Қазақстан Францияға осы елде ұсталған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш жолдады.
Бұл туралы Астанада өткен брифингте бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков хабарлады.
"2 тамызда Қазақстан бас прокуратурасы Францияға Әблязовты экстрадициялауды сұрап, хат жолдады. Бас прокуратура экстрадицияға қатысты барлық заңнамалық шараларды қабылдайды. Бұл мәселе бас прокуратураның ерекше қадағалауында. Интерполдың қазақстандық бюросы франциялық әріптестеріне Әблязовтың іздеуде жүргенін растады. Әблязовты экстрадициялау мүмкіндігі туралы айтсақ, Еуропа елдерінің кейінгі уақытта қылмыскер ретінде айыпталған адамдарды өзара алмасуға бейім екенін байқап жүрміз" деді ол.
ЭСТРАДИЦИЯЛАУ МҮМКІНДІГІ БАР МА?
Алайда халықаралық құқық мамандары "Әблязовты Францияның Қазақстанға бере қалуы неғайбіл" деген ыңғайдағы пікір білдірді.
Бұрын дипломатиялық қызмет атқарып, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы және Ирандағы елшісі болған Төлеген Жүкеев "Әблязовты Қазақстанға экстрадициялау мүмкін емес" екенін айтады.
- Егер нақты келісім болмаса, онда тараптар бір-біріне ондай тұтқындарды бермейді. Қазақстан бұл мәселені шеше алмайды, - дейді ол.
Блогшы әрі азаматтық белсенді, бұрын дипломатиялық қызмет атқарған Қазбек Бейсебаев та "Әблязовты экстрадициялау мәселесінің ұзаққа созылуы мүмкін" екенін айтты.
- Әблязовтың басы саудаға айналды. Бірақ менің ойымша, француздар Әблязовтың өз елінде ұсталғанына қуанып отырған жоқ. Енді көптеген сот отырыстары болады. Батыс елдерінде сот тәуелсіз және олар бекітілген нормалар бойынша ғана шешім шығарады алады, - деді Қазбек Бейсебаев Азаттыққа.
Ол бас прокуратураның "Еуропа елдерінің кейінгі уақытта қылмыскер ретінде айыпталған адамдарды өзара алмасуға бейім екенін байқап жүрміз" деген сөзіне таңғалды.
- Кімді қайтарып алыпты? Ол жақтан Қазақстан ешкімді экстрадиция жасаған жоқ. Тіпті көршілес Ресейде жүрген бұрынғы статистика агенттігінің басшысын да алдырған жоқ, - дейді Қазбек Бейсебаев.
"ӘБЛЯЗОВ ХИКАЯСЫ"
Мұхтар Әблязов 31 шілдеде Францияның Муан-Сарту қаласында ұсталған еді. Франция прокуратурасы Әблязовты ұстау туралы өтінішті Украина бергенін айтқан. Бұған дейін ақпарат құралдарында Әблязовтың франциялық адвокаты "Қазақстан мен Франция арасында қылмыскерлерді беру туралы келісім жоқ" екенін, "сондықтан оны Украина сұратқанын" хабарлаған.
1 тамызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының прокуроры Соланж Легра Азаттыққа Әблязов өзін экстрадициялау мәселесі шешілгенше 40 күн қамауда бола тұратынын мәлімдеген.
2005-2009 жылдары «БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. 2011 жылы Қазақстан Ұлыбританияға Әблязовты экстрадициялау туралы өтініш түсірген. Ұлыбритания оған сол жылы саяси баспана берген еді.
Бұдан соң Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.
2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовті "сотты құрметтемегені" үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов 2012 жылы наурызда апелляциялық шағым жазған. 2012 жылы қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған. Оған қоса, сот Мұхтар Әблязовтан қазақстандық БТА банктің пайдасына 2,1 миллиард АҚШ долларын өндіріп алу туралы үкім шығарған. Алайда Әблязов Ұлыбританиядан жасырын кетіп қалып, оның кейінгі уақытта қайда жүргені белгісіз болып келді.
Бұған дейін Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен еді.
Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Соңғы жылдары Еуропада қашып жүрген бұрынғы банкир Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды.
6 тамызда Қазақстандағы азаматтық белсенділер Франция елшілігіне Әблязовты депортацияламау туралы үндеулер жасап, петиция тапсырды.
2013 жылы 31 мамыр күні Италия полициясы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуаны Римде тұрып жатқан жерінен ұстап, Қазақстанға депортацияланған еді. Бұл іс Италияда шу туғызып, осы елдің ішкі істер министрлінің жоғары лауазымды шенеунігі қызметінен кетті. Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың отбасын Қазақстанға депортациялау туралы заңсыз шешімнің күшін жоятынын да мәлімдеген. 2013 жылы 18 шілде БҰҰ адам құқықтары бойынша сарапшылары Алма Шалабаеваны қайтаруды сұрады.