Қаңтардың 3-і күні Алматыда ҰҚК-нің шекара қызметінің басшысы Тұрғанбек Стамбековпен және оның әйелі Сәуле Стамбековамен қоштасу рәсімі өтті.
Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара академиясында өткен қоштасу рәсіміне марқұмның туыстары, әріптестері, әскери сала мамандары, қарапайым азаматтар қатысты.
Жиналған жұрт 52 жасында апаттан қаза тапқан Тұрғанбек Стамбековтың 83 жастағы әкесі Мұхамедқали Нұрғалиұлына, ұлы Алмас және қызы Халидаға, б
ауырларына көңіл айтып, марқұмның шекара қызметіне сіңірген еңбегін еске алды.
- Біздің әрқайсымыз полковник Стамбековтың биографиясын, адамгершілік және кәсібилік қасиеттерін жақсы білеміз. Көбіміз онымен бірге қасиетті отанымыздың шекара өтінде күрескерлік жолдан өттік... Ол ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметінің тарихында мәңгі қалады, - деді ҰҚК басшысы Нұртай Әбіқаев.
«ӘСКЕРИ АВИАЦИЯНЫ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯҒА ӨТКІЗУ КЕРЕК»
ҰҚК-нің шекара қызметі төңірегінде қоғамды алаңдатқан оқиғалар жиілеген тұста кейбір саясаткерлер "шекара қызметін ҰҚК-нің қарамағынан бөлу керек" деген ұсыныс көтерген еді.
Шымкентте ұшақ апаты болған күннің ертеңінде мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев әскери, әуе көліктерінің барлығын қорғаныс министрлігінің құзырына беру туралы айтқан.
Парламент мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл "бұл ұсыныстың тиімсіз тұстары бар" екенін айтты.
- Мұны ел басшылары басында жасаған. ҰҚК-нің қарамағында ерекше заңдар қабылданды. Мұның жауапкершілігі ерекше. Сондықтан шекара қызметін ҰҚК-ден бөлектетудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әскери адамдар ҰҚК-нің ең бірінші
сапында тұруға тиіс. Өзге мемлекеттерде де сондай. Сондықтан ҰҚК тікелей бұған (шекара қорғау қызметіне - ред.) жауапты және оны орындай алады, - дейді Бақытбек Смағұл.
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың ойынша, "одан гөрі әскери авиацияны азаматтық авиацияның құзырына беру мәселесін қарастырған дұрысырақ".
- Азаматтық ұшақтар күнде ұшып жатыр. Олардың тексерілуі де ерекше. Олардың бір заты ақау беретін болса, дереу сол арада ауысуын талап етеді. Мүмкін, сол жағынан қадағалау солардың бақылауында болған дұрыс, - дейді Бақытбек Смағұл.
Депутаттың ойынша, "Қазақстан техниканы дамыған елдерден алуға тиіс, болашақта өзі шығарғаны дұрыс".
«ШЕКАРАНЫҢ ҚОРДАЛАНЫП ҚАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Ал ҰҚК-нің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев "ұшу аппараттарының барлығын бір ведомствоға бағындыру тиімсіз" екенін, "екі органды бір-бірінен бөлу түбегейлі өзгерістер жасамайтынын" айтты. Оның ойынша, "шекара қызметі мен ҰҚК-нің функциялары мазмұны жағынан бір-біріне жақынырақ, сондықтан шекара қызметін ҰҚК-ден бөлгеннен қандай да бір оң әсер бола қоймайды".
- Себебі қарулы күштердің функциясы - мүлде басқа. Сол сияқты ішкі істер министрлігі мен шекара қызметінің, т.б. ұшу аппараттарының қызметтері мүлде бөлек. Айталық, шекара қызметінің ұшу аппараттары шекарада қандай да бір оқиға
болған кезде әскерлерді тезірек дислокация жасауға арналған. Бізде шекарада қандай да бір оқиға болып, шекара қызметін нығайту керек болған кезде оны күзетумен айналысатын "Боран" арнайы бөлімшесі бар. Ал егер олардың бәрін белгілі бір құрылымға біріктірсек, тек бейберекет болады. Пайдалы жағы аз болады, - деді Нартай Дүтбаев.
Бұрынғы ҰҚК төрағасы "жаңадан ғана күрделі жөндеуден өткен ұшақ апаты техникалық ақаумен байланысты деп ойламайтынын" айтты.
- Мұнда қалай болғанда әскерилердің жалпы жағдайына қатысты тұстар бар. Ол үшін күн сайын сұранысқа сай, табанды түрде кадрлармен жұмыс жасау қажет. Әскерилерге тән үнемі қатал тәртіп керек, - деді Нартай Дүтбаев.
Оның ойынша, "ауыс-түйіс, қысқа мерзімдік шаралар жүргізуден шекара қызметінің қордаланып қалған мәселелері шешілмейді - жүйелі жұмыс қажет".
Желтоқсанның 25-і күні ҰҚК шекара қызметіне қарасты "Ан-72" әскери-жүк ұшағы Шымкент қаласының маңында апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапты.
ҰҚК-нің баспасөз қызметі қаңтардың 3-і күні ұшақ апатынан қаза тапқан 27
азаматтың барлығының денесі табылып, туыстарына көрсетілгенін, жақындарының танығанын хабарлады.
Қазір қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Ұшақ апатынан қаза тапқан 27 азаматтың бірі Тұрғанбек Стамбеков Арқанкерген шекара постындағы төтенше оқиғаға байланысты ҰҚК төрағасының орынбасары Нұржан Мырзалиев отставкаға кеткен соң, 2012 жылы маусым айында шекара қызметінің басшылығына тағайындалған еді.