Алматы облысы Қаскелең қаласының «Сұңқар» футбол командасының ойыншылары бірнеше айдан бері айлық алмаған. Футболшылар жаттығу жасаудан бас тартып, «ойындарға қатыспауымыз мүмкін» деп ескертті.
Қазақстан чемпионаты басталған кезде алғашқы ондыққа кірген «Сұңқар» клубы қазір турнир кестесінің соңғы орнында тұр. Футболшылардың айтуынша, команда басшылығы төрт айдан бері айлық төлемеген. «Айлық алмаған соң командадан – бірлік, ойыннан сән кетті» дейді футболшылар.
«АЙЛЫҚ БЕРМЕЙДІ – НӘТИЖЕ ТАЛАП ЕТЕДІ»
Командада 25 футболшы ойнайды. Олардың арасында Өзбекстан, Беларусь, Сербия, Ресейден келген футболшылар бар.
«Сұңқар» командасында ойнайтын өзбекстандық легионер Фархадбек Ирисметов Азаттық тілшісіне командадағы бүгінгі ахуалды баяндап берді.
– Төрт айдан бері жалақы төленген жоқ. Бірақ команда басшылығы бізден нәтиже
талап етеді. Чемпионат басталған кезде ойынымыз жақсы жүріп, мықты командалармен тең ойнадық. Ал шілде айынан бері айлығымыз кешігіп жатыр. Команда жетекшілері нақты қай уақытта айлық берілетінін айтпайды. 16-17 қазан күндері жаттығудан бас тарттық. Директормен кездесе алмай отырмыз. Чемпионат әрі аяқталған жоқ. Сондықтан ойнауымыз керек. Ал жаттығу дұрыс болмаса, ойында жеңіске жету қиын, – деді футболшы.
«Сұңқардың» Қазақстан құрамасында ойнайтын футболшысы Азат Нұрғалиев те бірнеше айдан бері айлық алмағанын айтты.
– Мен бүгін Австриядан келдім (16 қазан күні Қазақстан құрамасы Австриямен әлем чемпионатының іріктеу матчын өткізген – ред). «Команда ойыншылары жаттығуға шықпай жатыр» дегенді енді естіп жатырмын. Ол жағынан нақты
хабарым жоқ. Бірақ айлықтың кешігіп жатқанына біраз болды, – деді Азат Нұрғалиев.
Бас бапкер Владимир Гулямхайдаров, Асқар Қожабергеновтер де жалақы алмапты.
«Сұңқар» командасының менеджері Ренат Сууров клубтың ойыншыларға айлық бере алмай жатқанын растады.
– Командада қаржы жағынан қиындықтар бар. Ойыншыларға айлық бере алмай жатырмыз. Қазір бұл мәселе Қарасай ауданының әкімдігінде қаралып жатыр, – деді клуб өкілі Азаттық тілшісіне.
ОН ҮШІНШІ ОРЫН
Қазақстан чемпионатына қатысып жатқан «Сұңқар» 22 ұпаймен 14 команданың арасында 13-орында тұр.
Команда 2011 жылғы чемпионатта төменгі лигада ойнап, бірінші орын алған еді.
Қазақстан футболының ережесіне сай, төменгі лигада бірінші орын алған клуб премьер-лигаға (жоғарғы чемпионат) өтеді. Ал премьер-лигада соңғы орын алған екі клуб төменгі чемпионатқа түседі.
Сол ережеге сай 2012 жылы премьер-лигада ойнау құқына ие болған қаскелеңдік «Сұңқар» енді қалған үш ойында тоғыз ұпай алмаса, премьер-лигаға қатысу мүмкіндігінен айырылып, төменгі лигаға қайта түседі.
– Жалақымыз төленбесе, алдағы ойындарға шықпаймыз, қысқы жаттығу жиындарына қатыспаймыз, – деді «Сұңқардың» футболшылары.