Оппозициялық газеттің қызметі тоқтатылды

«Ашық алаң» («Трибуна») газетінің тілшісі Инга Иманбай. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл.

Алматының әкімшілік соты «Ашық алаң» («Трибуна») оппозициялық газетінің қызметін тоқтатып, иесіне ірі айыппұл салды. Құқық қорғаушылар мен газет қызметкерлерінің айтуынша, бұл істің саяси астары бар.
Қыркүйектің 23-і күні Алматы қаласы әкімшілік сотының судьясы Ақнәзік Қоразбаева «газеттің иесі Әсем Әлмұхаметқызы БАҚ туралы заңды бұзды» деген айыппен «Ашық алаң» («Трибуна») газетінің қызметін үш айға тоқтату туралы шешім шығарып, басылым иесіне 100 айлық есептік көрсеткіш (1 мың 130 долларға жуық) көлемінде айыппұл салды.

ТАРАПТАРДЫҢ УӘЖІ

Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекшісі Бақытжан Ақжаров сотта «Ашық алаң» («Трибуна») газетінің иесі қалалық басқарма мен мәдениет және ақпарат министрлігіне газеттің 2013 жылдың 10 шілдесі мен 21 тамызы аралығында шықпайтынын ескертпеді» деп мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, басылым иесі өкілетті органға газеттің шыға алмайтыны туралы ескертуі тиіс, егер шығу жиілігін өзгертуді ұйғарса, тіркеуден қайта өтуі тиіс.

– Басылымды есепке алған кезде ол апта сайын шығады деп белгіленген. Алайда 2013 жылдың 10 шілдесінде газеттің кезекті 26-саны шықты. Заң

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы өкілі Бақытжан Ақжаров. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл.

бойынша олар келесі санын келесі аптада шығаруы тиіс болатын. Бірақ газеттің келесі саны (27-саны) тамыздың 21-інде ғана шықты, – деді әкімшілік іс бойынша сотқа шағым түсірген Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының атынан келген Бақытжан Ақжаров.

«Ашық алаң» («Трибуна») газетінің тілшісі, сотта басылым иесінің мүддесін қорғаған Инга Иманбай бұл айыптауды теріске шығарады. «Газетті шығаруды 17 шілдеден 21 тамызға ғана ауыстырдық. Бұл жайында демалысқа кетер алдында арнайы хабарландыру жариялау арқылы газет оқырмандары да, Алматы әкімдігі де ескертілді. Газеттің әр санының бір данасы міндетті түрде жіберілетіндіктен, әкімдік те ескертілді» деп түсіндіреді Инга Иманбай.

Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің «тәуелсіз» газетке таққан айыбы «күлкілі» және «мағынасыз».

– Бұл арада ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Алматы қаласы әкімдігінің шағымында саяси астар бар. Бір жылдың ішінде газетті жұрт танып, таралымы 20 мыңға жетті. Билікті сынағандықтан жақпай қалды, – дейді Инга Иманбай.

СЫЛТАУ ІЗДЕУ

«Ашық алаң» («Трибуна») газеті ісіне қатысты процесті бақылаған «Әділ сөз» құқық қорғау ұйымының заңгері Ганна Красильникованың айтуынша, сот шешімі

«Әділ сөз» құқық қорғау ұйымының заңгері Ганна Красильникова. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл.

ол үшін жаңалық болмаған. Оның айтуынша, заңдарда саяси астар-сылтау жазылмағанымен, оларды мұндай әкімшілік немесе азаматтық соттардан анық байқауға болады.

– Азаматтық процестерде әдетте прокуратура, ал әкімшілік істерде әкімдіктер шағымданады. Мұның билікшіл ақпарат құралдарына қатысы жоқ. Есесіне соңғы екі жылда билікті сынаған газет, сайттар жабылды немесе қызметін тоқтатты, – дейді Ганна Красильникова.

Прокурор Марлен Кәрімов соттан кейін Азаттық тілшісіне бұл істе «Ашық алаң» газетінің иесі жіберген әкімшілік заң бұзушылық қана барын айтты. Ол Азаттық тілшісінің «істің саяси астары болғандықтан, газетке тым ауыр жаза сұрады» деген сөзге түсінік беру туралы өтінішіне:

– Бап санкциясында 100-ден 200-ге дейін АЕК қарастырылған. Бұл бап бойынша

Прокурор Марлен Кәрімов. Алматы, 23 қыркүйек 2013 жыл.

газеттің қызметі міндетті түрде уақытша тоқтатылады, – деп жауап берді.

«Ашық алаң» («Трибуна») газетінің редакторы Жанболат Мамай «Істің саяси астары бар, 10 күн ішінде сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіреміз. Бірақ газет сот процедуралары аяқталғанша шыға береді» дейді.

РЕПРЕССИЯНЫ ТОҚТАТУҒА ШАҚЫРУ

Тамыз айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Шығу деректерін жариялау тәртібін бұзғаны үшін» оппозициялық «Правдивая газета» басылымының қызметін үш ай мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдаған. Жыл басында шығу мерзімі тәртібі бұзылды деген айыппен «Правда Казахстан» газетінің қызметі тоқтатылды. Екі жағдайда да талап-арызды Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы берді.

«Әділ сөз» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калееваның айтуынша, билік әрекетінде алалау бар.

– Өкінішке орай, біздің заңдарымызда қоғамға да, азаматқа да, мемлекетке де ешқандай зардап әкелмейтін техникалық сипаттағы ұсақ-түйек кемшіліктер үшін

«Әділ сөз» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева. Алматы, 23 шілде 2013 жыл.

тәркілеу, қызметін тоқтату және жабу сияқты аса қатал санкциялар қарастырылған нормалар бар. Жаңадан шығып жатқан тәуелсіз оппозициялық басылымдар солардың желеуімен жабылады. Әрі бұл нормаларды алалап пайдаланылады. Билікпен ниеттес басылымдар «демалысқа кетіп барамыз» жазса – жеткілікті. Ал билікті сынайтын басылымға бұлай деп жазу – жеткіліксіз, – дейді ол.

Тамара Калеева биліктің оппозициялық «Ашық алаң» газетін қуғындауынан» саяси астар көреді. «Елде заңдар да билікке жақпайтын ақпарат құралдарын қуғындау құралына айналғанын» айтқан Тамара Калеева:

– Менің пайымдауымша, «Республиканы» [оппозициялық газет] талқандағаннан кейін билік наразылық білдіретін ақпараттық алаң бос қалады деп күтсе керек. Оның орнын жас басылымдар басты, – дейді.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 3 мыңға жуық ақпарат құралы тіркелген. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан үкіметін сөз еркіндігі мен басқа да негізгі адам құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде алған міндеттемелерін орындауға шақырады.