AP (Ассошейтед пресс) басылымы желтоқсанның 4-і күні жариялаған мақала Қазақстанның АҚШ-тан ірі қара мал сатып алып жатқанына арналыпты.
Мақала авторы қазақстандық кәсіпкерлердің асыл тұқымды сиыр өсіру дәстүрі қалыптасқан АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатына барып, сабақ алғанын айтады. Бұл елдің сиырлары семіз, әрі суыққа төзімді болып келеді екен. Автор Қазақстан мен Солтүстік Дакотаның қысы ұқсас болғандықтан бұл ірі қаралар Қазақстанды тосырқамас деген отандық шаруалардың үмітін жеткізіпті.
«ҚАЗАҚСТАНДА ІРІ ҚАРА 35-ТЕН 2 МИЛЛИОНҒА АЗАЙҒАН»
Автордың айтуынша, қазақстандық 15 шаруа ковбойша киініп алып, Солтүстік Дакотаның Хелблинг Герефорд ранчосына келіп, мұндағы ірі қараны күтіп-бағу әдісімен танысқан. Солардың бірі – 48 жастағы Мананбай Садықов. Өмірінің басым бөлігін мал өсіруге арнаған ол енді Дакота ранчосындағы ардагер ковбойлардың тәжірибесімен танысып жатыр.
«Сиыр бағу молекулаларды ажырату сияқты қиын жұмыс емес шығар. Бірақ бұл да ауыр жұмыс. Біз осы салада жеткен жетістігімізбен бөлісуге дайынбыз» деген Хеттинген ранчосының қожайыны Марк Арчибальд.
Мақалада 1991 жылы Совет Одағы ыдырыған соң Қазақстандағы мал шаруашылығының талан-таражға түскені, ірі қара малдың саны 35 миллионнан 2 миллонға азайғаны жазылады. Енді осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстан Солтүстік Дакотадан асыл тұқымды сиырлар сатып алмақ. 2010 жылдан бері осы штаттағы Фарго қаласынан Қазақстанға жүк ұшағымен 5 000 бас герефорд пен ангус тұқымдас сиырлар жіберілген. Биылғы жылдың соңына дейін сондай 3 000 ірі қара тасымалдау жоспарда бар.
Солтүстік Дакотаның етті, әрі терісі қалың, суыққа шыдамды сиырларынан мол пайда табудан қазақстандық мамандардың да үміті бар. Ал Солтүстік Дакота сауда палатасының директоры Дин Гордердің айтуынша, аталған ел Қазақстанмен сауда байланысын орнатқан. Ауыл шаруашылық техникасын да экспорттап жатыр.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРУ
Солтүстік Дакота ауылшаруашылық комиссары Дуг Гоеринг Қазақстанда нарық қалыптастыруға негіз бар екенін, бірақ ұзақ уақыт кететінін айтады. Гордер мен Гоеринг Қазақстанға арнайы сапармен бірнеше рет келіпті. Екеуі мақала авторына ет жегенді жақсы көретін мұсылман елінің тәбетіне таң қалғандарын айтқан. «Бұл ел етті өте көп тұтынады. Қазақтар ет жегенде қарап тұрып менің асқазаным ауырады» деген Гоеринг.
Қазақстандық сауда өкілі, ауылшаруашылық саласының зерттеушісі Дәулет Чункунов Қазақстанның дайын етті көбіне Еуропа мен Австралиядан сатып алатынын, енді ғана ірі қара мал шаруашылығын дамытуға бет бұрғанын айтқан. Бұл іс ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
«Бізде мұнайдан түсетін ақша мен күшті ішкі нарық дамыған, үкіметтің көмегі мен жұмыс күші де бар» деген Чункунов. Автордың жазуынша, қазақстандық «ковбойлардың» ішінде ірі қара өсіріп, пайдасын көруге ынталы жастар да бар. Олар да малды бордақылау, ен салу, егу және піштіру бойынша құнды кеңестер алған.