Қазақстандық кәсіпкерлердің айтуынша, Өзбекстаннан жеміс-жидек, тауар алып өтудің машақаты көп. Ал мамандар екі ел арасындағы кеденде қағазбастылық пен заң қайшылығын жою керек деген пікірде.
Алматының көк базарын Өзбекстаннан әкелінген жүзім, абрикос, персик, өрік жаулап алған. Әрқайсының килограмы кем дегенде 250 теңге тұрады. Ал Шелек пен Ұзынағашта өскен өріктерді 150-200 теңгеге таба аласыз. Базар ішінде саудагерлер Ташкенттен әкелген жемістерінің «керемет дәмін, тазалығын» мақтап, жұртқа жарнамалап жатыр. Жергілікті тұтынушылардың арасында тарихи түрде өзбекстандық өрік-мейіздің "дәмі ерекше екені" туралы пікір кең тараған. Бірақ елдің басқа аймағындағы тұрғындарымен салыстырғанда әлеуметтік жағдайы жақсырақ саналатын алматылықтардың өзі өзбекстандық жеміс-жидектің бағасы шырқап кетті деп налиды. Ал саудагерлер Азаттық тілшісіне «Ташкент жемістерінің бағасы кедендегі қиындыққа сай өсіп кететінін" айтады.
«КЕДЕНДЕ ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ КӨП»
Қазақстандық кәсіпкер Мирағзам Мирзаев үш жылдан бері Өзбекстаннан жеміс-жидек әкеліп, сауда саттық жасайды. Ол Азаттық тілшісіне соңғы уақытта кеденнен тауар өткізу қиындап кеткенін айтады.
- Негізі Өзбекстаннан жүзім, алма, өрік, қауын-қарбыз алып келемін. Тауарды кеденнен өткізу жағы қиын. Қағазбастылық көп. Ал кәсіпкерлерге «Өзбекстаннан алып келген жемістерді Қазақстанда қымбатқа сатасыңдар» деп айыптайды. Өзбекстанда бір қарбыз 800 сом (шамамен – 57 теңге). Ал Қазақстанда қарбыздың бір килограмы – 50 теңге. Өзбекстанда «ризамат» деген жүзім сорты бар. Оның Өзбекстандағы бір килограмы – 350 теңге. Ал Қазақстанда 1300 теңгеге сатып жатырмыз. Себебі жемістерді кеденнен өткізу қымбат. Баж салығы мен салық та көп. Сол шығындардың барлығын есептеп, бағасы қымбат болады, - дейді жеке кәсіпкер.
Қазақстан және Өзбекстан мамандары да кеденнен тауар өткізудің қиын екеніне назар аударады. Шілденің 18-і күні Алматыда өткен Өзбекстан мен Қазақстанның тауар айналымын өсіру жолдары туралы дөңгелек үстелге келген өзбекстандық экономист, профессор Назир Ибрагимов Азаттыққа берген сұхбатында кеденнен тауар өткізудің негізгі мәселелерін тізіп шықты.
- Екі ел арасындағы кеден жұмысында біраз мәселе бар. Ол – қағазбастылық, көп тексеріс және коррупция. Мәселен, тауарды кедендік рәсімдеуге керекті құжаттың саны шамадан тыс көп. Шекарадан өткенде транспорттық, фитосанитарлық, ветеринарлық тексерістер тағы бар. Алып келе жатқан жүктер шекарада ұзақ уақыт тұрып қалады. Одан кейін тауарды тез алып өту үшін пара береді. Бұл мәселе бұрыннан бар. «Көбі Кеден Одағы құрылған соң өзбек-қазақ шекарасынан тауар кіргізу қиындап кетті» деп айтады. Бұл мәселелер бұрыннан бар, оған Кеден Одағының еш қатысы жоқ. Мәселелерді шешу үшін екі елдің билігі араласу керек. Екі ел арасында жаңа келісімдер жасалғаны жөн, - деді өзбек маманы.
Назир Ибрагимовтың айтуынша, Өзбекстан үшін Қазақстан – экспорт көлемі бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші ел.
«ТІКЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚАЖЕТ»
Ал Қазақстан экономикалық даму және сауда министрлігінің дерегіне сүйенсек, екі ел арасындағы сауда саттық жыл сайын өсіп келеді. 2010 жылы тауар айналымы бір жарым миллиард доллардай болса, былтыр бұл сома екі жарым миллиард доллардан асқан. Сөйте тұра екі ел арасында тауар рәсімдеуге қатысты көп мәселе әлі шешілмеген.
Қазақстанның Өзбекстанмен сауда айналымының статистикасы ( әр жылға шаққанда миллион АҚШ долларымен)
Министрлік өкілі Даур Чигамбаев екі ел арасындағы тауарды кеденде рәсімдеуге кететін ұзақ уақытты қысқарту керек деп санайды.
- Өзбекстаннан тауар өткізуге кем дегенде бес күн керек. Бір құжат дұрыс болмай қалса тағы да тұруы мүмкін. Бұл жерде ұтылатын кәсіпкер. Кейде Өзбекстанның кедендік заңы Қазақстанға қайшы келіп қалады. Немесе керісінше. Мысалы, Қазақстан азаматтары Өзбекстаннан тауар алып шығу үшін арнайы төлем береді. Оның көлемі – 300 доллар. Сондықтан екі елдің заңдарын қайта қарап, бір келісімге келген жөн, - деді Чигамбаев Азаттық тілшісіне шілденің 18-і күні.
Жоғарыда аталған дөңгелек үстелге қатысқан Өзбекстанның сауда, инвестиция және ішкі экономикалық байланыс министрлігінің өкілі Бахтиёр Юнусов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттықты жақсарту үшін делдалдықты жойып, тауарларды мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша тікелей тасымалдау керек деп санайды. Бірақ мұндай ұсыныстың жүзеге асуы күмәнді. Өйткені бұл екі елдің экономикалық жүйесі 1991 жылдан бері екі бөлек жолмен қалыптасып келеді. Қазақстан билігі нарықтық, ал Өзбекстан жоспарлы экономика жүйесін ұстанады.
Қазақстан экономикалық даму және сауда министрлігіне қарасты «Сауда саясатын дамыту орталығының» дерегіне сүйенсек, Қазақстан 2012 жылы Өзбекстанға 372,8 мың тонна мұнай, 1242,9 тонна ұн, 614 мың тонна бидай экспорттаған. Ал былтыр Қазақстан Өзбекстаннан 1589,1 мың тонна газ, 82 мың тонна жүзім, 41,3 тонна шие импорттаған.

Your browser doesn’t support HTML5