Қазақстандағы адам құқығы мәселесі Германия парламентінде талқыланды. Оған біраз жыл Қазақстанда тұрған германиялық азаматтық белсенді Дагмар Шрайбер де қатысты.
Наурыздың 10-ы күні Бундестагта Қазақстандағы адам құқығы мәселесін талқылаған отырыста ол елдегі Жасылдар партиясы депутаттары, Human Rights Watch ұйымының өкілдері қатысты. Қазақстаннан ол жиынға ешкім бармады.
Талқылауға Қазақстанда біраз жыл тұрған азаматтық белсенді Дагмар Шрайбер де қатысты. Ол «Көкжайлауды қорғайық» экологиялық қозғаласына қатысқаны үшін «әлеуметтік араздықты қоздыру» айыбына ілігіп, Қазақстаннан кеткен еді.
Дагмар Шрайбер Азаттыққа берген сұхбатында Еуропарламент мүшелері Қазақстандағы адам құқығы мәселелері бойынша наурыз айының соңында Астанаға баруды жоспарлағанын да айтты.
Азаттық: - Жиында қандай негізгі мәселелер талқыланды?
Дагмар Шрайбер: - Жасылдар партиясының мүшелері Қазақстандағы адам құқықтары мәселесін талқылады. Жиынға Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілі Хью Уильямсон қонақ ретінде қатысты. Ол Қазақстандағы адам
құқығы жағдайына қатысты ауқымды әрі орынды сараптама жасады. Жекелеген мысалдар арқылы соңғы үш жылда бұл салада жағдай қатты нашарлағанын көрсетіп, көптеген Батыс елдерінің оған аса қатты көңіл бөлмейтінін айтты. Себебі Қазақстанның ресми саясаты алаңдауға негіз бермей отыр.
Бұл тұрғыдан алғанда Жасылдар партиясының үстірт қарамай, тәуелсіз сарапшылардың көмегімен Германия сыртқы саясатына өзіндік үлес қосуға дайын екені қуантады.
Human Rights Watch та бұдан жақсы хабардар. Бұл олардың Қазақстандағы құқық қорғаушыларымен тығыз байланыста екенін көрсетеді.
Хью Уильямсон Қазақстандағы адам құқығы бюросы кеңесінің төрағасы Евгений Жовтистің Брюссельде 12 ақпанда Еуропарламентте оқыған, Қазақстандағы адам құқықтары жайлы баяндамасында айтқан сөздерін еске салып шықты. Отырыста елдегі сөз бостандығы, бейбіт жиын, ар ұждан мен сенім еркіндігі,
сайлау механизмдерінің соңғы жылдары өрескел шектеліп келе жатқанын айтты. Әсіресе жақында қабылданатын қылмыстық кодекске байланысты азаматтық құқық пен құқық қорғаушылардың өздеріне қауіп төніп тұрғаны сөз болды.
Азаттық: - Парламентарийлердің реакциясы қандай болды?
Дагмар Шрайбер: - Жасылдар партиясы өкілдері Бундестагқа сауал дайындап, Германия үкіметінен Қазақстандағы адам құқығының бұзылуына қатысты көзқарасын сұрайтынын айтты. Бундестагтағы ережеге сәйкес, мұндай сауалдан кейін үкімет ол мәселелерді талқылап, кесімді жауабын беруі тиіс.
Азаттық: - Неге Германиядағы депутаттар мен азаматтық белсенділер Қазақстандағы адам құқығына мәселелеріне алаңдайды?
Дагмар Шрайбер: - «Жасылдар» әріге көз жүгіртеді. Қазіргі заманында барлығы да бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстан мен Германия арасында 2012 жылы шикізат технологиясы бойынша әріптестік орнату туралы келісім-шартқа қол қойылды. Германия Қазақстанның шикізаты болмаса, әсіресе сирек металдары болмаса, өзінің жоғары технологиялық өндірісін қамтамасыз ете алмайды. Ол
Қазақстанның шикізат ақысын ақшамен ғана емес, барлау, шикізат өндіру мен өңдеу технологиясы арқылы да өтейді. Бірақ шикізат ақысын елдегі адам құқығының жағдайына қатысты тіс жармай, үнсіздікпен өтемеуі тиіс.
Елден шикізат алып, адам құқығына қатысты үндемей қалу - бұл «жасылдардың» тұрақты идеологиясына ғана емес, сонымен бірге жалпыадамзаттық моральдық кодекске қайшы.
«Жасылдар» жағдайды бақылап отыратынын атап өтті. Бірнеше жылдан бері Еуропа Одағы пен Қазақстан арасында адам құқығы мәселелері бойынша диалог жүріп келеді. Бұл диалог көзбояушылыққа айналмас үшін бақылап отыру керек. Қазақстандағы адам құқығы бюросы кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис Брюссельде оқыған баяндамасында айтқандай, барлық демократияға бағыт алған және Қазақстандағы озық ойлайтын азаматтардың, шетелдегі әріптестеріміздің мүддесіне орай, қауіпсіздік, тұрақтылық пен еліміздің тұрақты дамуы үшін билікке «дұрыс бағыт таңдауына көмектесу керек». Бұл адам құқығы саласындағы заңнаманы халықаралық стандартқа сәйкестендіріп, институттарды реформалауға, саяси тұтқындар болмауға мүмкіндік береді. Бұл – ел дамуына керек шарттардың бірі. Онсыз Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде қабылдамайды.
Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет!