармен қудалаудың күшеюі; «экстремизмді насихаттады» деген айыппен 2012 жылдың аяғында бірнеше ірі оппозициялық басылымдардың жабылуы; азаматтық белсенділерді қудалау; азаматтардың жиналу еркіндігін заң жүзінде де, іс жүзінде де шектеу сияқты мәселелер бойынша Қазақстан үкіметіне сұрақ қоюға шақырады.
2008 жылы құрылған International Partnership for Human Rights («Адам құқығы жөніндегі халықаралық әріптестік») халықаралық үкіметтік емес ұйымының штаб-пәтері Бельгия астанасы Брюссельде орналасқан. International Partnership for Human Rights ұйымының Қазақстандағы әріптесі – Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро.
Бюро жетекшісі, белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы адам құқығына байланысты диалог жайында Азаттық тілшісіне сұхбат берді.
Азаттық:– Жовтис мырза, International Partnership for Human Rights ұйымы мәлімдемесінде Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қандай диалог жайында айтылады?
Евгений Жовтис: – Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында адам құқығының сақталуына қатысты диалог деген форма бар. Еуропалық одақтың шенді тұлғалары ЕО пен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімның жаңа нұсқасын әзірлеу барысында Қазақстан билігімен кездесіп тұрады. Айтпақшы, қарашаның 26-сы күні Астанада өткен адам құқықтары жөніндегі семинарда ЕО өкілдері азаматтық қоғам белсенділерімен де кездесті. «Адам құқығы бойынша халықаралық әріптестік» ұйымының мәлімдемесі осы диалогқа байланысты.
Азаттық: – Еуроодақты адам құқығына қатысты диалог барысында Қазақстанның бұл саладағы ахуалды жақсартуын табандылықпен талап етуге шақыратындай International Partnership for Human Rights ұйымының Еуроодаққа қандай қатысы немесе ықпалы бар?
Евгений Жовтис: – «Адам құқығы жөніндегі халықаралық әріптестік» – құқық қорғау ұйымы. Бұрынғы советтік кеңістік елдеріндегі адам құқығы ахуалына байланысты мәлімдемелер жасайды. Ол Еуропалық парламентпен, басқа да шетелдік және бұрынғы советтік елдердің құқық қорғау ұйымдарымен (оның ішінде біздің бюро да бар) тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар біздің мәлімдемелерімізді де ескеріп, оған қатысады.
Ұйым өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Варшава қаласында өтетін адам құқығы өлшемдері жөнінде мәжілістеріне де үнемі қатысады. Олардың Еуропарламент депутаттарымен байланысы мықты. Еуропарламент депутаттары мен Еуропа комиссиясы мүшелеріне ықпал ету арқылы олар адам құқығына қатысты жайттарды Еуропаға, Еуроодақ құрылымдарына жеткізеді.
Бұл өте ықпалды ұйым болғандықтан, оның мәлімдемелерін елемеудің жағымсыз салдары болатынын біздің шенеуніктерге ескерткім келеді.
Азаттық: – Еуропалық одақ адам құқығы жөніндегі диалогты Қазақстанмен ғана жүргізе ме? Әлде Еуроодаққа кірмейтін барлық елдермен де осындай диалог орната ма?
Евгений Жовтис: – Еуропалық одақтың бұрынғы советтік кеңістік елдерімен әрекеттесуінің бірнеше формасы бар. Мысалы, Ресей – Еуропа кеңесінің мүшесі және Еуропалық соттың құзыры жүретін аймаққа кіреді. Кейбір елдер ЕО-пен ассоциация құру туралы келісімге қол қою кезеңінде тұр. Ал ЕО-пен шекаралас кейбір елдер тату көршілік қарым-қатынас бағдарламасына кіреді.
Еуроодақ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынаста өз стратегиясын ұстанады. Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен адам құқығына қатысты диалог осы стратегия аясында жүргізіледі.
Азаттық: – Еуропалық одақ пен Қазақстан арасында адам құқығы жөніндегі диалогтың талай жылға созылғанына қарамастан, адам құқығы ахуалы саласында алаңдаушылық туғызатындай жайттар бар деп ойлайсыз ба?
Евгений Жовтис: – Әрине, бар. «Адам құқығы жөніндегі халықаралық әріптестік» ұйымы өз мәлімдемесінде дәл осы жайттарды көрсетеді. Еуропалық одақ адам құқығын қорғау жөніндегі диалогты бұрыннан жүргізіп келеді. Шынымды айтсам, мен бұл диалогтан тиімді нәтижелер шықса екен деймін.
Диалог жүріп жатыр, бірақ ол нақты бір нәтижелер берді, айталық, осы диалогтың арқасында заңдар өзгерді немесе саяси тұтқындар түрмеден босатылды, немесе тәуелсіз ақпарат құралдарына қысым тоқтады деп әзірше айта алмаймыз. Диалогтың бары жақсы ғой, бірақ ол тиісті нәтиже берсе, тіпті жақсы болар еді.
Азаттық: – Бұл диалогтан нәтиже шығуына қандай кедергілер бар деп ойлайсыз?
Евгений Жовтис: – Қазіргі заманда әлем өзара тығыз байланысты болғандықтан, сырт жұрт бәрін көріп, бақылап отыр. Ал бұл диалогқа әлдебір саяси, экономикалық және басқа да мүдделер ықпал етеді. Бірақ Қазақстан басшылығы бұл диалогпен бәрібір санасуы тиіс.
Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рақмет.