3 мамыр – Баспасөз еркіндігі күні. «Әділ сөз» ұйымының өкілі «Қазақстандағы ақпарат құралдарының еркіндігі 2012 жылы тарылып кетті» дейді.
«Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) сөз еркіндігін қорғайтын халықаралық ұйымы мамырдың 3-і күні ақпараттың еркін таралуын шектеп отырған «жыртқыштардың» тізімін жариялады.
Тізімге журналистердің құқығын бұзған 39 саясаткер, президент, діни жетекші, қарулы тұлға мен қылмыстық топтар кірді. Бұл тізімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.
Қазақстандағы «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының қызметкері Елена Малыгина Азаттық тілшісіне Қазақстандағы сөз еркіндігі туралы сұхбат берді.
- Малыгина ханым, Қазақстандағы сөз еркіндігінің қазіргі жай-күйін қалай бағалайсыз?
- Оппозициялық бұқаралық ақпарат құралдары жабылғалы жағдай нашарлап кетті. Қазақстан баспасөзіндегі журналистердің өз-өзіне цензура жасайтын әдетіне енді соттардың соққысы қосылды. Соттан зәрезап болған журналистер «Қолға қалам алып бірдеңе жазудың қажеті бар ма өзі?» деп ойлайды. Әлде бәріміз «Хабарда» істегеніміз жөн бе? Сондықтан біздегі сөз еркіндігі шектелген десек болады.
- Қазақстандағы сөз еркіндігі ахуалының нашарлауына қандай жағдайлар себеп болды деп ойлайсыз?
- Прокуратураның «Республика», «Взгляд», «Стан.кз» басылымдарына қарсы былтырғы бір ғана талап-арызы көп жағдайдан хабар береді. Бұл басылымдардағы мақалалардың экстремистік бағытын ешкім дәлелдеген жоқ, бірақ олар бәрібір жабылды. Сот отырыстарына Қазақстан заңдарымен жақсы таныс халықаралық ұйымдардың өкілдері, атап айтқанда «Артикль19» мүшелері қатысты. Адвокаттардың қойған сұрақтарына судьяның берген жауаптарын естіп, олар жағасын ұстады. «Бұл қалай? Бұлай болуы мүмкін емес!» деп таңғалды. Сот аяқталған соң қолдарына тиген құжаттарды қарап шыққан олар «Бұлай болмауы тиіс! Бұлай болмайды» деп қайран қалысты.
- «Диффамацияны декриминализациялау» терминінің мағынасын түсіндіріп бере аласыз ба? Қазақстанда диффамация туралы баптардан қылмыстық жауапкершілікті алып тастау туралы уәделердің айтылып келе жатқанына көп жылдар болды. Оған не кедергі?
- «Диффамацияны декриминализациялау» ұғымы аздаған құқық бұзушылыққа жол берген журналисті қылмыстық жауапкершілікке тартпай, ары кеткенде оған әкімшілік жаза тағайындаумен шектелу дегенді білдіреді. Яғни жала жапқаны үшін қылмыстық кодексте қарастырылған жауапкершілікті әкімшілік кодекске (жауапкершілікке - ред.) ауыстыру. Бұл әңгіменің айтылғанына көп жыл болды. Бірақ әзірше оған әлі қол жеткізе алмай келеміз. Заңға енгізілген соңғы түзетулерде диффамация үшін жауапкершілік, керісінше, күшейтілген. Бұл ұғымнан қылмыстық сипатты алып тастауға ықпал етуге үкіметтік емес ұйымдар тырысып-ақ келеді. «Әділ сөз» ұйымы кіретін «Конституцияның 20-бабы» коалициясы және басқа да қоғамдық ұйымдар диффамация ұғымынан қылмыстық сипатты алып тастау жөніндегі ұсыныстар әзірлеп, бас прокуратураға тапсырды.
- Қазақстандағы сөз еркіндігі қай бағытта дамып келеді деп есептейсіз?
- Бейнелей айтсақ, Freedom House ұйымы шығаратын картадағы Қазақстанның орны сөз еркіндігі бар елдер қатарында емес. Ол тіпті сөз еркіндігі сәл де болсын рұқсат етілген елдер қатарында да жоқ. Турасын айтқанда, біз сөз еркіндігі жолымен дамып келе жатқан жоқпыз. «Республика», «Взгляд», «Правда Казахстана», «К-плюс», «Стан» және басқа ақпарат ресурстарына тыйым салынуы - осының айғағы.
- Сұхбатыңызға рахмет.