Сәрсенбіде Мәжіліс «Самұрық-Қазына» қорына қатысты заң жобасын бір ауыздан мақұлдады. Оған сәйкес, «Самұрық-Қазына» екінші дәрежелі банктерге акционер болу және стратегиялық маңызы бар нысандарды банкроттық жағдайда иелену құқын алды. Ал қордың жұмысы турасында әр-алуан сыни пікірлер айтылып жатыр.
«Самұрық-Қазына» қорының жұмысының ашықтығына күмән келтіретін пікірлерді «нұротандық» мәжіліс депутаттары да көтерді. Мәселен, Зейнолла Алшынбаев дағдарыстан шығу бағдарламасының нақты жұмыс істеу механизмін әлі көріп отырған жоқпыз дейді. Оның айтуынша, дамыған елдердің бағдарламасына жүгінсең, бәрін ашық, нақты жазып қойған.
- Мысалы, АҚШ қаржы дағдарысымен күресу үшін 750 млрд. доллар бөлеміз деді. Оның 2011 жылға дейін нақты жоспары бар. 3,5 млн. жұмыс орнын ашамыз деді. Ал бізде олардың бірі де жоқ. Сосын бөлінген ақшаның қайтарылымын үкімет қалай қадағалайды? Мәселен, соңғы бес жылда инвестициялық қорға мемлекеттен 32 млрд. теңге бөлінді. Соның тек 615 млн. теңгесі ғана қайтарылған. Кейін үкімет мүшелері қызметтерін ауыстырады. Сонда біз кімнен талап етеміз?, - дейді мәжіліс депутаты Зейнолла Алшынбаев.
Ал Иван Черкалин «проблемалық кредиттердің тағдыры не болады? «Самұрық-Қазына» бұған қалай әрекет етіп отыр? Бұл жағы да анықталмаған. Түсініксіз»,- дейді.
Жоғарыдағы мәселелерге қатысты «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов Азаттық радиосына берген сұхбатында әлі бірқатар проблемалардың бар екенін мойындады. Бірақ елдің ІЖӨ-нің 40 пайызын «Самұрық-Қазына» құрайды деген Келімбетов жақында бар проблеманы үкіметпен бірлесіп шешеміз деді.
Бүгінде екінші дәрежелі банктердің шетелге 11 млрд. доллар берешегі бар. Мәжіліс депутаттары банкирлер Ұлттық қордан бөлінген 10 млрд. долларды сол қарыздарына жұмсап жібермей ме деген күдіктерін білдірді.
Бірақ Қайрат Келімбетов екінші дәрежелі банктер өздерінің активтеріндегі ақшасымен қарыздарын қайтаратынын түсіндіріп, ал Ұлттық қордың ақшасы орта және шағын бизнесті дамытуға, тұрғын үйлерді аяқтауға жұмсалады деп жауап берді.
- Екінші дәрежелі банктермен бірнеше меморандумға қол қойдық. Онда Ұлттық қор ақшасының тиімді жұмсалатыны анық көрсетілген, - деді Қайрат Келімбетов.
Айта кету керек, кеше үкімет отырысы кезінде де премьер-министр Кәрім Мәсімовтің өзі банкирлердің ақшаны қалай жұмсайтындығына күмән білдіріп, «Субханбердин (Нұржан Субханбердин Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы) мен Павлов (Александр Павлов Халық банкінің директорлар кеңесінің төрағасы) президенттің алдында ақшаны қайтару жөнінде қандарымен қол қойған» деді.
«Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілев болса, «Время» газетіне берген сұхбатында «Самұрық-Қазына» ұлттық қорын тарату керек екенін, себебі оның жұмысынан ел экономикасына ешқандай пайда әкелмейтінін айтыпты.
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 2008 жылдың 13 қазанында президенттің жарлығымен «Самұрық» пен «Қазына» ұлттық компанияларының бірігуі арқылы құрылды. Сол кезде мемлекет басшысы экономикалық дағдарыстан шығу үшін Ұлттық қордан 10 млрд. доллар бөлетіндігін жария етті. Мұнымен қоса, зейнетақы қорынан да қосымша 2 млрд. доллардан астам ақша бөлініп отыр.